Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Каражал
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Каражал
- Атауы (қаз.)
- Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 03.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 60206_123094.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KE000113
- ЭКБ идентификаторы
- 60206
- Редакция идентификаторы
- 60206_123094
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:50
0 Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға әр санат үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.