О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Специальный научно-исследовательский центр пожарной безопасности и гражданской обороны" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Специальный научно-исследовательский центр пожарной безопасности и гражданской обороны" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 941
- Қабылданған күні
- 23.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI60185_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000941
- ЭКБ идентификаторы
- 60185
- Редакция идентификаторы
- AI60185_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:44
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1 1) өрт себептерін зерттеу;
2 2) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
3 3) заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін айқындау;
4 4) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғаныс саласында нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарды дайындауға қатысу деп белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қоғамның жарғысын бекітуді;
2 2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында Қоғамның мемлекеттік тіркелуін;
3 3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;
4 4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 941 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1
2 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-133-жолмен толықтырылсын:
«123-133 «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ».
3 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 295-4-жолмен толықтырылсын:
«295-4 «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ».
4
5
6 6. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 152-жол мынадай редакцияда жазылсын: