Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов

Бұйрық · № 284-Ө · қабылданған 05.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60228/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов Күшін жойған Бұйрық ·№ 284-Ө ·05.08.2011
30.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 284-Ө · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов
Атауы (қаз.)
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
284-Ө
Қабылданған күні
05.08.2011
Көрсетілген редакция
30.06.2015 AI60228_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007116
ЭКБ идентификаторы
60228
Редакция идентификаторы
AI60228_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:49

0 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті (Манабаева Қ.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (Бисақаев С.Ғ.) осы бірлескен бұйрық талаптарын зерттеуді және олардың орындалуын ұйымдастырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.

5 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 284-ө және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 232 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1

1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарын орындау үшін тексерулерді жоспарлау және жүргізу мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және қажеттілікті айқындайтын, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығаратын жеке және заңды тұлғаларды тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) тәуекел – жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің адам өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімнің орындалмауынан, арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің белгіленген мерзімінің бұзылуынан жеке тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылу ықтималдығы;

2

2) тексерілетін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және оған қажеттілікті айқындайтын жеке кәсіпкерлік саласындағы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

3 3. Осы Өлшемдердің шеңберінде қызмет алушыларға қарттар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған және (немесе) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар жатады.

4

4. Жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежелеріне стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсынбау бойынша жатқызу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің белгіленген мерзімдерінің бұзылуы осы Өлшемдерге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне немесе мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5 5. Бастапқыда барлық бақылау субъектілері жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылады. Кейіннен тексерулердің нәтижесі бойынша өлшемдер бойынша алған балдарын ескере отырып, тексеруден өткен бақылау субъектілері тиісті тәуекел дәрежелері топтарына бөлінеді:

1 1) тексеру жиілігі жылына бір рет болатын жоғары дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 11-ден 25-ке дейін балл алған бақылау субъектілері жатады;

2 2) тексеру жиілігі үш жылда бір рет болатын орта дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 6-дан 10-ға дейін балл алған бақылау субъектілері жатады;

3 3) тексеру жиілігі бес жылда бір рет болатын шамалы дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 5-ке дейін балл алған бақылау субъектілері жатады.

6 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

6. Арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімді орындайтын, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын тексерілетін субъектілерге осы Өлшемдерге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген өлшемдерге сәйкес балл есептелмейді.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
саласындағы және мүгедектерді
әлеуметтік қорғау аясындағы жеке
кәсіпкерлік саласында тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
р/с №
Тәу­е­кел­ді ба­ға­лау өл­шем­де­рі­нің ата­уы
Тәу­е­кел дә­ре­же­сін ай­қын­да­удың шек­ті көр­сет­кіш­те­рі
1. Ста­ци­о­нар және жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін ұсы­ну, ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті­лік­ті ба­ға­лау және ай­қын­дау жүр­гі­зу жө­нін­де
1.1.
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті­лік­ті ай­қын­дау және ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу­дің уақ­ты­лы­ғы
Бел­гі­лен­ген мер­зім­ге сәй­кес жүр­гіз­беу – 5 балл
1.2.
Әр­бір ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет алушы­ға әзір­лен­ген же­ке жұ­мыс жос­па­ры­ның бо­луы
Жұ­мыс жос­па­ры­ның бол­мауы – 5 балл
1.3.
Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма жүр­гізу­ге жәр­дем­де­су­ді жү­зе­ге асы­ру
Уа­қы­ты­лы жәр­дем­дес­пеу – 5 балл
1.4.
Мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бо­луы
Мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бол­мауы – 5 балл
1.5.
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген же­ңіл­дік­тер мен ар­тық­шы­лық­тар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу­ға жәр­дем­де­су
Уа­қы­ты­лы өті­ніш бер­меу және оны ал­мау – 5 балл
2. Үй жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін ұсы­ну, ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті­лік­ті ба­ға­лау және ай­қын­дау жүр­гі­зу жө­нін­де
2.1.
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті­лік­ті ай­қын­дау және ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу­дің уақ­ты­лы­ғы
Бел­гі­лен­ген мер­зім­ге сәй­кес жүр­гіз­беу – 5 балл
2.2.
Әр­бір ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет алушы­ға әзір­лен­ген же­ке жұ­мыс жос­па­ры­ның бо­луы
Жұ­мыс жос­па­ры­ның бол­мауы – 5 балл
2.3.
Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма жүр­гізу­ге жәр­дем­де­су­ді жү­зе­ге асы­ру
Уа­қы­ты­лы жәр­дем­дес­пеу – 5 балл
2.4.
Мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бо­луы
Мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бол­мауы – 5 балл
2.5.
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген же­ңіл­дік­тер мен ар­тық­шы­лық­тар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу­ға жәр­дем­де­су
Уа­қы­ты­лы өті­ніш бер­меу және оны ал­мау – 5 балл
2.6.
Ма­ман­дық алу­ға жәр­дем­де­су
Қыз­мет­тің көр­се­тіл­ме­уі – 5 балл
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
саласындағы және мүгедектерді
әлеуметтік қорғау аясындағы жеке
кәсіпкерлік саласында тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
2-қосымша
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
р/с №
Тәу­е­кел­ді ба­ға­лау өл­шем­де­рі­нің ата­уы
Тәу­е­кел дә­ре­же­сін ай­қын­да­удың шек­ті көр­сет­кіш­те­рі
1.
Мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бо­луы
Мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бол­мауы – 5 балл
2.
Оңал­ту ша­ра­ла­ры­ның мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­на сәй­кес орын­да­луы
Іші­на­ра орын­дал­ды – 5 балл
Орын­дал­мауы – 10 балл
3.
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген же­ңіл­дік­тер мен ар­тық­шы­лық­тар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу­ға жәр­дем­де­су
Уа­қы­ты­лы өті­ніш бер­меу және оны ал­мау – 5 балл

Қолданыстағы