Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Управления Делами Президента Республики Казахстан

Қаулы · № 906 · қабылданған 04.08.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60033/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Некоторые вопросы Управления Делами Президента Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 906 ·04.08.2011
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Управления Делами Президента Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 906 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Управления Делами Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
906
Қабылданған күні
04.08.2011
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI60033_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000906
ЭКБ идентификаторы
60033
Редакция идентификаторы
AI60033_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:49

0 Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорын) осы қаулының қосымшасына сәйкес қайта аталсын.

2

2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы кәсіпорындарға және «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) кәсіпорындар мен «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғыларына тиісті өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2 2) кәсіпорындардың мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4

5 Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының қайта аталатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi                             К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 4 тамыздағы
№ 906 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының қайта аталатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi

1

1. «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.

2 2. «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.

3

3. «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Қазiргi заманғы медициналық технологияларды енгiзу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Медициналық орталығының «Қазiргi заманғы медициналық технологияларды енгiзу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.

4

4. «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.

Қолданыстағы