Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области регулирования рынка зерна, безопасности и качества хлопка

Бұйрық · № 18-03/276 · қабылданған 19.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60087/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области регулирования рынка зерна, безопасности и качества хлопка Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-03/276 ·19.05.2011
03.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области регулирования рынка зерна, безопасности и качества хлопка

Күшін жойған Бұйрық ·№ 18-03/276 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области регулирования рынка зерна, безопасности и качества хлопка
Атауы (қаз.)
Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-03/276
Қабылданған күні
19.05.2011
Көрсетілген редакция
03.07.2015 AI60087_4.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007067
ЭКБ идентификаторы
60087
Редакция идентификаторы
AI60087_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:19

0 Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;

2 2) осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен соң ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ресми интернет–ресурсына жариялауды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі С.С. Хасеновқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрiнің     Экономикалық даму және
міндетін атқарушы                сауда министрінің міндетін
атқарушы
____________ Е. Аман             ____________ М. Құсайынов

10 Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 18-03/277 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің м.а.
2011 жылғы 16 маусымдағы № 170
Бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1 1. Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдері) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде жасалды.

2 2. Бақылау субьектілерін тәуекел топтарына бөлу бастапқы бөлу кезінде объективті өлшемдер және кейінгі бөлу кезінде субъективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.

Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері 2 тәуекел дәрежесі топтарына бөлінеді:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне астық қабылдау кәсіпорындары жатады;

2 2) төмен тәуекел дәрежесіне астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар жатады.

3 3. Кейінгі бөлу кезінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүргізілген тексеру қортындысы бойынша есептелген баллдың жиынтығына байланысты, өлшемдер қосымшасына сай бақылау субъектілеріне бөлінеді:

жоғарғы тәуекел дәрежесіне 45 және одан жоғары балл;
орташа тәуекел дәрежесіне 25-тен 45 баллға дейін;
төмен тәуекел дәрежесіне 25 баллдан төмен.

4 4. Бір тәуекел деңгейі бар субъектілерді тексеруді жоспарлау басымдығы үшін:

1 1) тексеру барысында анықталған жеке кәсіпкерлік субъектілері жіберілген өлшемдер талаптарының бұзылуы;

2 2) астық нарығына қатысушылар тарапынан өтініш, шағымдардың болуы;

4 4) ең жоғары балл жиынтығы негіз болып табылады.

5 5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.

21 Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Астық нарығын реттеу
бойынша жеке кәсіпкерлік
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдеріне қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Өл­шем­дер ата­уы
Өл­шем­дер­дің та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі бал­дар­мен ба­ға­ла­на­ды
Астық қа­был­дау кә­сі­по­рын­да­ры
1
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша ав­то­мо­биль­дер және те­мір жол­дар та­разыс­ын­да жүк­тер­ді өл­ше­удi тiр­кеу жур­на­лын тол­ты­ру*
5
2
Та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк­құ­жат­та­ры­ның бо­луы
5
3
Ор­та­ша тәулiк­тiк сы­на­ма­сы бой­ын­ша са­па­сын ай­қын­дай оты­рып, бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен қа­был­дан­ған астық­қа жүк­құ­жат­тар тiзiлi­мiн жа­сау*
10
4
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша астық­тың зерт­ха­на­лық тал­дау нәти­же­лерiн тiр­кеу жур­на­лын тол­ты­ру*
5
5
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша астық­ты та­за­лау, кеп­тi­ру ак­тiле­рін жа­сау*
5
6
Астық­тың сан­дық-са­па­лық есе­бі­нің кі­та­бын жүр­гізу­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды сақ­тау
20
7
Астық­тың сан­дық-са­па­лық есебi­нің ны­сан­да­рын, жур­нал­да­рын және кі­тап­та­рын сақ­та­удың бел­гі­лен­ген мер­зім­де­рін сақ­тау*
5
8
Астық­ты ти­еп жө­нел­ту­ге алын­ған бұй­рық­тар­дың есе­бі жур­на­лын тол­ты­ру
5
9
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша астық қол­хат­та­ры­ның ті­зі­лі­мін жа­сау**
20
10
Астық қол­хат­та­рын бе­ру­ге және ре­сім­де­у­ге, сон­дай-ақ астық қол­хат­та­ры­ның ті­зі­лі­мін жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­ды анық­тай­тын іш­кі құ­жат­тың бо­луы
5
11
Та­за және бү­лін­ген, сон­дай-ақ өтел­ген астық қол­хат­та­ры блан­кі­ле­рін сақ­та­у­ға жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­ды анық­тай­тын іш­кі құ­жат­тың бо­луы
5
12
Астық қол­хат­та­ры­ның та­за блан­кі­ле­рін ті­ке­лей астық қа­был­дау кә­сі­пор­нын­да сақ­тау
5
13
Астық қол­хат­та­ры­ның бү­лін­ген блан­кі­ле­рін астық қа­был­дау кә­сі­пор­нын­да бес жыл сақ­тау
5
14
Өтел­ген астық қол­хат­та­рын астық қа­был­дау кә­сі­пор­нын­да бес жыл сақ­тау
5
15
Астық­ты сақ­тау ке­зін­де бір­тек­ті пар­ти­ядан алын­ған ор­та­ша сы­на­ма бой­ын­ша ай­ы­на бір рет то­лық тех­ни­ка­лық тал­дау жүр­гі­зі­л­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы
3
16
Астық­ты сақ­та­удың қы­сқы жағ­дай­ы­на ауы­сты­ру бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды уа­қы­тын­да жүр­гі­зу
10
17
Астық қой­ма­ла­ры ала­ңы­ның (астық қа­был­дау пунк­ті­нің) 10 %-ы кө­ле­мін­де бос қой­ма сый­ым­ды­лы­ғы­ның, эле­ва­тор­лар­да – сүр­лем үст­ін­де­гі транс­пор­тер­дің әр­қай­сысы­на ең ке­мін­де бір бос сүрлем­нің бо­луы
5
18
Астық қой­ма­ла­ры­ның және оның бар­лық тех­но­ло­ги­я­лық же­лі­ле­рі­нің жа­рам­ды күйі
5
19
Астық­ты зи­ян­кестер­мен за­лал­да­нуы­на ба­қы­ла­уды уа­қы­ты­лы жүр­гі­зу­ді рас­тай­тын құ­жат­ты тол­ты­ру
10
20
Сақ­та­уда­ғы астық­тың тем­пе­ра­ту­ра­сын ба­қы­ла­уды уа­қы­ты­лы жүр­гі­зу­ді рас­тай­тын құ­жат­ты тол­ты­ру
10
21
Астық қол­хат­та­ры ті­зі­лі­мі­нің де­ректе­ріне сәй­кес астық­тың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
20
22
Астық қол­хат­та­рын ұста­у­шы­лар ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­у­ға ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сіне қа­ты­су шар­ты­ның неме­се астық қол­хат­та­рын ұста­у­шы­лар ал­дын­да­ғы аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның бо­луы
10
23
Астық қой­ма­сын­да (эле­ва­тор­ға, астық қа­был­дау пунк­тіне) мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы
10
24
Үшiн­шi тұ­лға­лар­дың мiн­дет­те­ме­лерi бой­ын­ша мүлiк­тi ке­пiл­ге са­лу­дың жоқ­тығ­ын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бо­луы
10
25
Астық­тың кез кел­ген кө­ле­мін (мем­ле­кет­тік ре­сур­стар­дың астығ­ын сақ­тай­тын астық қа­был­дау кә­сі­по­рын­да­ры үшін) ти­еп-жө­нел­ту­ді астық на­ры­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­мен ке­лі­сі­л­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы
10
26
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың (астық та­за­лау ма­ши­на­ла­ры, астық кеп­ті­ру жабды­ғы), са­лы­сты­рып тек­се­рі­л­ген та­ра­зы жабды­ғы, ти­еу-тү­сі­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры, кө­тер­гіш-кө­лік жабды­ғы, жы­л­жы­ма­лы кө­лік жабды­ғы­ның бо­луы
20
27
Сақ­тау ке­зін­де астық­тың тем­пе­ра­ту­ра­сын және ылғал­ды­лы­ғын ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған ақа­у­сыз жаб­дық­тың бо­луы
10
28
Астық са­па­сын ай­қын­да­у­ға ар­нал­ған, өл­ше­улер жай-күйі ба­ға­ла­удан өт­кен және:
ти­пін бе­кі­ту мақ­са­тын­да сы­нақ­тар­дан неме­се мет­ро­ло­ги­я­лық ат­те­стат­та­удан өт­кен, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету жүй­е­сі­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген және бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тек­се­рі­л­ген зерт­ха­на­лық жаб­дық­пен және ас­пап­тар­мен (ылғал өл­ше­гіш­тер­мен, кеп­ті­ру шкаф­та­ры­мен, зерт­ха­на­лық та­ра­зы­лар­мен, дән­ді ұн­тақ­та­у­ға ар­нал­ған ди­ір­мен­дер­мен, еле­уіш­тер жиын­тығ­ы­мен, сы­на­ма ірік­те­гіш­тер­мен, ыдыс­тар­мен, ақуыз құ­ра­мын, дән ма­ңы­зы­ның құ­ра­мы мен са­па­сын, құ­лау са­нын анық­та­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­лар­мен, астық­тың за­лал­да­нуын анық­та­у­ға ар­нал­ған оп­ти­ка­лық ас­пап­тар­мен), астық үл­гі­ле­рін сақ­та­у­ға ар­нал­ған сө­ре­лер­мен жаб­дық­тал­ған өн­ді­рі­стік-тех­но­ло­ги­я­лық зерт­ха­на­ның бо­луы (зерт­ха­на­да­ғы өл­шеу құ­рал­да­ры­ның жай-күйі ту­ра­лы ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі ұсы­ны­ла­ды)
20
29
Ти­іс­ті бі­лі­мі бар тех­ни­ка­лық бас­шы­лар­дың бiлiк­тi құ­ра­мы­ның бо­луы
5
30
Ти­іс­ті бі­лі­мі бар тех­ни­ка­лық ма­ман­дар­дың бiлiк­тi құ­ра­мы­ның бо­луы
5
31
Өт­кі­зу ре­жи­мі­нің бо­луы
3
32
Аумақ қор­ша­уы­ның бо­луы
3
Астық са­па­сын са­рап­тау жө­нін­де­гі ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лар
33
Зерт­ха­на­ның ак­кре­дит­теу ат­те­ста­ты­ның бо­луы
10
34
Сы­на­ма ірік­тен ак­ті­ле­рі­нің бо­луы
5
35
Астық сы­на­ма­сын тір­кеу жур­на­лы­ның бо­луы
3
36
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша сы­на­ма­лар хат­та­ма­ла­рын тол­ты­ру неме­се тi­гiл­ген, нө­мiр­лен­ген және зерт­ха­на мең­ге­ру­шiсiнiң қо­лы­мен бекiтiл­ген сы­на­ма нәти­же­ле­рін тір­кеу жур­на­лын тол­ты­ру***
3
37
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша астық са­па­сы пас­порт­та­рын ре­сім­деу***
10
38
Бе­рі­л­ген астық са­па­сы пас­портт­та­ры­ның кө­шір­ме­ле­рі­нің бел­гі­лен­ген сақ­тау мер­зі­мін сақ­тау
5
39
Астық са­па­сы пас­пор­ты­ның әре­кет ету мер­зі­мі­нің ішін­де жө­нел­тiл­ген және сақ­та­уда­ғы пар­ти­я­лар­ға буып-түй­ген және мөр­ле­ген астық сы­на­ма­ла­рын сақ­тау
5
40
Буып-түй­ген және мөр­ле­ген астық сы­на­ма­ла­рын са­па бой­ын­ша кел­іс­пе­ушiлiк­тер ке­зін­де – түсiнiс­пе­ушiлiк­тер­дi қа­ра­уды то­лық аяқ­та­ған­ға дей­iн сақ­тау
5
Ескертпе:
* - «Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысы;
** - «Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу қағидаларын, астық қолхаттарының үлгіcіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1395 қаулысы;
*** - «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 337 қаулысы.

22 Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 18-03/277 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің м.а.
2011 жылғы 16 маусымдағы № 170
Бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1 1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдері) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде жасалды.

2 2. Осы өлшемдерде мынандай ұғымдар қолданылады:

1

1) мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел – оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсететін мақта өңдеу ұйымдары;

2 2) бақылау субъектілері – мақта өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар.

2 2. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына жатқызу бастапқы бөлу кезінде объективті өлшемдер және кейінгі бөлу кезінде субъективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.

Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері 2 тәуекел дәрежесі топтарына бөлінеді:

1 1) орташа тәуекел дәрежесіне:

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу бойынша қызмет көрсететін мақта өңдеу ұйымдары;
мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беретін сарапшы ұйым жатады;

2 2) төмен тәуекел дәрежесіне мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар жатады.

3 3. Кейінгі бөлу кезінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүргізілген тексеру қортындысы бойынша есептелген баллдың жиынтығына байланысты, өлшемдер қосымшасына сай бақылау субъектілеріне бөлінеді:

орташа тәуекел дәрежесіне - 25 және одан жоғары балл;
төмен тәуекел дәрежесіне - 25 баллдан төмен.

4 4. Бір тәуекел деңгейі бар субъектілерді тексеруді жоспарлау басымдығы үшін:

1 1) тексеру барысында анықталған жеке кәсіпкерлік субъектілері жіберілген өлшемдер талаптарының бұзылуы;

2 2) астық нарығына қатысушылар тарапынан өтініш, шағымдардың болуы;

4 4) ең жоғары балл жиынтығы негіз болып табылады.

5 5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.

36 Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы
бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне
қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Өл­шем­дер ата­уы
Өл­шем­дер­дің та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі бал­дар­мен ба­ға­ла­на­ды
Мақ­та қол­хат­та­рын бе­ру ар­қы­лы қой­ма қыз­ме­ті бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­те­тін мақ­та өң­деу ұй­ым­да­ры
1
Мақ­та қа­был­дау пунк­тіне ке­ліп тү­се­тін шит­ті мақ­та­ға та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк құ­жат­та­ры­ның бо­луы
5
2
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша мақ­та ши­кі­за­тын қа­был­дау ке­зін­де­гі та­ра­зы жур­на­лын тол­ты­ру*
5
3
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша шит­ті мақ­та­ны тал­дау кар­точ­ка­ла­рын және шит­ті мақ­та­ның ылғал­ды­лы­ғы мен ла­ста­нуын тал­дау нәти­же­ле­рін тір­кеу жур­на­лын тол­ты­ру*
5
4
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша шит­ті мақ­та­ны қа­был­дау ту­ра­лы тү­бір­тек­тер­ді ре­сім­деу*
5
5
Бір күн­дік жиын­тық де­ректер қа­был­дан­ған шит­ті мақ­та­ның әр­бір пар­ти­я­сы бой­ын­ша шит­ті мақ­та­ны қа­был­дау ту­ра­лы тү­бір­тек­тер­ден күн сай­ын шит­ті мақ­та­ның сан­дық-са­па­лық есеп кі­та­бы­на жа­зу
20
6
Шит­ті мақ­та­ны қа­был­дау пунк­ті­нен мақ­та та­за­лау за­уы­ты­на қа­был­да­уды және жө­нел­ту­ді са­лы­сты­рып тек­се­ру ак­ті­ле­рі­нің бо­луы
5
7
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша мақ­та тал­шы­ғын бу­ма­лап өл­ше­уді ре­сім­деу*
5
8
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша өн­ді­рі­стен түс­кен қай­та өң­деу өнім­де­рі­нің есе­бі жур­на­лын тол­ты­ру*
5
9
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша қай­та өң­деу және дай­ын өнім­нің тү­суі ту­ра­лы есеп­тер­ді ре­сім­деу*
5
10
Ти­еп жө­нел­ту­ге алын­ған ше­шім­дер­дің есе­бі жур­на­лы­ның бо­луы
5
11
Мақ­та­мен жүр­гі­зі­л­ген опе­ра­ци­я­лар­ды көр­се­те­тін құ­жат­тар­ды сақ­та­удың бел­гі­лен­ген мер­зім­де­рін сақ­тау*
5
12
Шит­ті мақ­та мен оны ба­стап­қы қай­та өң­деу өнім­де­рі­нің бар бо­луын тү­ген­де­удің жүр­гі­зі­л­ге­нін рас­тай­тын тү­ген­деу ті­зім­де­ме­ле­рі­нің бо­луы
5
13
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша мақ­та қол­хат­та­ры­ның ті­зі­лі­мін тол­ты­ру**
20
14
Мақ­та та­за­лау за­уы­ты­ны­на мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы
10
15
Мақ­та қол­хат­та­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луы­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сіне қа­ты­су шар­ты­ның бо­луы
10
16
Шит­тi мақ­та­ны тал­шық­ты мақ­та­ға ба­стап­қы қай­та өң­деу жөнiн­де­гi тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған жаб­дық­тың тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған жаб­дық­тар­дың бо­луы
5
17
Мақ­та­ның са­па­сын анық­та­у­ға ар­нал­ған өн­дiрiстiк-тех­но­ло­ги­я­лық зерт­ха­на­ның бо­луы
5
18
Шит­тi мақ­та­ны жи­нақ­та­у­ға және сақ­та­у­ға ар­нал­ған ашық (жа­бық) алаң­ның бо­луы
5
19
Астық қа­был­дау кә­сі­пор­нын­да сы­на­ма­лар­ды iрiк­те­у­ге және шит­тi мақ­та­ның са­па­сын анық­та­у­ға ар­нал­ған зерт­ха­на­лық жаб­дық­тың бо­луы
5
20
Тех­ни­ка­лық бас­шы­лар­дың бiлiк­тi құ­ра­мы­ның бо­луы
5
21
Тех­ни­ка­лық ма­ман­дар­дың бiлiк­тi құ­ра­мы­ның бо­луы
5
22
Өт­кі­зу ре­жи­мі­нің бо­луы
3
23
Аумақ қор­ша­уы­ның бо­луы
3
Мақ­та тал­шы­ғы­на са­рап­та­ма жүр­гі­зе­тін және мақ­та тал­шы­ғы са­па­сы­ның пас­пор­тын бе­ре­тін са­рап­шы ұй­ым­дар
24
Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін мақ­та тал­шы­ғын клас­сер­лiк ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған мен­шiк құқы­ғын­да­ғы неме­се мүлiк­тiк жал­да­уын­да­ғы үй-жай­дың бо­луы***
20
25
Мақ­та тал­шы­ғы­ның сырт­қы тү­рі­нің стан­дарт­ты үл­гі­ле­рі­нің бе­кі­ті­л­ген неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да қол­да­ну­ға жол бе­рі­л­ген жиын­тығ­ы­ның бо­луы
5
26
Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған мақ­та тал­шы­ғын сы­нау жүй­есiне функ­ци­о­нал­ды және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­тетiн бiлiк­тi ма­ман­дар­дың бо­луы
5
27
Тиiстi ар­найы бiлi­мi бар мақ­та жөнiн­де­гi бiлiк­тi са­рап­шы­лар­дың (клас­сер­лер­дiң) бо­луы
5
28
Мақ­та тал­шы­ғы­ның сы­на­ма­ла­рын бу­ма­лап iрiк­теп алу­ды тiр­кеу жур­на­лын тол­ты­ру
5
29
Мақ­та тал­шы­ғы­ның сы­на­ма­ла­рын қа­был­дау жур­на­лын тол­ты­ру
5
30
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша мақ­та тал­шы­ғы са­па­сы­ның пас­пор­тын ре­сім­деу***
5
31
Мақ­та тал­шы­ғы­ның сы­на­ма­ла­ры сы­нақ­тан өт­кiз­ген­нен кей­iн мақ­та тал­шы­ғы­ның иесi пар­ти­я­ны ти­еп жө­нелт­кен­ге дей­iн са­рап­шы ұй­ым­ның зерт­ха­на­сын­да сақ­та­луы
5
Мақ­та са­па­сын са­рап­тау жө­нін­де­гі ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лар
32
Зерт­ха­на­ның ак­кре­дит­теу ат­те­ста­ты­ның бо­луы
10
33
Сы­на­ма ірік­теу ак­ті­ле­рі­нің бо­луы
5
34
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша мақ­та ши­ті­нің сы­на­ма­ла­рын тір­кей­тін жур­нал­ды тол­ты­ру****
5
35
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша шит­тi мақ­та­ның са­па­сы ту­ра­лы ку­әлiк­тер­ді тір­кеу жур­на­лын тол­ты­ру****
5
36
Бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша шит­тi мақ­та­ның са­па­сы ту­ра­лы ку­әлiк­тер­ді түсiнiк­тi етiп және тү­зе­ту­лер­сiз ре­сім­деу****
5
37
Шит­ті мақ­та­ның са­па­сы ту­ра­лы бе­рі­л­ген ку­әлiк­тер­дің кө­шiр­ме­ле­рін бiр жыл сақ­тау
5
38
Са­па ту­ра­лы ку­әлiк­тiң әре­кет ету мерзi­мi iшiн­де ти­еп жө­нел­тiл­ген және сақ­та­уда­ғы пар­ти­я­лар­ға шит­ті мақ­та­ның сы­на­ма­ла­рын сақ­тау
5
39
Са­па бой­ын­ша келiс­пе­ушiлiк­тер болған жағ­дай­да – ти­еп жө­нел­тiл­ген және сақ­та­уда­ғы пар­ти­я­лар­ға шит­ті мақ­та­ның сы­на­ма­ла­рын сақ­тау келiс­пе­ушiлiк­тер­дi қа­рау то­лы­ғы­мен аяқ­тал­ған­ға дей­iн сақ­та­ла­ды
5
Ескертпе:
* - «Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысы;
** - «Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1602 қаулысы;
*** - «Сарапшы ұйымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және Мақта талшығының сапасына сараптама жүргiзу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысы;
**** - «Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiк беру қағидаларын, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктiң нысанын (үлгiсiн) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгiсiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысы.

Қолданыстағы