Құжат мәтініне өту

Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Аккольского района

Қаулы · № А-7/220 · қабылданған 15.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60089/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Аккольского района Күшін жойған Қаулы ·№ А-7/220 ·15.07.2011
29.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Аккольского района

Күшін жойған Қаулы ·№ А-7/220 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Аккольского района
Атауы (қаз.)
Ақкөл ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының көлемін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-7/220
Қабылданған күні
15.07.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2011 60089_193886.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BC000158
ЭКБ идентификаторы
60089
Редакция идентификаторы
60089_193886
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:58

0 Ақкөл ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бап, 1 тармақ, 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік жалға беру үйлеріндегі жалгерлік төлемақы есебінің әдістемесі негізінде, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақкөл ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақысының көлемі, 1 шаршы метрге жалдау ақысынан есеп айырысудан шығып, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа түседі.

4 Ақкөл ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 15 шілдедегі
№ А-7/220 қаулысына қосымша
Ақкөл ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының көлемі
Ақкөл ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалгерлік төлемақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
А – жергілікті мемлекеттік орган (мемлекеттік кәсіпорын) жүргізуіндегі және кондоминиум объектісі құрамына кіретін мемлекеттік жалға беру үйлеріндегі 1 шаршы метрдің жалгерлік төлемақысы айына теңгемен есептеледі;
Ц – тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрге теңгемен есептегендегі құрылыс (алу) құны;
Т – ғимаратты пайдалану мерзімінің есебі, жыл:
Р – тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жасауға, сонымен бірге, жер телімін ұстауға қажетті төлемдер сомасы, айына 1 шаршы метрге бір теңге.
Тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрге теңгемен есептегенде құрылыс (алу) құны (Ц) ғимаратты салудың жобалық-сметалық құжаттамасына немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша анықталады.
Ғимаратты пайдалану мерзімінің есебі (Т) «Тұрғын ғимараттар, коммуналдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы объектілерге ағымдағы және күрделі жөндеу, реконструкциялау» 1.04-26-2004 ҚР СН 7 тармағына сәйкес анықталады.
Тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жасауға, сонымен бірге, жер телімін ұстауға қажетті төлемдер сомасы, (Р) келесі формула арқылы анықталады:
Р=Г3 /12/Sп
Г3 - тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жасауға, сонымен бірге, жер телімін ұстауға, жергілікті атқару органымен (мемлекеттік кәсіпорынмен) құрылған немесе тартылған, тұрғын үй - пайдалану қызметінің жылдық смета шығыны, жылына бір теңге;
Sп – тұрғын үйдегі тұрғын жайдың жалпы аумағының сомасы, шаршы метр.
Мемлекеттік жалдау үйлеріндегі 1 айына жалдау төлемінің көлемі, мына формула бойынша есептеледі:
А=Ц/Т/12+Р
Мысалы, Ц=56 515 теңге, Т=125 жыл, Р=41,5 теңге көрсеткіштері кезінде, айына 1 шаршы метр жалдау құны: А=56 515/125/12+41,7=79,4 теңгені құрайтын болады.
Жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын 1 пәтердің жалдау ақысының құны: айына 79,4*60=4764 теңге құрайды.

Қолданыстағы