Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении месячника по благоустройству, санитарной очистке и озеленению территории городов и сельских населенных пунктов области

Өзге акт · № 56 · қабылданған 09.04.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6044/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О проведении месячника по благоустройству, санитарной очистке и озеленению территории городов и сельских населенных пунктов области Қолданыста 09.04.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении месячника по благоустройству, санитарной очистке и озеленению территории городов и сельских населенных пунктов области

Қолданыста Өзге акт № 56 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении месячника по благоустройству, санитарной очистке и озеленению территории городов и сельских населенных пунктов области
Атауы (қаз.)
Облыстың қалалары мен селолық елді мекендерді аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығын өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
56
Қабылданған күні
09.04.2000
Көрсетілген редакция
09.04.2000 6044_191903.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00C000515_
ЭКБ идентификаторы
6044
Редакция идентификаторы
6044_191903
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:32
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстың қалалары мен селолық елді мекендерді аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығын өткізу туралы

"Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18-мамырдағы № 3956 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16-қарашадағы № 4153 Жарлығымен бекітілген "Халықтың денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасын, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңындағы елді мекендер аумақтарын көріктендіру және санитарлық жақсарту шараларын іске асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдері:

1) 2000 жылғы 15-сәуір - 15-мамыр арлығында облыстың елді мекендері аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығын ұйымдастырсын және өткізсін;

2) меншіктік нысандарына қарамастан облыстың барлық кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелері қызметшілерін, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары оқушыларын ғимараттардың, үйлердің, өндірістік ғимараттардың, қоршаулардың, парктердің, гүлзарлардың, көшелердің, тротуарлардың қасбеттерін тиісті санитарлық-техникалық талаптарға сәйкестендіру жөніндегі
көпшілік жұмыстарын жүргізуге тартсын;

3) меншіктік нысандарына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға аумақтарды, көшелерді, аландарды бекітсін, осы жұмысқа жол қызметтерін, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарын тартсын;

4) елді мекендердің айналасындағы ұйымдастырылмаған қоқыс төгілген орындарды жойсын және бұдан былай қалалар, елді мекендер, су қоймалары, кәсіпорындар және ұйымдар маңындағы аумақтардың ластануына жол берілмесін;

5) қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды тұрмыстық қалдықтар полигонына шығаруды іске асырсын;

6) су құбырларының, канализация жүйелерінің ақауларын және инженерлік желілердегі авариялар зардаптарын жоюдың нақты шараларын алсын;

7) көшелерді мен автожолдарды жарықтандыру жөніндегі тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізсін;

8) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендірудің шараларыш алсын;

9) уақытша жұмыспен қамту тәртібінде жұмыссыз азаматтар көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру жөніндегі қоғамдық ақы төленетін жұмыстарға тартсын.

2. Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасына (А.Тұрғалиев), "Табиғат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (А. Егізбаев) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендіру үшін тиісті санда ағаштар мен бұта тектестер өскіндерімен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3. Облыстық санэпидемстанциясы (Е. Оңайбаев), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А. Иманбеков), облыстық ішкі істер басқармасы (С. Ісімов) облыстың қалалары мен селолық елді мекендері аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығының өткізілу барысына бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Облыстық газеттердің редакциялары, облыстық телерадиокомпания айлықтық өту барысын жан-жақты көрсетсін.

5. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдері, облыстық санэпидемстанция (Е. Оңайбаев), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А. Иманбеков) 2000 жылғы 20-мамырға дейін жүргізілген жұмыстың қорытындылары туралы облыс Әкімінің аппаратына хабарласын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевқа жүктелсін.