О вопросах Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О вопросах Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 965
- Қабылданған күні
- 25.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2015 AI60275_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000965
- ЭКБ идентификаторы
- 60275
- Редакция идентификаторы
- AI60275_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:43
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті» және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен;
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті» және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен;
3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменті» - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қаржы-шаруашылық кедені»;
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Байқоңыр» кедені»;
3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Көкшетау» кедені»;
4) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қызылорда» кедені» таратылсын.
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2015 № 1049 қаулысымен.
4 4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж. № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
5-1-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 355 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша)