Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета"

Бұйрық · № 14-1/358 · қабылданған 24.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59995/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета" Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-1/358 ·24.06.2011
11.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-1/358 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета"
Атауы (қаз.)
"Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14-1/358
Қабылданған күні
24.06.2011
Көрсетілген редакция
11.12.2015 AI59995_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007091
ЭКБ идентификаторы
59995
Редакция идентификаторы
AI59995_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:07

0 "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Мейрембеков Қ.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр                                    А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
бұйрығымен бекітілген
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 14-1/358
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленді.

Осы регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ағаш кесу билеті – орман пайдаланушыға сүрек (кәделік және отындық қабығымен), кесім қалдықтарын (бұтақ отындар), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және тасып әкетуге құқық беретін құжат;
мемлекеттік қызмет көрсету – ағаш кесу және орман билетін беру;
орман билеті – жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттік орман қоры учаскелерін аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар қажеттігі үшін пайдалануға құқық беретін құжат;
орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды және жеке тұлғалар.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары ұсынады (бұдан әрі - орман иеленушілер).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мына негіздерде ұсынылады:

1 1) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 36 бабы;

2 2) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысына (бұдан әрі - Өсіп тұрған сүректі босату ережесі);

3 3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 291 қаулысы;

4 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 «Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» қаулысы (бұдан әрі – Қаулы).

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында басқа органдардың қатысуы қарастырылмаған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

6

6. Мемлекеттік қызмет көрсету және ұсынылатын құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің - www.minаgri.gov.кz, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің интернет-ресурстарында - www.fhc.кz және орман иеленушілер кеңселерінің қабырға тақталарында берілген.

7 7. Мемлекеттік қызмет алуды күту уақытының максималды уақыты – 30 (отыз) минут;

мемлекетік қызмет алушыға қызмет көрсетудің максималды уақыты – 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы ұсынылатын құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды бір маман жүзеге асырады.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ағаш кесу билетін немесе оның дубликатын және орман билетін (қағаз жүзінде) беру немесе берілмейтіндігі туралы хат жүзінде дәлелді жауап беру болып табылады.

Қаулымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемінде ұсынбау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

10 10. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін стандарттың 11-тармағында анықталған құжаттар тізімін тапсыру керек.

11 11. Тұтынушының құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат, мемлекеттік қызмет алу күні және тіркелген нөмері мен күні көрсетілген талон болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет тәртібін сипаттау

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) қабылданған құжаттар қарастырылады, орман иеленуші кеңсесінде маман қадағалауға алады;

2 2) тиісті түрде ресімделген, тіркелген құжаттар орман иеленушінің басшысына және содан кейін орман пайдалану жөніндегі инженерге беріледі;

3 3) орман пайдалану жөніндегі инженер тапсырылған құжаттардың дұрыс толтырылғанын және толықтығын тексереді, ағаш кесу және орман билетін жазып береді немесе орман иеленуші басшысының қолымен жазбаша түрдегі дәлелді бастарту дайындайды;

4 4) ресімделген ағаш кесу билетіне немесе орман билетіне орман иеленуші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырады.

13 13. Ағаш кесу және орман билеті бір нөмірмен үш дана толтырылады:

1

1) біріншісі – тұтынушыға беріледі, ол оны орман пайдаланудың соңына дейін сақтайды және орман иеленуші, орман шаруашылығы саласының уәкілетті органдары мен оның аймақтың органдарының лауазымды тұлғаларының, орман және табиғат күзетін бақылаудың мемлекеттік бақылау органдары өкілдерінің талаптары бойынша көрсетіледі;

2 2) екіншісі – орманшылыққа жіберіледі, ол участокты беру, орман пайдалануға рұқсат беруге негіз болады және орманшы оны орман иеленушіге ағашы кесілген жерді куәландыру актісімен бірге тапсырады;

3 3) үшіншісі – орман иеленушіде қалдырылады, оны операция біткені туралы толтырылған ағашы кесілген жер мен сүрек дайындалғанын куәландырған актісімен және басқа орман пайдалану түрлерімен орман иеленушінің бухгалтерлік есеп қызметі бөліміне сақталуы үшін өткізіледі.

14 14. Ағаш кесу және орман билеті компьютердің көмегімен толтырылады, ол болмаған жағдайда – көк түсті шарикті қаламмен толтырылады, түзетуге жол берілмейді.

15

15. Ағаш кесу немесе орман билетін берер кезде орман иеленуші тұтынушыны Өсіп тұрған сүректі босату ережесімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 25-2-02171 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6840 тіркелген Қазақстан Республикасы ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырады, ол туралы тұтынушы билетке қол қояды.

16 16. Ақпарат қауіпсіздігін талап ету қарастырылмаған.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттестірілген (бұдан әрі – ҚФБ):

1 1) кеңсе маманы;

2 2) орман иеленуші басшысы;

3 3) орман пайдалану жөніндегі инженері.

18 18. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.

19 ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі

19. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сұлба, осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызметі регламентіне
1-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ле­гі­нің) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет­тің № (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ле­гі­нің)
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Кан­це­ля­рия ма­ма­ны
Ор­ман ие­ле­ну­ші бас­шы­сы
Ор­ман пай­да­ла­ну жөн ін­де­гі ин­же­нер
Ор­ман ие­ле­ну­ші бас­шы­сы
Ор­ман пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ин­же­нер
3
Іс-әре­кет­тің ата­уы (про­це­стің,  рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ны ) және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­тер­дің , ұсы­ны­ла­тын құ­жат­тар­ды қа­был­дау, кө­шір­ме­лер­ді түп­нұс­қа­лар­мен са­лы­сты­ру, жур­нал­ға тір­кеу
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­мен та­ны­су
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және ре­сім­де­лу дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру
Қа­рал­ған құ­жат­тар­мен та­ны­су
Ағаш ке­су және/неме­се ор­ман би­ле­тін (дуб­ли­ка­тын) тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә лі­мет­тер, құ­жат, ұ йым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Тұ­ты­ну­шы­ға та­лон бе­ру
Қа­рар­ды қою
Ағаш ке­су жә не/неме­се ор­ман би­ле­тін (дуб­ли­ка­тын) жа­зып бе­ру, неме­се дәлел­ді бас тар­ту дай­ын­дау
Ре­сім­делг ен құ­жат­қа қол қою және мөр мен куә лан­ды­ру
Тұ­ты­ну­шы ағаш ке­су неме­се ор­ман би­ле­тіне қол қою
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 ми­нут
1 күн
1 күн
1 күн
30 ми­нут
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі жұмыс барысы – мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім бекітілген жағдайда
Негіз­гі жұ­мыс ба­ры­сы (ба­ры­сы, жұ­мыс ле­гі)
1
2
3
4
5
Кан­це­ля­рия ма­ма­ны
Ор­ман ие­ле­ну­ші бас­шы­сы
Ор­ман пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ин­же­нер
Ор­ман ие­ле­ну­ші бас­шы­сы
Ор­ман пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ин­же­нер
№1 іс-әре­кет
Өті­ніш­тер­ді, ұсы­ны­ла­тын құ­жат­тар­ды қа­был­дап, кө­шір­ме­ні түп­нұс­қа­мен са­лы­сты­рып, жур­нал­ға тір­кеп, та­лон бе­ре­ді (30 мин)
№ 2 іс-әре­кет
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­мен та­ны­са­ды, қа­ра­ды қо­яды (1 күн)
№ 3 іс-әре­кет
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және ре­сім­де­лу дұ­ры­стығ­ын тек­се­ре­ді, ағаш ке­су және/неме­се ор­ман би­ле­тін (дуб­ли­ка­тын) жа­зып бе­ре­ді, неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дай­ды (1 күн)
№ 4
іс-әре­кет
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­мен та­ны­са­ды, ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ға қол қо­яды және мөр­мен ку­әлан­ды­ра­ды (1 күн)
№ 5
іс-әре­кет
Ағаш ке­су және/неме­се ор­ман би­ле­тін (дуб­ли­ка­тын) тұ­ты­ну­ш­ға бе­ру, ағаш ке­су және/неме­се ор­ман би­ле­т­ін­де қол қо­яды (30 мин)
3–кесте. Пайдалану нұсқалары Баламалы процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім бекітілген жағдайда
Ба­ла­ма­лы про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ле­гі)
Кан­це­ля­рия ма­ма­ны
Ор­ман ие­ле­ну­ші бас­шы­сы
Ор­ман пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ин­же­нер
№ 1 іс-әре­кет
Өті­ніш­тер­ді, ұсы­ны­ла­тын құ­жат­тар­ды қа­был­дап, кө­шір­ме­ні түп­нұс­қа­мен са­лы­сты­рып, жур­нал­ға тір­кей­ді және та­лон бе­ре­ді (30 мин)
№ 2 іс-әре­кет
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­мен та­ны­са­ды, қа­рар­ды қо­яды (1 күн)
№ 3 іс-әре­кет
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және дай­ынды­ғын тек­се­ре­ді, ағаш ке­су және/неме­се ор­ман би­ле­тін (дуб­ли­ка­тын) жа­зып бе­ре­ді неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дай­ды (1 күн)
№ 4 іс-әре­кет
Дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қо­яды
№ 5 іс-әре­кет
Тұ­ты­ну­шы­ға дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ре­ді
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызметі регламентіне
2-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сұлба

Қолданыстағы