Об утверждении Методических рекомендаций по определению типовых функций государственных органов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методических рекомендаций по определению типовых функций государственных органов
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 951
- Қабылданған күні
- 24.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 AI60189_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000951
- ЭКБ идентификаторы
- 60189
- Редакция идентификаторы
- AI60189_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:44
0 Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 951 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Осы Әдістемелік ұсынымдар "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың функцияларын заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлерде белгілеу мәселелерін шешу кезінде норма шығармашылығы қызметінде қолдануға арналған.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мемлекеттік органның құзыреті ретінде оның қызметінің мәнін айқындайтын белгіленген мемлекеттік орган өкілеттіктерінің жиынтығы түсініледі;
мемлекеттік органның өкілеттіктері ретінде мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері түсініледі;
мемлекеттік органның құқықтары ретінде белгілі бір іс-әрекетті жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгілі бір мінез-құлықты (іс-әрекетті немесе іс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкіндігі түсініледі;
мемлекеттік органның міндеттемелері ретінде мемлекеттік орган орындауға міндетті іс-әрекет аясы түсініледі;
мемлекеттік органның функциялары ретінде мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыруы түсініледі.
2 2. Мемлекеттік органдардың функцияларын заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлерде белгілеу мәселелерін шешу кезінде Конституцияның 61-бабы 3-тармағының ережелерін басшылыққа алу керек, оларға сәйкес заңдар:
1 1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне;
2 2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
3 3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
4 4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
5 5) республикалық бюджетке;
6 6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7 7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
8 8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
9 9) қоршаған ортаны қорғауға;
10 10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
11 11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізге алынатын қағидаттар мен нормаларды белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуі тиіс.
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.
3
3. Мемлекеттік органдардың функцияларын белгілеу мемлекеттік органдардың құзыреті Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен және заңдармен ғана емес, заңға тәуелді актілермен де белгіленетіндігі анықталған "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да бірқатар нормаларын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 нормативтік қаулысымен айқындалғанын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
2 2. Мемлекеттік органдардың функцияларын белгілеудің әдістемелік негіздері
1
1. Заңдарда мемлекеттік органдарға белгілі бір міндеттер аясын тиісінше орындау, ең алдымен, олардың жеке және заңды тұлғалармен және ұйымдармен өзара іс-әрекетіне қатысты тиісті функцияларды жүзеге асыру мақсатында берілген мемлекеттік органның негізгі міндеттерін, функцияларын белгілейтін нормалар болуы тиіс.
2 2. Негізгі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің "ішкі" рәсімдерімен байланысты функциялар, олардың өзара іс-әрекеті, әдетте заңға тәуелді актілерде белгіленуі тиіс.
Бұл ретте мемлекеттік органның заңға тәуелді акті деңгейіндегі функциялары Президент және Үкімет қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерде белгіленуі тиіс.
3
3. Мемлекеттік орган қызметінің өзге түрлерін Конституцияның 61-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, әрі заңдарда азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, әсіресе құқықты шектеу сипатындағы шараларды тікелей регламенттейтін нормалар болуы тиіс екенін көздей отырып айқындау қажет.
4 4. Мемлекеттік органдардың типтік функциялары мынадай 3 топқа:
1 1) мемлекеттік органдардың заң деңгейінде белгіленуі қажет типтік функцияларына;
2 2) мемлекеттік органдардың заңға тәуелді деңгейде белгіленуі қажет типтік функцияларына;
3 3) заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлерде белгілеуге болатын типтік функцияларына бөлінеді.
Осы Әдістемелік ұсынымдарда белгіленген мемлекеттік органдардың типтік функцияларының тізбесі толық емес.
3 3. Мемлекеттік органдардың заң деңгейінде белгіленетін типтік функциялары
1 1. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шектелуін айқындау.
2 2. Тиісті салада мемлекеттік саясатты іске асыру.
3 3. Елдің ұлттық, экономикалық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету.
4 4. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тетіктерін қалыптастыру:
заңнамада белгіленген талаптарды жеке және заңды тұлғалар қызметіне сәйкестік мәніне тексеру және бақылаудың өзге де нысандары арқылы заңнаманың бұзылу себептері мен шарттарын анықтау, оларды жою;
тексеру нәтижелері бойынша ықпал етудің құқықтық шараларын қабылдау.