Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оценки деятельности членов наблюдательного совета и определения лимита выплаты вознаграждения членам наблюдательного совета

Қаулы · № 876 · қабылданған 29.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60030/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил оценки деятельности членов наблюдательного совета и определения лимита выплаты вознаграждения членам наблюдательного совета Күшін жойған Қаулы ·№ 876 ·29.07.2011
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оценки деятельности членов наблюдательного совета и определения лимита выплаты вознаграждения членам наблюдательного совета

Күшін жойған Қаулы ·№ 876 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оценки деятельности членов наблюдательного совета и определения лимита выплаты вознаграждения членам наблюдательного совета
Атауы (қаз.)
Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
876
Қабылданған күні
29.07.2011
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI60030_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000876
ЭКБ идентификаторы
60030
Редакция идентификаторы
AI60030_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:52

0 Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидасын бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 148-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 шілдедегі
№ 876 қаулысымен
бекітілген
Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 148-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестері мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібін айқындайды.

1

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестері мүшелерінің қызметін бағалау, байқау кеңестерінің мүшелері қызметінің тиімділігін және сыйақы мөлшерін айқындау мақсатында жүзеге асырылады, жыл сайын мемлекеттік кәсіпорындардың аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

2 2. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру тәртібі

2 2. Байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалауды осы қызметтегі оның бір жылдық жұмыс қорытындылары бойынша жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүргізеді.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің қызметіне бағалау жүргізу мақсатында тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) құрамын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) қалыптастыратын және бекітетін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

3 3. Комиссия алқалық орган болып табылады.

4 4. Комиссия құрамына міндетті түрде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысының орынбасары енгізіледі.

5 5. Комиссия төрағасы оның қызметін басқаратын, Комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысын жоспарлап, Комиссия шешімін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшының орынбасары болып табылады.

6 6. Комиссияның күн тәртібін, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия мүшесі болып табылмайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

7 7. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда жүргізіледі. Отырысқа қызметіне Комиссия бағалау жүргізетін байқау кеңесінің мүшесі қатысады.

8 8. Комиссия төрағасы Комиссия отырысының өту уақытын айқындайды.

9 9. Хатшы Комиссия отырысына қатысу үшін Комиссия мүшелеріне, байқау кеңесінің мүшесіне шақыру жібереді.

10 10. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері мен оның хатшысы қол қоятын хаттама жасалады.

11

11. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, Комиссияның кез келген мүшесі жазбаша түрде жазылып, Комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркелуі тиіс болатын ерекше пікірге құқығы бар. Комиссия мүшесі болмаған жағдайда Комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі мен осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі.

12 12. Байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалау мынадай түрде жүргізіледі:

1 1) Комиссияның байқау кеңесі мүшесінің және мемлекеттік кәсіпорын басшысының жылдық есебін қарауы;

2 2) Комиссияның мүшелерінің байқау кеңесі мүшесінің қызметіне балдық жүйе бойынша бағалау жүргізуі;

3 3) Комиссияның байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалауды қорытындылауы.

13 13. Байқау кеңесі мүшесінің жылдық есебінде мынадай ақпарат қамтылуы тиіс:

байқау кеңесінің жұмысына қатысу;
мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысына байқау кеңесінің мүшесі дайындаған мәселелер, сондай-ақ олар бойынша қабылданған шешімдер, байқау кеңесінің мүшесі берген, қабылданған шешімдердің мемлекеттік кәсіпорын қызметіне үлесі, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның қызметін жетілдіру бойынша байқау кеңесі мүшесінің іске асырылған ұсыныстарының әсері;
мемлекеттік кәсіпорынды дамыту бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар.

14 14. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының есебінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның есепті жылдағы қызметі туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

15 15. Есептерді тыңдау қорытындысы мен мұндай есептерде айқынсыздықтардың туындауы бойынша Комиссия мүшелері байқау кеңесінің мүшесіне және мемлекеттік кәсіпорын басшысына сұрақтар қояды.

16 16. Байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалау үшін Комиссия мүшелері бағалаудың үш балдық жүйесін қолданады.

17 17. Алқалық талқылау нәтижесі бойынша Комиссия мүшелері мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің қызметін қорытынды бағалау парағында осы Қағиданың қосымшасына сәйкес балл қояды және балдардың жалпы сомасын шығарады.

18 18. Мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің қызметін қорытынды бағалау парағында оның қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тізбесі қамтылады.

19 19. Байқау кеңесі мүшесінің қызметін қорытынды бағалау парағына Комиссия төрағасы, оның орынбасары, Комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.

20 20. Байқау кеңесі мүшесінің қызметіне бағалау жүргізу қорытындысы жалпы баллдар сомасына негізделеді:

10-нан 12 баллға дейін – байқау кеңесінің мүшесі мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәселелері бойынша құзыретті, мемлекеттік кәсіпорынның және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) мүддесінде байқау кеңесінде өзіне жүктелген функцияларды шеберлікпен орындайды;
6-дан 9 баллға дейін – байқау кеңесінің мүшесі мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәселелері бойынша құзыретті, бірақ мемлекеттік кәсіпорын туралы негіз қалаушы шешімдер қабылдауға белсенді қатыспайды;
0-ден 5 баллға дейін – өзіне жүктелген міндеттерге ықылассыз қарайды.

21 21. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының байқау кеңесінің мүшесі ретінде қызметін бағалау жүзеге асырылмайды.

Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) өкілі болып табылатын байқау кеңесі мүшесінің қызметін бағалауды, тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) Комиссия мәлімет үшін жолдайды.

22 22. Байқау кеңесі мүшесін бағалау нәтижелері туралы есепті тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесінің мүшесіне өткен жұмыс кезеңіне сыйақы мөлшерін айқындау кезінде қолданады және жиналған балл санын негізге алып айқындайды:

10-нан 12 баллға дейін – сыйақы мөлшері тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) айқындайтын байқау кеңесінің мүшесіне сыйақы төлеу лимитіне барабар 75-тен 100 пайызына дейін құрайды;
6-дан 9 баллға дейін – сыйақы мөлшері тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) айқындайтын байқау кеңесінің мүшесіне сыйақы төлеу лимитіне барабар 40-тан 75 пайызына дейін құрайды;
0-ден 5 баллға дейін – сыйақы мөлшері тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) айқындайтын байқау кеңесінің мүшесіне сыйақы төлеу лимитіне барабар 0-ден 40 пайызына дейін құрайды.

3 3. Байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібі

23

23. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке аударғаннан кейін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның билігінде қалған таза табыстың бір бөлігінің бес пайызынан аспауы тиіс шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы лимитін айқындайды.

24 24. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның бір жылдың қорытындысы бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижесі болған кезде жүзеге асырылады.

25 25. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысына, сондай-ақ мемлекеттік қызметші болып табылатын байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді.

1 20___ жылғы байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау парағы*

Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін
бағалау және байқау кеңесінің
мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін
айқындау қағидасына қосымша
20___ жылғы байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау парағы*
Т.А.Ж. ______________
Ұйым ______________
р/с

Көр­сет­кіш­тер
Тү­сін­дір­ме
Балл
1
2
3
4
1.
Бай­қау ке­ңе­сі мү­ше­сі­нің функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рін орын­да­уы
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі өзіне жүк­тел­ген мін­дет­тер­ді то­лық кө­лем­де орын­да­ды және бай­қау ке­ңе­сі­нің бар­лық оты­ры­ста­ры­на бел­сен­ді қа­ты­сты
2
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі өзіне жүк­тел­ген мін­дет­тер­ді адал орын­да­ды, бі­рақ бай­қау ке­ңе­сі­нің оты­ры­ста­ры­на ен­жар қа­ты­сты, бай­қау ке­ңе­сі­нің бар­лық оты­ры­ста­ры­на қа­тыс­қан жоқ
1
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі өзіне жүк­тел­ген мін­дет­тер­ді орын­да­ма­ды және бай­қау ке­ңе­сі­нің оты­ры­ста­ры­на қа­ты­спа­ды
0
2.
Бай­қау ке­ңе­сі мү­ше­сі­нің мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның бай­қау ке­ңе­сіне шы­ға­ры­ла­тын мә­се­ле­лер­ді тал­қы­ла­у­ға қа­ты­суы
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі қой­ы­л­ған мақ­сат­тар­ға же­ту­ге түрт­кі болған жа­ңа­шыл ұсы­ны­стар­ды үне­мі ұсын­ды және бай­қау ке­ңе­сі­нің ше­шім­де­рін қа­рау және дай­ын­дау ке­зін­де кә­сі­би бі­лі­мін ба­рын­ша пай­да­лан­ды
2
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның қыз­ме­ті үшін ай­тар­лық­тай емес си­патта ұсы­ны­стар ен­гіз­ді
1
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі қой­ы­л­ған мақ­сат­тар­ға же­ту­ге түрт­кі бо­ла­тын­дай жа­ңа­шыл ұсы­ны­стар ен­гіз­бе­ді
0
3.
Бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі тал­қы­лау ба­ры­сын­да қа­жет­ті­лі­гі туын­да­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның бай­қау ке­ңе­сіне шы­ға­ры­ла­тын мә­се­ле­лер бой­ын­ша қо­сым­ша ма­те­ри­ал­дар дай­ын­да­уы
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі дай­ын­да­ған ма­те­ри­ал­дар са­па­лы бол­ды, қа­ра­ла­тын мә­се­ле­лер бой­ын­ша дұ­рыс және негіз­ді ше­шім қа­был­дау үшін нақ­ты негіз­де­ме­ле­рі бар, то­лық кө­лем­де ұсы­ныл­ды
2
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі дай­ын­да­ған ма­те­ри­ал­дар ше­шім қа­был­дау үшін негіз­де­ме­ле­рі жет­кі­лік­сіз бол­ды
1
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі бай­қау ке­ңе­сіне ма­те­ри­ал­дар ұсын­ба­ды
0
4.
Нәти­же­сін­де мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын үшін ти­ім­ді болған бай­қау ке­ңе­сі мү­ше­сі­нің ба­ста­ма­ла­ры
мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі ба­ста­ма жа­са­ған ұсы­ны­стар­ды іс­ке асы­ру­дан бел­гі­лі бір пай­да ал­ды неме­се ала­ды
2
мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі ба­ста­ма жа­са­ған ұсы­ны­стар­ды іс­ке асы­ру­дан бел­гі­лі бір пай­да ал­ған жоқ неме­се ал­май­ды
1
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі­нен ба­ста­ма­шы­лық ұсы­ны­стар жыл бойы түс­кен жоқ неме­се бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі ба­ста­ма жа­са­ған ұсы­ны­стар­ды іс­ке асы­ру мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның қыз­ме­тіне ке­рі әсер ет­ті
0
5.
Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның ими­джін жақ­сар­ту­ға бай­қау ке­ңе­сі мү­ше­сі­нің әсе­рі
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның ими­джін жақ­сар­ту бой­ын­ша сын­дар­лы ұсы­ны­стар бер­ді, мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның ими­джін жақ­сар­ту бой­ын­ша кон­фе­рен­ци­я­лар­ға, оты­ры­стар­ға бел­сен­ді қа­ты­сты
2
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның ими­джін жақ­сар­ту бой­ын­ша негіз­сіз ұсы­ны­стар бер­ді, кон­фе­рен­ци­я­лар­ға, оты­ры­стар­ға, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­на қа­ты­сты, бі­рақ мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның ими­джін жақ­сар­ту бой­ын­ша қа­ты­спа­ды
1
бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның ими­джін жақ­сар­ту бой­ын­ша еш­қан­дай ұсы­ны­стар бер­ме­ді, мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның ими­джін жақ­сар­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ға қа­ты­спа­ды
0
6.
Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ды шы­ғын­ға ұшы­ра­тқан ше­шім­дер­ге бай­қау ке­ңе­сі мү­ше­сі­нің қа­ты­су дә­ре­же­сі
мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ды шы­ғын­ға ұшы­ра­тқан ше­шім­дер бой­ын­ша қар­сы да­уыс бер­ді
2
мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ды шы­ғын­ға ұшы­ра­тқан ше­шім­дер бой­ын­ша да­уыс бе­ру ке­зін­де қа­лыс қал­ды.
Егер, бай­қау ке­ңе­сі­нің мү­ше­сі бір жыл бойы бай­қау ке­ңе­сі­нің бар­лық ше­шім­де­рі бой­ын­ша қа­лыс қа­луы 50% бол­са, он­да осы көр­сет­кіш бой­ын­ша балл 0 кө­ле­мін­де ай­қын­да­ла­ды
1
мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ды шы­ғын­ға ұшы­ра­тқан ше­шім­дер бой­ын­ша оң да­уыс бер­ді
0
7.
Жиы­ны
Комиссия төрағасы                        ____________
қолы
Комиссия төрағасының орынбасары          ____________
қолы
Комиссия мүшелері                        ____________
қолы
Комиссия хатшысы                         ____________
қолы
_______________________________________________________________
*Бағалау байқау кеңесі отырысының хаттамалары негізінде жүргізіледі. Отырыс хаттамаларында отырыстың жүргізілу барысы, сондай-ақ күн тәртібі мен байқау кеңесінің отырысына шығарылатын мәселелер бойынша жазбаша түрде баяндалған байқау кеңесінің отырысына байқау кеңесі мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары қамтылуы тиіс.

Қолданыстағы