Құжат мәтініне өту

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на территории зимовки Комсомол Таловского сельского округа Жанибекского района

Қаулы · № 162 · қабылданған 15.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60158/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на территории зимовки Комсомол Таловского сельского округа Жанибекского района Күшін жойған Қаулы ·№ 162 ·15.08.2011
14.09.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на территории зимовки Комсомол Таловского сельского округа Жанибекского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 162 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на территории зимовки Комсомол Таловского сельского округа Жанибекского района
Атауы (қаз.)
Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің Комсомол қызтағы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
162
Қабылданған күні
15.08.2011
Көрсетілген редакция
14.09.2011 60158_199125.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11ZF000127
ЭКБ идентификаторы
60158
Редакция идентификаторы
60158_199125
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:47

0 Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің Комсомол қызтағы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жәнібек ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 9 тамыздағы N 529 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің Комсомол қыстағы аумағына ірі қара малының арасында сібір жарасы ауруының шығуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

2

2. "Жәнібек ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі А. Қаратаевқа, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Телағысов (келісім бойынша), "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Ерғалиевке (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Мұстаевқа (келісім бойынша) қыстақ тұрғындары мен ауыл шаруашылық жануарларының арасында аса қауіпті індеттің таралуын алдын алу мақсатында өз құзыреттері шегінде қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 9 тамызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Менеевке жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Жәнібек аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________А. Телағысов
16.08.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Жәнібек ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Т. Ерғалиев
16.08.2011 ж.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
"Жәнібек ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Н. Мұстаев
16.08.2011 ж.

Қолданыстағы