Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил учреждения охранных организаций национальными компаниями

Қаулы · № 909 · қабылданған 04.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60016/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Правил учреждения охранных организаций национальными компаниями Күшін жойған Қаулы ·№ 909 ·04.08.2011
20.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил учреждения охранных организаций национальными компаниями

Күшін жойған Қаулы ·№ 909 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил учреждения охранных организаций национальными компаниями
Атауы (қаз.)
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы және "Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
909
Қабылданған күні
04.08.2011
Көрсетілген редакция
20.11.2024 60016_730564.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000909
ЭКБ идентификаторы
60016
Редакция идентификаторы
60016_730564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:50

0 Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы

«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 17-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы бекітілсін.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.09 N 1421 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3 3. Осы қаулы 2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 4 тамыздағы
№ 909 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы

1 1. Осы Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Ұлттық компания Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұлттық компаниялар тізбесіне енген жағдайда ғана ол күзет ұйымын құруға құқылы.

3 3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымын құруына мынадай шарттарды сақтаған жағдайда:

1 1) күзет ұйымы күзет қызметінен өзге қызметті жүзеге асыратын ұлттық компанияның еншілес ұйымы болып табылса;

2 2) күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын ұйымның күзет қызметтері көрсетілетін ұлттық компанияның құрылтайшылары не ұлттық компанияның лауазымды тұлғалары болып табылса;

3 3) күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) құрылатын ұйымның күзет қызметтері көрсетілетін ұлттық компания және олармен аффилирленген заңды тұлғалар болса жол беріледі.

4 4. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) алдын ала келісіледі.

5 5. Ұлттық компания күзет ұйымын құруды келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1 1) күзет ұйымын құруды келісу үшін еркін нысандағы өтінішті;

2 2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі;

3 3) өтініш берушінің осы Қағиданың 3-тармағында белгіленген шарттарға сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың көшірмелерін;

4 4) объектілердің (атауы, орналасқан жері), оның ішінде құрылатын күзет ұйымына күзетуге беру жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.

6 6. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган тізімдеме бойынша қабылдайды, оның көшірмесін өтініш берушіге береді.

Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жою үшін оларды өтініш берушіге қайтарады. Өтініш беруші кемшіліктерді жойған кезде құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес қаралады.

7 7. Уәкілетті орган құжаттардың толық пакеті ұсынылған күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды қарайды, одан кейін ұлттық компанияға күзет ұйымын құруға келісуін немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.

Уәкілетті орган ұлттық компанияның күзет ұйымын құруына дәлелді бас тартуды:

1 1) өтініш беруші осы Қағиданың 2-тармағына сәйкес келмеген;

2 2) осы Қағиданың 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер шынайы ұсынылмаған жағдайларда береді.

Күзет ұйымын құру жөнінде бас тартылған жағдайда ұлттық компания осы Қағиданың талаптарына сәйкес уәкілетті органға құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.

8 8. Ұлттық компания біреуден артық күзет ұйымына құрылтайшы бола алмайды.

Қолданыстағы