Об утверждении Правил оценки и определения размера возмещения стоимости реквизируемого имущества
Қолданыста
Қаулы
·№ 1011
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оценки и определения размера возмещения стоимости реквизируемого имущества
- Атауы (қаз.)
- Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1011
- Қабылданған күні
- 03.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2013 AI60398_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001011
- ЭКБ идентификаторы
- 60398
- Редакция идентификаторы
- AI60398_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:41
0 Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 207-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 1011 қаулысымен
бекітілген
Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасы
1 1. Осы Қағида "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 207-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді.
2 2. Реквизицияланатын мүліктің құнын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындайды.
3 3. Бағалаушыны реквизициялауды жүргізетін уәкілетті орган айқындайды.
4 4. Бағалау жүргізу үшін негіздеме Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бағалаушы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арасында жасалған бағалау жүргізуге арналған шарт болып табылады.
5
5. Бағалау нәтижелерін реквизициялауды жүргізу кезінде соғыс жағдайының қолданылу кезеңінде жергілікті атқарушы органдар, соғыс уақытында - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы, ал жауынгерлік іс қимылдар жүргізген кездегі ерекше жағдайларда – реквизициялауды жүзеге асыратын әскери бөлімдердің командирлері бекітеді.