Құжат мәтініне өту

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты

Өзге акт · № 274-IV · қабылданған 16.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60246/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Күшін жойған Өзге акт ·№ 274-IV ·16.08.2011
25.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты

Күшін жойған Өзге акт ·№ 274-IV · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
274-IV
Қабылданған күні
16.08.2011
Көрсетілген редакция
25.05.2012 60246_165784.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11TD000186
ЭКБ идентификаторы
60246
Редакция идентификаторы
60246_165784
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:47

0 Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына мынадай әлеуметтік қолдау шаралары тағайындалсын:

1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Жамалова) жүктелсін.

3

3. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 178-ІV " Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу, тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуеттік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 13 мамырында № 4-4-160 санымен тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 22 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Аталған шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы