Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы на правом берегу Бухтарминского водохранилища в створах от поселка Октябрьский до плотины Бухтарминской гидроэлектростанции Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 152 · қабылданған 14.07.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60073/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы на правом берегу Бухтарминского водохранилища в створах от поселка Октябрьский до плотины Бухтарминской гидроэлектростанции Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 152 ·14.07.2011
22.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы на правом берегу Бухтарминского водохранилища в створах от поселка Октябрьский до плотины Бухтарминской гидроэлектростанции Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 152 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы на правом берегу Бухтарминского водохранилища в створах от поселка Октябрьский до плотины Бухтарминской гидроэлектростанции Зыряновского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
152
Қабылданған күні
14.07.2011
Көрсетілген редакция
22.12.2016 60073_165719.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11V0002551
ЭКБ идентификаторы
60073
Редакция идентификаторы
60073_165719
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:59

0 Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасында (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар белгіленсін:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) «Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасында (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г. В. Пинчукке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясының бастығы
Д. Тілеубаев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің директоры
Т. Ерубаев

7 Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 152 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен
бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі
тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау
аймағы мен су қорғау белдеуі
№ р/с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені (метр)
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені (метр)
Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасы, оң жағалауы
25,6
2086,0
250-1400
55,12
254,3
35-75
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасының бастығы
В. Чернецкий

Қолданыстағы