Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения охотника"

Бұйрық · № 14-1/448 · қабылданған 05.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60341/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения охотника" Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-1/448 ·05.08.2011
09.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения охотника"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-1/448 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения охотника"
Атауы (қаз.)
"Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14-1/448
Қабылданған күні
05.08.2011
Көрсетілген редакция
09.10.2015 AI60341_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007151
ЭКБ идентификаторы
60341
Редакция идентификаторы
AI60341_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:49

0 "Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған "Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Табиғи ресурстарды пайдалану стратегиясы департаменті (Мейрембеков Қ.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 14-1/448 бұйрығымен
бекітілген
«Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес әзірленді.

Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
аңшы куәлігі – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын құжат;
аңшылық минимумы (аңминимумы) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша арнайы бағдарлама;
мемлекеттік қызмет – жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) аңшы куәлігін беру.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – Аумақтық инспекциялар) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Орман және аңшылық шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулысының (бұдан әрі - Қаулы);

2 2) «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6261 тіркелген) (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

5 5. Тұтынушының қағазға басылған аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің телнұсқасын) (бұдан әрі – аңшы куәлігі) немесе оны беруден дәлелді бас тартуын жазбаша түрде алуы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

6

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды мекен-жайлары Қаулымен бекітілген «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген Аумақтық инспекциялар, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері қабылдайды. Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей кезекке тұру тәртібімен жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесі сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс мерзімі сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін.
Аңшылық минимумы бойынша емтихан қабылдау Аумақтық инспекция бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мен ұсынылатын құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Аумақтық инспекция мемлекеттік қызмет көрсететін жерлердегі стендтерде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында - www.minagri.gov.kz. орналастырылады.

8 8. Тұтынушының ұсынылатын құжаттарды тапсыру барысында кезек күтуінің барынша жол берілетін уақыты: 30 минуттан аспайды;

құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің жол берілетін уақыты: 30 минуттан аспайды.

9 9. Мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартуға мыналар:

1 1) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тапсырылмауы;

2 2) аңшылық минимумы бойынша емтиханды қайта тапсырмау негіз болып табылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет кезең-кезеңмен мына мерзімдерде көрсетіледі:

1

1) Аумақтық инспекция аңшы куәлігін алуға үміткер тұтынушылардың құжаттарын қабылдайды, ұсынылған құжаттардың толымдылығын тексереді және құжаттар қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тұтынушыны аңшылық минимумы бойынша емтиханға жіберілгені (немесе жіберуден дәлелді түрде бас тартылғаны) туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Емтихан алу күні құжаттар тапсырылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей тағайындалады;

2 2) аңшылық минимумы бойынша емтиханды тапсырмаған жағдайда тұтынушы Аумақтық инспекция бекіткен кестеге сәйкес емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі, бұл жайында сауалдамаға белгі қойылып, тұтынушы таныстырылады;

3 3) қайталама емтиханды тапсырмаған жағдайда тұтынушыға бір жылдан кейін ғана Ереженің 5-тармағында көрсетілген тәртіппен өтініш тапсыру мүмкіндігі беріледі;

4 4) аңшы куәлігін беруді емтихан тапсырылған күннен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей бастықтың бұйрығымен тағайындалатын Аумақтық инспекцияның жауапты тұлғасы жүзеге асырады.

11 11. Құжаттар қабылдауды және ресімдеуді Аумақтық инспекцияның штаттағы қызметкерлерінен тағайындалатын емтихан алу комиссиясының хатшысы жүзеге асырады.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында іс-әрекет жасау (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

12 12. Құжаттар қабылдау кезінде тұтынушыға сауалнамада тиісті белгі қойылып, тіркелу күні мен нөмірі көрсетілген талон беріледі.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11- тармағында айқындалған құжаттар тізбесін ұсынады.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (әрі қарай - ҚФБ) жұмылдырылады:

1 1) құжаттар қабылдауға және тексеруге уәкілетті аумақтық инспекцияның маманы;

2 2) емтихан алу комиссиясының хатшысы;

3 3) тұрақты жұмыс істейтін емтихан алу комиссиялары;

4 4) Аумақтық инспекцияның бастығы немесе оны алмастыратын тұлға.

15 15. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.

16 ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі

16. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сұлба, осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.
«Аңшы куәлігін беру»
мемлекеттік қызметінің
регламентіне
1-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі
1-Кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы
1
Әре­кет (қоз­ға­лыс, жұ­мыс ағы­ны) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, тәр­ті­бі­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау
Тек­се­ру:
1) са­у­ал­на­ма­ның бо­луын;
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның же­ке ку­ә­лі­гі кө­шір­ме­сі­нің бо­луын (аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар мен ше­тел аза­мат­та­ры үшін – аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­сі­мен жа­сал­ған аң­шы­лық­ты ұй­ым­да­сты­ру­ға ар­нал­ған шар­ттың және олар тұ­ра­тын елін­де бе­рі­л­ген аң­шы­лық ету­ге құқын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген рұқ­са­ты­ның кө­шір­ме­сі);
3) же­ке тұл­ға­ның ол көр­сет­кен тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тұ­ра­ты­нын (тір­кел­ген­ді­гін) рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луын;
4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық тө­ле­у­ші­сі ку­ә­лі­гі кө­шір­ме­сі­нің бо­луын;
5) кө­ле­мі 3х4 см, 3 да­на (түр­лі-тү­сті) фо­то­су­рет­тер­дің бо­луын;
6) аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша кур­сты бі­тір­ген­ді­гі ту­ра­лы сер­ти­фи­кат кө­шір­ме­сі­нің бо­луын;
7) аң­шы ку­ә­лі­гін бе­ру үшін мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат
4
Аяқ­тау тү­рі (мә­лі­мет­те­рі, құ­жат, бас­қа­ру-ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық ше­шім)
Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу және кү­ні мен тір­кеу нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген та­лон бе­ру
Тұ­ты­ну­шы­ны аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша сын­ақ­қа жі­бе­рі­л­ген­ді­гі (неме­се жі­бе­ру­ден дәлел­ді түр­де бас тар­тқанды­ғы) ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді. Сы­нақ­ты өт­кі­зу кү­ні құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған күн­нен ба­стап екі ай­лық мер­зім­нен ке­шік­тір­ме­стен та­ғай­ын­да­ла­ды.
5
Орын­дау мер­зі­мі
20 ми­нут
2 жұ­мыс кү­ні
1
Әре­кет (қоз­ға­лыс, жұ­мыс ағы­ны) №
3
4
2
ҚФБ ата­уы
Сы­нақ ко­мис­си­я­сы және сы­нақ ко­мис­си­я­сы­ның хат­шы­сы
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны және аумақ­тық ин­спек­ция ба­стығы
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, тәр­ті­бі­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша сы­нақ қа­был­дау
Есеп кар­точ­ка­сын тол­ты­ру, аң­шы­ның же­ке іс­ін ре­сім­деу және Аң­шы ку­ә­лі­гін бе­ру жор­на­лын­да тір­кеу
4
Аяқ­тау тү­рі (мә­лі­мет­те­рі, құ­жат, бас­қа­ру-ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық ше­шім)
Са­у­ал­на­ма мен сы­нақ ко­мис­си­я­сы­ның хат­та­ма­сы­на тұ­ты­ну­шы­ны сы­нақ нәти­же­ле­рі­мен та­ны­сты­ру ар­қы­лы бел­гі қою.
Аң­шы ку­ә­лі­гін бе­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
1 са­ғат 30 ми­нут
10 күн­тіз­бе­лік күн
2-Кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (қоз­ға­лыс, жұ­мыс ағы­ны)
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны
Сы­нақ ко­мис­си­я­сы және сы­нақ ко­мис­си­я­сы­ның хат­шы­сы
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны және аумақ­тық ин­спек­ция ба­стығы
1-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау
2-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу және кү­ні мен тір­кеу нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген та­лон бе­ру
5-әре­кет. Аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша сы­нақ қа­был­дау
6-әре­кет. Са­у­ал­на­ма мен сы­нақ ко­мис­си­я­сы­ның хат­та­ма­сы­на тұ­ты­ну­шы­ны сы­нақ нәти­же­ле­рі­мен та­ны­сты­ру ар­қы­лы бел­гі қою.
3-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды тек­се­ру.
4-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы­ны аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша сын­ақ­қа жі­бе­рі­л­ген­ді­гі ту­ра­лы ха­бар­дар ету.
7-әре­кет. Есеп кар­точ­ка­сын тол­ты­ру, аң­шы­ның же­ке іс­ін ре­сім­деу және Аң­шы ку­ә­лі­гін бе­ру жор­на­лын­да тір­кеу
8-әре­кет. Аң­шы ку­ә­лі­гін бе­ру
3-Кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (қоз­ға­лыс, жұ­мыс ағы­ны)
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны
1-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау
2-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу және кү­ні мен тір­кеу нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген та­лон бе­ру
3-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды тек­се­ру
4-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы­ға аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша сын­ақ­қа жі­бе­ру­ден дәлел­ді түр­де бас тар­тқанды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бе­ру.
3-1 Кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (қоз­ға­лыс, жұ­мыс ағы­ны)
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны
Аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны
Сы­нақ ко­мис­си­я­сы және сы­нақ ко­мис­си­я­сы­ның хат­шы­сы
Сы­нақ ко­мис­си­я­сы­ның хат­шы­сы - аумақ­тық ин­спек­ция ма­ма­ны
1-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау
2-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды тір­кеу және кү­ні мен тір­кеу нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген та­лон бе­ру
5-әре­кет. Аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша сы­нақ қа­был­дау
6-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша сы­нақ­тан өт­пе­ген жағ­дай­да Аумақ­тық ин­спек­ция бе­кіт­кен кесте­ге сәй­кес сы­нақ­ты қай­та тап­сы­ру­ға жі­бе­рі­ле­ді, ол ту­ра­лы тұ­ты­ну­шы­ны та­ны­сты­ру ар­қы­лы са­у­ал­на­ма мен сы­нақ ко­мис­си­я­сы­ның хат­та­ма­сы­на бел­гі қой­ы­ла­ды.
3-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды тек­се­ру.
4-әре­кет. Тұ­ты­ну­шы­ны аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша сын­ақ­қа жі­бе­рі­л­ген­ді­гі ту­ра­лы ха­бар­дар ету.
7-әре­кет. Сы­нақ­ты екін­ші рет тап­сы­ра ал­ма­ған жағ­дай­да тұ­ты­ну­шы­ға бір жыл­дан кей­ін өті­ніш бе­ру­іне мүм­кін­дік бе­рі­ле­ді.
«Аңшы куәлігін беру»
мемлекеттік қызметінің
регламентіне
2-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сұлба

Қолданыстағы