Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 1002 · қабылданған 01.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60383/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1002 ·01.09.2011
26.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1002 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1002
Қабылданған күні
01.09.2011
Көрсетілген редакция
26.07.2016 AI60383_10.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001002
ЭКБ идентификаторы
60383
Редакция идентификаторы
AI60383_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:41

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 № 1087 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 853 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

6

6. «Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың одан алатын ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 184-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың одан алатын ақша қаражатын жұмсау ережесінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2) мыналардан:

аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу, іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерін жоғалтқан екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу) және өзге де мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезінде орман алаңдарын тазарту; өтімді үйінділерді жинау; өзге де мақсаттар үшін ағаш кесу, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу);
жанама орман пайдаланудан (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау) тауарлар өткізу.»;
5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кәдесый өнімін өндіру».

Қолданыстағы