Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности

Бұйрық · № 309 · қабылданған 15.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60175/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 309 ·15.07.2011
16.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 309 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности
Атауы (қаз.)
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субьектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
309
Қабылданған күні
15.07.2011
Көрсетілген редакция
16.06.2023 60175_639864.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007106
ЭКБ идентификаторы
60175
Редакция идентификаторы
60175_639864
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:58

0 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субьектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасының 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық акпарат құралдарында жарияласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесі (заңды тұлғалар үшін)

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 309 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесі (заңды тұлғалар үшін)
📌 Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2012.12.07 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 25.06.2013 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Субъектілер) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметтерін аккредиттеуден өткізу кезінде Субъектілер қызметінің тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге арналған.
Субъектілердің әрбір қызмет түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген субъектінің рейтингтік парағында көрсетілген белгілі бір блокқа кіреді және 1 мен 20 балл шегінде бағаланады.
Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Егер субъектінің қызмет кезеңі 5 жылдан аспайтын болса, онда бағалау рейтингі барлық кезең бойынша айқындалады.
Әр блоктың көрсеткіштерінің мәні 0,1 ден 0,3 аралығындағы (Кn) салмақтық коэффициенттермен реттеледі.
1-блок. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет (ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларына сәйкес) К1 - 0,30 салмақтық коэффициентімен;
2-блок. Ғылыми әлеуеттің сапалық және сандық көрсеткіштері, К2 - 0,20 салмақтық коэффициентімен;
3-блок. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері, КЗ -0,20 салмақтық коэффициентімен;
4-блок. Нормативтік - құқықтық актілерді әзірлеу, К4 - 0,10 салмақтық коэффициентімен;
5-блок. Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары, К5 - 0,10 салмақтық коэффициентімен;
6-блок. Қоғамдық іс-шаралар мен БАҚ-қа қатысу, К6 - 0,10 салмақтық коэффициентімен;
7-блок. Алыс және жақын шетелдердің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастық, К7 - 0,10 салмақтық коэффициентімен анықталады.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің сапасы субъекті қол жеткізген көрсеткіштермен бағаланған жай балдарды қосу жолымен анықталады.
Субъектінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін бағалаудың интегралдық өлшемдері (ИӨ) мына формула бойынша анықталады:
ИӨ = К1 х Q1 + К2 х Q2 +......+Кn х Qn
Мұндағы: ИӨ - Субъектінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін бағалаудың интегралдық өлшемдері;
К1.....Кn - салмақтық коэффициенттер;
Q1.....Qn- бағалау өлшемдерінің тиісті блогындағы балдардың жалпы саны.
Әрбір өлшемнің балдық жүйесі сол және басқа да көрсеткіштердің маңыздылығына байланысты.

9 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 309 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі

1."Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 ж. 7 қарашадағы № 732 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 2572, жариялануы: Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2003 ж., № 37-42. 882 бет).

2. "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 732 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 447 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 5820, жариялануы: "Заң газеті" 2009 жылғы 6 қараша, № 170 (1593)).

3. "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 ж. 7 қарашадағы № 733 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 2573, жариялануы: Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2003 ж., № 37-42. 881 бет)).

4. № 2573 тіркелген "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.03 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 733 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 457 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 2897, жариялануы: Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2005 ж. № 9-13, 51 бет).

5. "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 733 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы № 496 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді № 5861, жариялануы: "Заң газеті" 2009 жылғы 29 желтоқсан, № 197 (1790).

Қолданыстағы