Об установлении ветеринарного режима в селе Кайнарлы Курчумского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима в селе Кайнарлы Курчумского района
- Атауы (қаз.)
- Күршім ауданының Қайнарлы ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2178
- Қабылданған күні
- 27.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2011 AI60126_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VN000134
- ЭКБ идентификаторы
- 60126
- Редакция идентификаторы
- AI60126_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:53
0 Күршім ауданының Қайнарлы ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Күршім ауданының Қайнарлы ауылындағы ұсақ малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3
3. Теректі ауылдық округінің әкіміне шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
5 5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
ҚР ДСММСЭҚК ШҚО
департаментінің Күршім
ауданы бойынша басқармасының
бастығы
М. Садуакасова
26.07.2011 ж.