Об утверждении критериев оценки степени рисков в области формирования, хранения и использования документов Национального архивного фонда Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев оценки степени рисков в области формирования, хранения и использования документов Национального архивного фонда Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 11.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2012 AI60199_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007112
- ЭКБ идентификаторы
- 60199
- Редакция идентификаторы
- AI60199_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:00
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (Б.Т. Берсебаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі Н.Н. Оразовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
министрінің
2011 жылғы 11 шілдедегі
№ 198 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел тобына жатқызу мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2 2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) тексерілетін субъектілер - қызмет барысында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары пайда болатын мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ мұрағат ісін басқару және жүргізу органдары;
2 2) тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттары мен жеке құрам бойынша құжаттарға зиян келтіру, жоғалту (жою) ықтималдылығы.
3 3. Тәуекел дәрежесіне қарай тексерілетін субъектілер жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.
4 4. Алғашқыда барлық тексерілетін субъектілер төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
Тексерілетін субъектілерді төменгі тәуекел дәрежесі тобының ішінен басымды іріктеу үшін сақтаудағы құжаттардың ең үлкен көлемі негіз болады.
5 5. Бұдан әрі тексеру нәтижелері, критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен тексерілетін субъект тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына қайта бөлінеді:
1 1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден бастап 5-ке дейін балл жинаған тексерілетін субъектілер жатады;
2 2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 6-дан бастап 11-ге дейін балл жинаған тексерілетін субъектілері жатады;
3 3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 11 баллдан жоғары жинаған тексерілетін субъектілер жатады.
6 6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:
құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптардың бұзылуы – 1 балл;
құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы - 1 балл;
келісілген істер номенклатурасының болмауы, істерді қалыптастыру мен мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы – 1 балл;
ведомстволық мұрағатта Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын белгіленген уақытша сақтау мерзімдері мен мемлекеттік мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы – 1 балл;
Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен жеке құрамы бойынша құжаттардың есебінің жүргізілмеуі – 1 балл;
мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардағы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен жеке құрамы бойынша құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесінің болмауы – 1 балл;
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау режимі мен жағдайларының бұзылуы – 6 балл;
Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен жеке құрамы бойынша құжаттарды пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы – 6 балл;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 болып тіркелген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекітумен белгіленген сақтау мерзімдерінің бұзылуы – 6 балл;
мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттарда Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрамы бойынша құжаттардың физикалық, химиялық және техникалық жай-күйін есепке алудың болмауы – 6 балл;
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрамы бойынша құжаттардың сақталуының қамтамасыз етілмеуі – 12 балл;
Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрамы бойынша құжаттарды мемлекеттік органдардың келісімінсіз жою – 12 балл.