О службах Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қызметтері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің 15.02.2004 № 4-19/1525 хаты.
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қызметтері» жөніндегі № 17 бабын жөне шаруашылық объектілерін қайта құруға және олардың құрылымдарын өзгертуге байланысты облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Меншік нысандарына қарамастан мекемелер мен ұйымдар негізінде төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныстың облыстық қызметтері құрылсын:
облыстық ішкі істер басқармасы-қоғамдық тәртіп сақтау қызметі;
облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы — ақпарат қызметі;
облыстық құрылыс және аумақты құрылыстандыру басқармасы - инженерлік қызметі;
қоғамдьқ көлік және Ақтөбе тасымалдау бөлімінің облыстық қызметтер — көлік қызметі;
облыстық экономика басқармасы - сауда және тамақтандырудың кызметі;
«Ақтөбе мұнайбазасы» серіктестік қоғамы — жанар-жағар май қызметі;
«Ақтөбе энерго» акционерлік қоғамы — энергетика қызметі;
«Облтрансгаз» жабық акционерлік қоғамы — газ жүйелері жөніндегі авариялық-техникалық қызметі;
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы - өсімдіктер мен жануарлар қорғау қызметі;
облыстық телекоммуникациялық дирекциясы — хабарлау және байланыс қызметі;
облыстық мемлекеттік санитарлық - эпидемиялық бақылау басқармасы -радиацияға қарсы және химиялық қорғаныс қызметі;
облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызметі;
«Қазавтожол» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақтөбе облыстық филиалы — жолдар мен көпірлер қызметі.
Тармақ 2
2. Азаматтық қорғаныстың облыстық қызметтері туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мыналар Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың облыстық қызметтерінің бастықтары болып тағайындалсын:
коғамдық тәртіп сақтау қызметі - Қожантаев Қуаныш Заитұлы
өртке қарсы қызмет - Еспаев Жолдығали Сағынбайұлы
ақпарат кызметі - Қуанышалин Жасарал Мінәджидинұлы
инженерлік қызметі - Егімбаев Болат Сәукенұлы
автокөлікпен тасымалдау
жөніндегі көлік қызметі - Құрманалин Тағыберген Төлебайұлы
теміржолмен тасымалдау
жөніндегі көлік қызметі - Үсімбеков Кенжехан Үсімбекұлы
сауда және тамақтандыру қызметі - Әбдібеков Нұрмухамбет Қанапұлы
жанар-жағар май қызметі - Төреғазин Жолжан Садықұлы
энергетика қызметі - Серікбаев Мәлік Абдоллаұлы
газ жүйелері жөніндегі
авариялық-техникалық қызмет - Баишев Бауыржан Ғадиұлы
өсімдік пен жануарларды
қорғау қызметі - Әжібаев Ерсайын ЬІсқақұлы
хабарлау және байланыс қызметі - Әлмырзаев Бауыржан Бақытқалиұлы
радиацияға қарсы және химиялық
қорғаныс қызметі - Онайбаев Елеу Жолдасұлы
медициналық қызметі - Алдашев Жұмамұрат Ердаулетұлы
жолдар мен көпірлер қызметі - Терещенко Владимир Иванович
Тармақ 4
4. Ақтөбе қаласы (Е. Н. Сағындықов) мен аудандар әкімдері облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармамен (С. В. Крутько) және облыстық қызметтер бастықтарымен келісе отырып:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныстың қалалық және аудандық қызметтерін;
Тармақша 2
2) техникалық қызмет, жылу жүйелері бойынша авариялық-техникалық қызметін, су құбырлары мен канализация жүйелері бойынша авариялық-техникалық қызметін құрсын.
Тармақ 5
5. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің, бастықтарына бір ай мерзімінде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамын анықтап Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі кызметтерінің жоспарын және басқа да құжаттамасын жасасын.
Тармақ 6
6. «Ақтөбе облысының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы» Ақтөбе облысы Әкімінің 1996 жылдың 11 шілдесіндегі № 315 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы Әкімінің бірінші орынбасарына – төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссия төрағасы Супрунға В. В. жүктелсін.
Басқа 10
Облыс Әкімінің 2000 жылғы
15 ақпандағы № 26 шешіміне
ҚОСЫМША
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың облыстық қызметтері туралы ереже
Бөлім 1. І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың облыс қызметтері бейбітшілік және соғыс кезіндегі, халықты табиғи зіл залалар ірі авариялар мен апаттардың зардаптарынан және қарсы жақтың қазіргі замаңғы coғыс құралдарын қолдану мүмкіндігінен қорғау, сондай ақ құрамалардың құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстары қезіндегі қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныстың арнайы шараларын өткізуге бағытталған.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қызметтері облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде және шаруашылықтық нысандарында құрылады. Олар азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың бейбіт уақытындағы қызметінің барлық сатыларында сондай-ақ қарсы жақтан шабуыл қаупі туындағанда және зақымдану ошақтарында құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде арнайы міндеттер атқарады. Осы міндеттерді орындау және азаматтық қорғаныстың ұйымдастыру және іс жүзіндегі шараларын іске асыру мақсатында, меншік түріне және қызмет түріне қарамастан барлық мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдар тартылады; атап айтқанда: ведомстволар, акционерлік компаниялар мен қоғамдар басқармалар, агенттіктер, корпорациялар, одақтар кеңестер, біріккен: жеке өндірістер, кәсіпорындар және басқа ұйымдар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 30.12.94 № 1490 Қаулысына сәйкес сол қызметтер құрылған шаруашылық нысандарының бірінші басшылары төтенше жағдайлардың және Азаматтық қорғаныстың облыстық қызметтерінің бастықтары болып табылады.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың облыстық, аудандық және қалалық қызметтерінің басшылары тиісті Әкімдер шешімдеріне, ал шаруашылық объектілерінде – олардың бірінші басшыларының бұйрықтарымен тағайындалады.
Шаруашылық нысандары қызметінің басшылары болып бірінші басшылардың орынбасарларының біреуі немесе тәжірибелі бас мамандар тағайындалады.
Мәселелер, ұйымдар мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің жұмысы анықталады ережелермен, әзірленеді басшыларымен қызметтердің және бекітіледі облыста, аудандарда және қалада сәйкестелетін басшыларымен Азаматтық қорғаныстың – Әкімдермен.
Тармақ 3
3. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары, ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары қызметтер құрылған базасында қызметтердің ұйымдастырылуы мен қызметіне, қажетті құралдар мен күштер санының дайындығына, олардың жеке құрамымен, техника және мүлікпен жарықтандыруына толық жауапкершілікті болады.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің міндеттері жұмысы мен ұйымдастырылуы қызметтердің басшыларымен әзірленетін және Әкімдермен, Азаматтық қорғаныстың басшыларымен сәйкес облыста, аудандарда және қалада бекітілетін ережелермен анықталады.
Бөлім 2. ІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Тармақ 4
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің негізі мәселелері болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) халықты қорғау және бейбіт пен соғыс кездеріндегі авариялардың, қауіп қатерлердің, зіл залалардың зардаптарынан болатын залалды жеңілдету бойынша Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың шаралар кешенін қамтамасыз етілуін орындау және жоспарлау;
Тармақша 2
2) ұйымдардың қамтамасыз етілуі және бейбіт пен соғыс кезінде құтқарушылық және басқа да кейінгі қалдырылмайтын жұмыстардың өткізілуі, зардап шегуші халыққа жәрдем көрсетілуі. Арнайы құрамалардыңдың құрылуы мен дайындығы, оларға құтқарушылық жұмыстарды өткізу үшін дайындығында көмек көрсету;
Тармақша 3
3) бағынышты органдармен және Азаматтық қорғаныс күштерімен басқарудың ұйымдастырылуы, олардың қажетті материалдық – техникалық құралдармен қамтамасыздандырылуы. Басқарушы құрамның дайындығы, бейбіт және және соғыс кезінде халықтын қорғаныс тәсілдеріне және төтенше жағдайлардағы іс қимылдарына оқытылуы;
Тармақша 4
4) Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың басқару жүйелерінің дайындықтарын жоғары дәрежеде көтеру мен құрылудың қамтамасыз етілуі; халықтын зіл зала, ірі авариялар, қауіп қатерлердің мүмкін болуы және қарсы жақтың қазіргі замаңғы соғыс құралдарын қолдану мүмкіндігі туралы хабарландырылуы; радиоактивтілік, химиялық, бактериялық ластануға күнделікті тексеру мен бақылаудың ұйымдастырылуы;
Тармақша 5
5) басқару органдары және әскери басшылық күштермен сәйкес келетін өзара іс қимылдың жәрдем көрсетілуі мен ұйымдастырылуы;
Тармақша 6
6) таратып орналастыру және бағынышты ұйымдар мен мекемелер эвакуациясымен басшылығы; бейбіт және соғыс уақыттағы олардың төтенше жағдайлардағы қызметтерінің қамтамасыз етілуі, орналастыру аудандарын алдын ала дайындау шараларын алу;
Тармақша 7
7) бейбіт және соғыс уақытындағы Азаматтық қорғаныс, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің жоспарларының әзірленуі; ведомстволық қарасты бөлімшелердегі Азаматтық қорғаныстың жоспарлауымен басқару;
Тармақша 8
8) Азаматтық қорғаныс бастығына құтқарушылық және басқа да кейінге қалдырылмайтын жұмыстар жүргізілуіне шешім шығару үшін ұсыныстар дайындығы;
Тармақша 9
9) бағынышты күштер мен және Азаматтық қорғаныс бастығымен қойылған міндеттер орындаудағы қызмет жолдарымен басқару;
Тармақша 10
10) авариялық жағдайлардың туындау қаупін азайту, бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде салалар, бірлестіктер мен кәсіпорындардың жұмыс істеу орнықтылығын арттыру шараларын қарастырып және жүзеге асыруды басқару;
Тармақша 11
11) Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерімен белгіленген тәртіпте өткізілетін заттық-техникалық жабдықтау шаралары мен қаржыландырудың, жеделдік қажеттілік жағдайға олардың резервтерін құру, төтенше жағдайлардың ескертуі бойынша шаралар қолдану, құтқарушылық жұмыстардың қамтамасыз етілуі мен зардап шегушілерге көмек көрсетілу қамтамасыздығы;
Тармақша 12
12) қызметтер білігі жағындағы Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар шараларының барлық кешенімен тікелей басқарудың жүзеге асырылуы.
Аудандар және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қалалық қызметтері Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың мәселерін шешуде Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қызметтеріне бағынады.
Бөлім 3. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ
Облыстық ішкі істер басқармасының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың басқару органдары басшылық құрамының авариялар, қауіп қатерлер және зіл залалар пайда болу мүмкіндігі оның халыққа қауіптігі туралы хабарлауында қатысуы; жалпы тәртіпті ұстау, қалада, тұрғындар пункттерінде, зақымдану ошақтарында, адамдарды таратып орналастыру жерлерінде және көлік магистралдарында жолдық қозғалыстың қамтамасыз етілуі; мемлекеттік меншіктің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің және азаматтардың жеке мүлігін қорғау; қылмыспен күрес; бейбіт және соғыс кездеріндегі халықтың жоғалу есебін жүргізу; көшірген шаралардың қамтамасыз етілуі; қарудың, қаружарақтардың, рұқсат етілген жүйенің объектілеріндегі қатты әсер ететін және улы заттардың, азаматтарды уақытша тарату пунктілерінің қорғауы, азық-түлікпен және заттай жабдықтаудың сақталуының қамтамасыз етілуі; тұрғындар арасында айқай-шу жібермеу жөнінде және араңдату мен жалған лақаптардың таратылуы бойынша түсінік беру жұмыстарының өткізілуі.
Бөлім 4. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ
Мемлекеттік өртке қарсы қызметін облыстық басқармасының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: аудандық стихиялық апаттарда, авариялардың және қауіп қатерлердін, зақымдану ошақтарында құтқарушылық және басқа кейінге қалдырылмайтын жұмыстар өткізілуіндегі оқшаулану мен өрттердін сөнуі; тұрғындар пункттерінің және объектілердің, аудандар мен қаланың өртке қарсы орнықтылығын көтеруге жіберілген техникалық, ұйымдық және өртті алдын ала қолданылатын шаралардың дер кезде орындалуына бақылаудың жүзеге асырылуы; төтенше жағдайлардың жойылуы мен пайда болуындағы қарастырушылық авариялық-құтқарушылық, өртке қарсы жұмыстардың өткізілуі; халықтың төтенше жағдайлардағы іс қимылдарға оқытылуы мен дайындыққа қатысуы; төтенше жағдайларды ескерту және олардың зардаптарынан болатын залалды азайту мен халықты қорғау жөніндегі болашағы бар шаралардың жүзеге асырылуы мен әзірленуінде қатысуы; облыстың авариялық-құтқарушылық қызмет құрамының құрамдық бөлігі секілді әскери өртті қорғау жүйесінің нығаюы мен әскери-қаблетті сақталуы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы: объекттер мен тұрғындар пунктінін өртке қарсы бөлімшелерінің дайындығына олардын ведомстволық керек-жарағына және өрт пайда болуындағы олардың іс қимылдарымен басқаруына қарамастан бақылаудың жүзеге асырылуы.
Бөлім 5. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТІ
Ақпарат және қоғамдық келісімнің облыстық басқармасының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: халықты хабарлау бойынша, экономика объектілерінің, авариялар, қауіп-қатерлер, стихиялық апаттар болуы туралы мекемелердің, ұйымдардың меншік нысанына қарамастан теле-радио құрылымдардың мекемелерімен қоса Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың шараларының жүзеге асырылуы мен әзірленуі; айрықша жағдайларда халықтың іс қимылы туралы теле-радио мектептердің ұйымдастырылуы; төтенше жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен іс қимылдарының ережелері жөніндегі жарнамалар, плакаттар, буклеттер, кітапшалар және т. б. әдебиеттік әзірленуі; сұхбаттар әңгімелер, мәселелер және теледидардан, басылымнан, төтенше жағдайлар жөнінде радиодан жауаптар циклдарының жие өткізілуі; азаматтық қорғаныс дайындығы мен оқуларының орындарынан репортаждардын ұйымдастырылуы; алдынғы қатарлы тәжірибелердің насихаты, облыстың мәдениет мекемелеріне Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі оқыту кинофилімдерінің көрсетілуі мен басқа да шаралар өткізуінің ұйымдастырылуында көмек көрсету және бақылау.
Бөлім 6. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ
Тұрғын үйдін, сәулетін және аумақтар құрылысын облыстық басқармасы базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: стихиялық апаттардың, авариялардың және қауіп-қатерлердің зардаптарының жоғалуы жөніндегі инженерлік қамтамасыз ету шаралар жұмысының өткізілуі мен дайындығы; инженерлік командалардын, авариялық-қалыптасушылық, құтқарушылық және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың басқа да құраламаларының, олардың техникамен, мүлікпен, жасақтау мен жабдықтау жұмыстарының өткізілуінін құрылуы, есебі және оларды ұстау, бейбіт және соғыс кезінде қорғау ғимараттардың жинақтау қорына бақылаудың жүзеге асырылуы мен ұйымдастырылуы; соғыс кезінде қорғаныс ғимараттардың жетіспеушілік қорының жедел құрылысы жоспарларының әзірленуі; ізденіп орындату аудандарында, зақымдану ошақтарында және құтқарушылық жұмыстын объектілерінде жоғарлатуында азаматтық қорғаныс күштерінің іс қимылдарының қамтамасыз етілуі; құрылыс нормалар мен ережелердің қайта қабылданатын жобалардың келісуі тұрғын үйлердің, ғимараттардың, сейсмоорнықтылық ғимараттардың құрылысына және Республиканың сейсмоқауіпті-аудандарда сейсмикалық тұрғыдан өткізуді бақылау; облысқа сейсмоқауіпті-аудандарда сейсмикалық тұрғыдан өткізуді бақылау; облысқа инженерлік қызметін, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қалыптастыруының есебі.
Бөлім 7. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТРАНСПОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТРАНСПОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Қоғамдық транспорт пен Ақтөбе тасымалдау бөлімінің облыстық қызметінің базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: бейбіт және соғыс уақытына азаматтық қорғаныс жоспары бойынша транспорттық қамтамасыз етудің есептесулерінің әзірленуі; құтқарушылық және басқа да кейінге қалдырылмайтын жұмыстарды өткізу орындарына Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың құрамаларын, мүлік пен техниканың, әскери-бөлімдердің, зардап шегуші халықтын автокөлік және теміржол көлігімен тасымалдау органдарымен бірге жүзеге асырылуы; отырғызуы және тұрғызуы пунктілерінің анықталуы және олардың барлық қажетті жабдықпен, техникамен жабдықтау; жұмыс ауысымдарын объектілеріне тасымалдау; облысқа көлік қызметі құрамаларының есебі; бейбіт және соғыс кезінде көшуші халық пен жүктерді тасымалдау; төтенше жағдайлардың зардаптарының жойылуы мен алдын алу үшін қажетті, арнайы жүктер мен авариялық-құтқарушылық қызметінің жеке құрамының бірінші кезекті ретте жеткізілуінің қамтамасыз етілуі, зардап шегуші халыққа көмек көрсетілуі.
Бөлім 8. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ САУДА ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ САУДА ҚЫЗМЕТІ
Экономика облыстық басқармасының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: бейбіт және соғыс кезінде бірінші қажеттілікпен азық-түлік пен өнеркәсіп тауарлар қорларының сақталуын қамтамасыз ету және резервтерін құру бойынша шаралардың ұйымдастырылуы мен әзірленуі; зақымдану ошақтарында, қауіп қатерлер, авариялар, стихиялық апаттар нәтижесінде зардап шегуші халықты азық-түлікпен, киіммен, төсек керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және жоспарлау; зақымдану ошақтарында, құрамының жеке құрамын азық-түлікпен, сумен қамтамасыз ету, зақымдану ошақтарында, қирау учаскелерінде жұмыс жасайтындарды, жеке құрамының арнайы өндеу пунктілерін, дәрігерлік көмек отрядтарын, меншік нысаны мен қызметіне қарамастан қаланың, аудандар, облыстардың сауда және тамақтандыру кәсіпорындарын тартумен жол полициясы реттеуі мен қорғау посттарын аяқ-киіммен, киім-кишекпен қамтамасыз ету. Облысқа сауда және тамақтандыру қызметінің құрамалардың есебінің жүргізілуі.
Бөлім 9. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙЛАР ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙЛАР ҚЫЗМЕТІ
«Ақтөбемұнайбазасы» бірлестік қоғамының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: бейбіт және соғыс кезіне жанар-жағар май қорларының жоспарлануы мен құрылуы; авариялар, қауіп қатерлер, стихиялық апаттар аудандарында азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың шараларын жанар-жағар май заттарымен қамтамасыз етілуі; Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың шараларын өткізу үшін қызмет түрі мен меншік нысанына қарамастан жанар-жағар май ыдысының сақталуы жылжымалы жанар май құю станцияларының сондай ақ облыс мекемелерінің жанар май құю станциялары мүмкіндігін тарту жұмыстарына бақылау; құтқарушылық және басқа да кейінге қалдырылмайтын жұмыстарын өткізу орындарына жанар-жағар майларының жеткізілуі; облысқа азаматтық қорғаныстың жанар-жағар май қызметі құрамасының есебінің жүргізілуі.
Бөлім 10. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ҚЫЗМЕТІ
«Актобеэнерго» ашық түріндегі акционерлік қоғамының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: байланыстық кәсіп орындардың энергетикалық жүйелерін мен тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтау энергообъектілерінің, облыстың шаруашылық объектілерінің жұмысының орнықтылығын жоғарлатуға жіберілген азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың шараларының бейбіт және соғыс кезінде алдын ала өткізілуі; жұмыстың ерекше режиміне энергетика объектілері мен энергетика жүйелері аудару бойынша шаралар орындалудың басқарылуы; жүйелер мен энергетикалық объектілерде авариялық-техникалық жұмыстардың орындалуы үшін арнайы құраманы пайдалану туралы ұсыныстардың дайындығы; төтенше жағдайлар мен автономиялық электрқуаты көздерінің аудандарында энергожүйелер жұмысының орнықтылығын қамтамасыз ету және жүйелер мен энергетикалық ғимараттарда авариялардың тез және уақытында жойылуы; зардап шегуші, көшуші халықтын аудандарының құтқарушылық және басқа да кейінге қалдырылмайтын жұмыстар өткізілетін орындарды электроэнергиямен қамтамасыз ету; қалалар, басқа да тұрғындар пунктінің және экономика объектілерінің саулебүпкемелеу жөнінде шаралардың жүзеге асырылуы мен әзірленуінде қатысуы; меншік нысаны мен олардың ведомстволық керек-жарағына қарамастан стационарлық, қозғалыс және автономиялық электрстанцияларды ұстау мен есебін құрастыруына бақылаудың жүзеге асырылуы; пайдалану жоспардың орындалуы мен олардың бейбіт және соғыс уақытында әзірлеуі; арнайы құрамалар қызметінің дайындыққа келуі, ұсталуы және құрылуы бойынша шаралардың жүзеге асырылуы; азаматтық қорғаныс құрамалары мен төтенше жағдайлардың облысқа энергетика қызметінің есебінің жүргізілуі.
Бөлім 11. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ГАЗ ЖАЛҒАУЛАРЫ БОЙЫНША АВАРИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ГАЗ ЖАЛҒАУЛАРЫ БОЙЫНША АВАРИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
«Облтрансгаз» жабық түріндегі акционерлік қоғамының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: 12 кг/см-ге дейін олардағы газдың жұмысшы қысымы мен газбен жабдықтау объектілерінде авариялардың жойылуы мен оқшаулануы; газбен жабдықтау жұмысының уақытына бақылау; қалалық газ учаскелері авариялық қызметтерінің телефондармен, радиобайланыспен қамтамасыз етілуіне және жұмысына бақылау; газ учаскелерінің авариялық қызметтеріне әдістемелік көмек көрсетілуі; себептер анализі және авариялардың есебі;
Оқшаулану мен жойылу, ауыр оқиғаларымен және өліммен болатын І, ІІ категориялар аварияларда қала мен аудандардың қажетті авариялық – құтқарушылық қызметтерін шақырумен облыстық газқұтқарушылық қызметінің бастығы басқарады.
Газ жүйесі техникасымен бойынша авариялық – техникалық құрамының, мүлікпен және жасақтаумен жабдықтау бойынша шаралардың өткізілуі мен дайындығы; облысқа газ жүйелері бойынша азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың авариялық-техникалық құрамаларының есебі.
Бөлім 12. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЖАНАУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОР,АУ ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЖАНАУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОР,АУ ҚЫЗМЕТІ
Ауылшаруашылық облыстық басқармасының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: бейбіт және соғыс уақытында ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктерін, малшаруашылық пен өсімдікшаруашылық азық-түлігін, су көздері мен сумен жабдықтау жүйелерін қорғау бойынша шараларының орындалуы мен ұйымдастыру; жарақаттанған жануарлардың емделуі мен ветеринарлық барлаудың ұйымдастырылуы; жайылымдардың егіндердің және мал шаруашылығы мен өсімдікшаруашылығының азық-түлігін залалсыздануы, азаматтық қорғаныс құрамаларының жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметін техникамен, мүлікпен, жасақтаумен, залалсыз заттармен жабдықтау бойынша шараларды қолдану. Облысқа азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың құрамаларының есебі; залалсыз заттар резервнін құрылуы.
Бөлім 13. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ХАБАРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ХАБАРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІ
Телекоммуникациялардың облыстық дирекциясы базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың басқару органдарының бейбіт және соғыс кезіндегі ортақ мемлекеттік байланыс каналдарымен қолдануымен, облыстық ведомстволық мекемелер мен кәсіпорындардың байланыстары байланысымен меншік нысанына қарамастан қамтамасыз етілуі; халықты қорғау бойынша, сондай ақ құтқарушылық және басқа да кейінге қалдырылмайтын жұмыстар жүргізудегі, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың шараларын өткізудегі байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен бірлесіп жоспарлау және ұйымдастыру; байланыс және хабарландыру жүйесінің жасалуы мен дамуы; азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар бойынша хабарландыру сигналдарының тапсырылу (қабылдану) техникалық қамтамасыз етілуінің ұйымдастырылуы; организациялар мен олардың дайындығымен, салаларда және байланыс ғимараттарда авариялық-құтқарушылық жұмыстарының жүргізілуі мен жабдықталуының басқарылуы; халықты стихиялық апаттардың қауіпі, авариялар, қауіп қатерлер, қарсы жақтың шабуыл жасауы, радиоактивтілік, химиялық, бактериялық уланудың қауіптері туралы хабарландырылуы; байланыс түрлеріне және олардың топтан шығудағы тез арада қалпына келуіне қызмет көрсету.
Қалалардың, аудандардың, облыстардың Республиканың Азаматтық қорғаныс бастығының басқару пунктілерін және байланыс кәсіпорындарының базасында, байланыс ғимараттарында, салаларда авариялық - қайта құрылу жұмыстар жүргізілудің байланыспен байланыспен қамтамасыз етілу мақсатында есебі барлық облысқа жүргізілетін байланыс құрамалары құрылады.
Бөлім 14. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚЫЗМЕТІ
Санитарлық-эпидемиялық бақылаудың облыстық басқару базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: Радиоактивтілік сәулелердің әсер етуінің үлкен әлсіреуінің төтенше жағдайлар шарттарында халыққа қатты әсереткіш улы заттардың әсер етуінен болған зардапты азайту; авариялар кезінде химиялық қауіпті объектілерінде, радиациялық-қауіпті объектілерде (зақымдану ошақтарында), жем-шөптің, азық-түліктің, облыстық мекемелермен қадағалау және лабораториялық бақылау жүйесінің сулары мен жергіліктің радиоактивтілік, химиялық, бактериялық ластануы туралы ақпаратты жинақтап қору және алу; азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың хабарлау және байланыс қызметімен бірлесіп радиоактивтілік, химиялық және бактериялық ластану туралы халыққа хабарлаудың ұйымдастырылуы; радиациялық-қауіпті және химиялық-қауіпті объектілерде (зақымдану ошақтарында) авариялар, қауіп-қатерлер кезінде халық арасында іс қимылдар мен ережелер туралы түсінік беру жұмыстың өткізілуі; болжамдау және радиоактивтілік, химиялық және бактериялық ластанудың қайталануы мүмкін ошақтар жағдайының бағалануы; зақымдану ошақтарында және авария жерлерінде халықтын доземетриялық бақылауының ұйымдастырылуы; халықты қарсы жақтың кезекті үлкен зардабынан қорғау және оларды сақтау мақсатындағы азаматтық қорғаныс күштері, химиялық-қауіпті объектілерде және бактериялық ластануда, зақымдану ошақтарындағы іс қимылдарда азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың құрамаларының қорғауы және қауіпсіздіктін ұйымдастырылуы; халықты қарсы жақтың кезекті үлкен зардабынан қорғау және оларды сақтау мақсатындағы азаматтық қорғаныс күштері, химиялық-қауіпті объектілерінде, жергіліктің бактериялық ластануында және тасымалдау кезінде қауіп-қатерлер, авариялардың жойылуының ұйымдастырылуы бейбіт және соғыс кезінде төтенше жағдайлар аудандарында дезактивациялық, дегазациялық, дезенфекциялы жұмыстар жүргізу үшін заттық құралдар қорының құрылуы; радиациялық-қауіпті, химиялық қауіпті объектілерде, бактериялық құралдармен ластанған жергілікті және тасымалдау кезінде алдын алу жұмыстарының өткізілуі; өндірісте радиоактивтілік заттарды және иондаушылық сәуле көздерін, химиялық-қауіпті объектілерді және жарылыс-қауіпті объектілерді қолданатын кәсіпорындар мен мекемелердің бақылауы және есебі; радиоактивтілік қалыптардың көмілуінде облысқа радиациялыққа қарсы және химиялық қорғауының азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың құрамаларының есебі.
Бөлім 15. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Денсаулық сақтау облыстық басқармасының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың медициналық шараларының жүзеге асырылуы, емдеу-эвакуациялық санитарлық-гигиеналық және эпидемиялыққа қарсы шаралардың жүргізілуі: медициналық көмектің уақытында көрсетілуі, зақымданғандардың емделуі және эвакуациясы, зақымданушыларды тез арада еңбекке қайтару мақсатында олардың денсаулықтарын қалпына келтіру, қауіп-қатер ошақтарында дәлелсіз, қайтарусыз шығындар, сондай-ақ медициналық эвакуацияның жолдары мен кезеңдерінде өлім мен мүгедектік көрсеткіштер санының мейлінше үлкен төмендеуі; халыққа және оның тез арада реабилитациясына психоневрологиялық төмендеуіне жіберілген емделу-сақтандыру шараларының өткізілуі; төтенше жағдайлар аудандарында халықтын санитарлық бағы; стихиялық апаттар, қауіп-қатерлер аудандарында, оларға кіретін аумақтарда халық арасында көпшілік инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуының ескертілуі; төтенше жағдайлар зардаптарының жойылу кезеніндегі құрамалар жеке құрамының денсаулығының сақталуы, құтқарушылық бөлімшелердің жеке құрамына медициналық көмектің көрсетілуі; еңбек қабілеттілігін жоғалту бағасының болжамы және аурулардың ауыр жарақаттану дәрежелерін анықтау үшін зақымданушылардың сот-дәрігерлік растауы мен өлім себебтерінен белгіленуін қосқандағы өлгендердің сот-дәрігерлік сараптамасы; халықтын өзіне және өзара көмек көрсету қимылдарына оқытылуы; дәрігерлік мекемелерін медициналық дәрі дәрмек қорының құрылуы; азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметінің медициналық құрамаларының құрылуы, есебі, жабдықталуы және күтілуі; жедел дәрігерлік көмек қызметтері және олардың төтенше жағдайларда дәрігерлік-санитарлық жұмыстар өткізулеріне дайындығының қамтамасыз етілуі.
Бөлім 16. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ БӨГЕТТЕР ЖӘНЕ ЖОЛДАР ҚЫЗМЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ БӨГЕТТЕР ЖӘНЕ ЖОЛДАР ҚЫЗМЕТІ
«Қазавтожол» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның облыстық филиалының базасында құрылады.
Қызмет міндеттері: бейбіт және соғыс кезінде азаматтық қорғаныстың жол және арнайы шараларының орындалуы мен ұйымдастырылуы; осы мақсаттардағы күштер мен құралдар дайындығы, сондай ақ стихиялық апаттар, қауіп-қатерлер жерлерінде және зақымдану ошақтарында құтқарушылық және кейінге қалдырылмайтын жұмыстар дайындығының қамтамасыз етілуі; Облыс жол байланысының ондағы қажетті объектілерінің техникалық жабылуы; автожолдардағы және қираған жол ғимараттары арқылы қозғалыстардың қалпына келуі; автокөлік жолдар күйіне күнделікті қараудың жүргізілуі; қалалар салынатын шекараларға дейін қирау және сондай ақ көшуші халықпен колонналар ошақтарына құрамаларды жоғарлатудын жолдық қамтамасыз етілуі; азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың облысқа жолдар мен бөгеттер қызметінің қалыптастыруларын техникамен, мүлікпен және жасақтаумен қамтамасыз етудің және күтіп ұстаудың есебі.