Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типового договора организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа

Қаулы · № 716 · қабылданған 27.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60054/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Типового договора организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа Күшін жойған Қаулы ·№ 716 ·27.06.2011
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типового договора организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа

Күшін жойған Қаулы ·№ 716 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типового договора организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа
Атауы (қаз.)
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
716
Қабылданған күні
27.06.2011
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI60054_4.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000716
ЭКБ идентификаторы
60054
Редакция идентификаторы
AI60054_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:07

0 Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 716 қаулысымен
бекітілген
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты
_______________                          ________________________
(қала)                                 (күні: күні, айы, жылы)
Бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын __________________ атынан
(жергілікті атқарушы органның атауы)
________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құжаттың атауы)
________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган өкілінің лауазымы)
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «Тасымалдаушы» деп аталатын
_________________________________________________________ атынан
(заңды тұлғаның атауы, ЖД)
________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құжаттың атауы)
басшы __________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

1 1. Шарттың мәні

1.1 1.1. Ұйымдастырушы жалпы пайдаланымдағы тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығын береді, ал тасымалдаушы өзіне төменде көрсетілген маршруттар бойынша тасымалдарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді қабылдайды.


Марш­рут нө­мiрi
Марш­рут­тың ата­уы
Жұ­мыс іс­тей­тін ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар, трол­лей­бу­стар са­ны

2 2. Тараптардың міндеттері

2.1 2.1. Тасымалдаушы:

2.1.1 2.1.1. Автокөлік құралдарының техникалық жарамды күйін қамтамасыз етуге және жай-күйі белгіленген техникалық, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес автокөлік құралының маршрутқа шығуына жол бермеуге;

2.1.2 2.1.2. Автокөлік құралдары жүргізушілеріне алдын ала және кезеңділікпен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеру жүргізілуін, олардың еңбек және тынығу режимінің сақталуын қамтамасыз етуге;

2.1.3 2.1.3. алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.03.2014 № 230 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2.1.4 2.1.4. Багаждың уақтылы тасымалдануын және сақталуын қамтамасыз етуге;

2.1.5 2.1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңілдіктер беруге;

2.1.6

2.1.6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде – өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін электронды түрде сатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыруға.

2.1.7 2.1.7. Жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерін жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбіртегінде тіркеуге;

2.1.8 2.1.8. Жарияланған тарифтерді сақтауға және тарифтердің алдағы өзгеруі туралы жолаушыларды алдын-ала хабардар етуге;

2.1.9 2.1.9. Тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілеуге;

2.1.10 2.1.10. Тасымалдау үшiн автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың осы шартта көзделген санын және типiн (класын) пайдалануға.

2.1.11 2.1.11. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс кестесін сақтауға.

2.1.12 2.1.12. Белгiленген талаптарға сәйкес автобустарда, троллейбустарда, шағын автобустарда маршруттар көрсеткiштерiнiң, салондарда – жолаушылар үшiн қажеттi ақпарат тiзбесiнiң болуын қамтамасыз етуге.

2.1.13 2.1.13. Автокөлік құралдарын шұғыл ден қоятын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықтауға.

2.1.14 2.1.14. Тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпарат бере отырып, автокөлік құралдарын қозғалыс жылдамдығы, маршрутының және кестесінің сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен жабдықтауға.

2.1.15 2.1.15. Ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.

2.2 2.2. Ұйымдастырушы:

2.2.1 2.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды отырғызудың және түсірудің белгіленген пункттерін ресімдеуді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге;

2.2.2 2.2.2. Автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың белгіленген қозғалыс кестесiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2.2.3 2.2.3. Тасымалдаушыны жол жүрісі жағдайының, тасымалдың, маршруттар сызбасының және қозғалыс кестесінің өзгеруі туралы уақтылы хабардар етуге;

2.2.4 2.2.4. Күнтізбелік он күн ішінде Тасымалдаушының маршруттарда туындайтын проблемалар бойынша өтінішін және тасымалдарды жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға міндетті.

2-1 2-1. Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар

2-1.1 2-1.1. Тасымалдаушы екі жылдан аспайтын уақыт өткен соң маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес жаңартуға міндетті.

3 3. Тараптардың құқықтары

3.1 3.1. Тасымалдаушы:

3.1.1 3.1.1. Ұйымдастырушыға тарифтерді және жолаушылардың жол жүру құнын, қозғалыс кестелерін өзгерту және маршруттарда жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыруға бағытталған басқа да шаралар бойынша негізделген ұсыныстар беруге;

3.1.2 3.1.2. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай тынығуға және еңбек жағдайына;

3.1.3 3.1.3. Жолаушылардың қоғамдық тәртіпті және Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын талап етуге құқылы.

3.2 3.2. Ұйымдастырушы:

3.2.1 3.2.1. Осы Шарт талаптарының бұзылғаны анықталған кезде Ұйымдастырушы белгіленген мерзімде оларды жоюға тасымалдаушыны міндеттеуге құқылы.

4 4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1 4.1. Тасымалдаушымен осы Шарттың елеулі талаптары бұзылғаны үшін Ұйымдастырушы осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзады. Бұл ретте Ұйымдастырушы ол туралы Тасымалдаушыны күнтізбелік он күн бұрын алдын-ала хабардар етеді.

Осы Шарттың елеулі талаптарының бұзылуы:
маршрут тұрақтылығының төмендігі (айына жетпіс пайыздан кем);
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттің орындалмауына байланысты тасымалдаушының кiнәсiнен адам өлiмi орын алған жол-көлiк оқиғаларының (ЖКО) болуы;
осы шарттың 2.1.1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды маршрутта бір жылда үш және одан көп рет пайдалану;
үшінші тараптарға маршрутта (маршруттарда) жұмыс істеу құқығын беру болып табылады;
жүргiзушiнiң (жүргізушілердің) кiнәсiнен бір маршрутта адам өлiмi болған жол-көлiк оқиғасының (ЖКО) бір жыл ішінде үш және одан көп рет болуы;
осы шарттың 2.1.1-тармағының талаптарын орындамау болып табылады.
Осы Шарт Конкурсқа қатысуға өтінімде жалған ақпарат ұсынылған факт анықтаған жағдайда да мерзімінен бұрын бұзылады.

5 5. Шарттың ерекше талаптары және орындау тәртібі

5.1 5.1. Осы Шартқа кез келген толықтырулар мен (немесе) өзгерістер жазбаша түрде жасалады, екі тарап растайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

5.2 5.2. Кестелер, маршруттар бойынша қозғалыстың және тарифтiк кестенің схемалары, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың типi (класы) мен саны осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке қосымшада келтiрiледi.

Егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген тариф тасымалдау, сондай-ақ жолаушылар мен багажды жеңiлдiкті шарттарда немесе тегiн тасымалдау шығындарын жаппаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартта тасымалдаушыға өтем төлеу мөлшерi мен мерзiмдерi көзделеді.

5.3 5.3. Осы Шарттың орындалуы жөніндегі барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

5.4 5.4. Осы Шартта Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да талаптарды белгілеуі мүмкін.

5.5 5.5. Осы Шарт және оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді Тараптар үшін міндетті болады.

5.6 5.6. Осы Шарт бірдей заңды күші бар 2 данада жасалды.

5.7 5.7. Осы Шарттың түсіндірудің мазмұнын анықтау кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда ___________________

(тілді көрсету)
мәтініндегі нұсқаның басым күші болады.

5.8 5.8. Осы үлгі шарттың 2.1-тармағының 2.1.13. және 2.1.14-тармақшаларының талаптары 2015 жылдағы 1 қаңтардан бастап жасалатын шарттарға қатысты қолданысқа енгізіледі.

6 6. Шарттың қолданылу мерзімі

6.1 6.1. Осы Шарт кемінде 3 жыл мерзімге жасалады:

Қолданылуының басталуы _______________________
Қолданылуының аяқталуы _______________________

6.2 6.2. Осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту кезінде шарттың қолданылуы 10 жылға ұзартылады.

7 7. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері

Ұйымдастырушы                                 Тасымалдаушы
Қолы ________                                 Қолы _______
М.О.                                          М.О.

52 Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту бойынша кесте

Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына
1-қосымша
Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту бойынша кесте
Ав­то­бу­стар­ды, ша­ғын ав­то­бу­стар­ды, трол­лей­бу­стар­ды пай­да­ла­ну мер­зі­мі
Ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар, трол­лей­бу­стар са­ны*
2-3
4-6
7-10
11-15
16-25
26-50
51 және одан көп
7 жы­л­ға дей­ін
+
+
+
+
+
+
+
7 жыл­дан 12 жы­л­ға дей­ін
50%
25%
20%
20%
20%
20%
20%
12 жыл­дан 15 жы­л­ға дей­ін
-
25%
25%
25%
24%
22%
21%
15 жыл­дан астам
-
-
-
4%
6%
10%
15%
«+» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды,
троллейбустарды пайдалануға рұқсат етіледі;
«-» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды,
троллейбустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
* - автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың жалпы
санынан белгіленген пайыздық мәндегі автобустардың, шағын
автобустардың, троллейбустардың санын анықтаған кезде мәні 0,5 және
одан көп болса, саны ұлғаю жағына қарай анықталады (1 автобус, шағын
автобус, троллейбус).

53 Маршрут пен тарифтiк кесте бойынша кестелерде, қозғалыс схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) және саны жөніндегі ақпарат

Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына
2-қосымша
Маршрут пен тарифтiк кесте бойынша кестелерде, қозғалыс схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) және саны жөніндегі ақпарат

1 1. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың кестелерінде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1 1) маршруттың атауы;

2 2) аялдама пункттерінің атауы;

3 3) аялдама пункттерінің бір-бірімен арақашықтығы;

4 4) рейс бойынша келу, тоқтап тұру, жөнелу, жүру уақыты, орташа жүру жылдамдығы бойынша бір бағытта және кері бөлу;

5 5) жылдық, тоқсандық, айлық, апталық немесе күндік өлшемдегі маршрутты жүзеге асыру мерзімділігі;

6 6) тасымалдаушының атауы;

7 7) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

2 2. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс сызбаларында мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1 1) маршруттың атауы;

2 2) аялдама пункттердің атауы;

3 3) тасымалдаушының атауы;

4 4) қауіпті учаскелер және олардың сипаттамасы;

5 5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

3 3. Тарифтiк кестеде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1 1) маршруттың атауы;

2 2) аялдама пункттердің атауы;

3 3) тасымалдаушының атауы;

4 4) жолаушылардың жол жүру, багажды алып жүру және жолаушылардың жеңілдетілген жол жүру құны;

5 5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

4 4. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) бойынша ақпарат:

1 1) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың мемлекеттік нөмірі;

2 2) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың типi (класы);

3 3) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың шығарылған жылы;

4 4) автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың саны.

Қолданыстағы