О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
- Атауы (қаз.)
- Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38/260-IV
- Қабылданған күні
- 24.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2019 60264_405568.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VB000146
- ЭКБ идентификаторы
- 60264
- Редакция идентификаторы
- 60264_405568
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:08
0 Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мелекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары автотұрақтың түріне қарай 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген қала жерлеріне салынатын 8,2 теңге мөлшерінде белгіленген базалық салық ставкасы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3 3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Семей қаласына жататын басқа санаттағы жерлерге салынатын салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкасы қолданылатын жақын жатқан елді мекен Семей қаласы ретінде анықталсын.
4 4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Семей қаласы бойынша автотұрақтың түріне қарай автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 38/260-IV шешімге
1-қосымша
Семей қаласы бойынша автотұрақтың түріне қарай автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№
п/п
Автотұрақтардың түрлері
Санаттары
1.
Жер үсті жабық түрдегі автотұрақтар, ашық түрдегі автотұрақтар
1-санат
2.
Пандусы (рампасы) бар автотұрақтар
2-санат
3.
Механикаландырылған автотұрақтар
3-санат
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ. Мирашев
6 Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салық ставкасын автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай ұлғайту туралы
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 38/260-IV шешімге
2-қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салық ставкасын автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай ұлғайту туралы
№
п/п
Автотұрақтардың санаттары
салық ставкасын ұлғайту мөлшері
1.
1-санат
10 есе
2.
2-санат
9 есе
3.
3-санат
8 есе
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ. Мирашев