Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Координатор" Комитета технического регулирования и метрологии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан

Қаулы · № 1041 · қабылданған 12.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60426/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Координатор" Комитета технического регулирования и метрологии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1041 ·12.09.2011
25.05.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Координатор" Комитета технического регулирования и метрологии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1041 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Координатор" Комитета технического регулирования и метрологии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1041
Қабылданған күні
12.09.2011
Көрсетілген редакция
25.05.2017 AI60426_10.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001041
ЭКБ идентификаторы
60426
Редакция идентификаторы
AI60426_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:38

0 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Координатор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен "ТРМК Координатор" (бұдан әрі - Серіктестік) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды, көліктік қызмет көрсетуді және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Серіктестік Жарғысының бекітілуін;

2 2) Серіктестікті әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3 3) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2011 жы­л­ғы 12 қыр­күй­ек­те­гі
№ 1041 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің турлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

акциялардың мемлекеттік пакеттері және үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қ." деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-133-жолмен толықтырылсын:
"21-133 "Координатор" ЖШС".

3 3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 292-2-1-жолмен толықтырылсын:
"292-2-1 "Координатор" ЖШС".

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қолданыстағы