Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оформления сопроводительных накладных

Қаулы · № 806 · қабылданған 15.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60443/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил оформления сопроводительных накладных Күшін жойған Қаулы ·№ 806 ·15.07.2011
16.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оформления сопроводительных накладных

Күшін жойған Қаулы ·№ 806 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оформления сопроводительных накладных
Атауы (қаз.)
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
806
Қабылданған күні
15.07.2011
Көрсетілген редакция
16.11.2018 60443_370858.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000806
ЭКБ идентификаторы
60443
Редакция идентификаторы
60443_370858
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:58

0 Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 806 қаулысымен
бекітілген
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы

1 1. Осы Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2 2. Қағида заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі - өнім берушілердің) биоотынды (биоэтанолды қоспағанда) өткізу (босату), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі - ІЖҚ) ресімдеу тәртібін белгілейді.

3 3. Биоотынды (импортталатын биоотынды тасымалдауды қоспағанда) өткізу (босату), қайтару, тасымалдау бойынша әрбір операцияны жүргізу кезінде өнім берушілер міндетті түрде осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІЖҚ ресімдейді.

4 4. ІЖҚ-ні өнім беруші ақпараттық жүйе (бұдан әрі - Бағдарлама) арқылы электронды түрде мемлекеттік немесе орыс тілінде ресімдейді.

5 5. ІЖҚ-да мынадай деректер көрсетіледі:

1 1) ІЖҚ нөмірі (Бағдарламада автоматты түрде беріледі);

2 2) ресімдеу күні (Бағдарламада автоматты түрде қойылады);

3 3) операция коды (Бағдарламаның анықтамалығынан таңдалады);

4 4) өнім берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) (жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - БСН) толық көшкенге дейін міндетті деректеме);

5 5) өнім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) (ЖСН мен БСН-ге толық көшкенге дейін міндетті емес деректеме);

6 6) биоотын берушінің атауы, оның заңды мекенжайы және тиеп-жөнелту мекенжайы;

7 7) ІЖҚ-ын электрондық түрде тапсыратын өнім берушінің салық органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен тандалады);

8 8) өнім берушінің түрі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен таңдалады);

9 9) алушының СТН-ы;

10 10) алушының ЖСН/БСН-ы;

11 11) биоотын алушының атауы, оның заңды мекенжайы және тиеп-жөнелту мекенжайы;

12 12) ІЖҚ электрондық түрде тапсырылатын алушының салық органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен таңдалады);

13 13) шарттың нөмірі, күні;

14 14) көлік түрі: автомобиль; темір жол; әуе; теңіз немесе ішкі су; құбыр жолдары (көлік түрі таңдалады):

тасымалдаушы туралы мәліметтерде биоотынды тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға туралы деректер көрсетіледі (өнім беруші енгізеді);
автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде көлік құралы туралы мәліметтерде көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі, (өнім беруші енгізеді);
экспедитор, жүргізуші туралы мәліметтер (өнім беруші енгізеді);

15 15) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) биоотынның жалпы мөлшері (тоннада көрсетіледі);

16 16) биоотын маркасы;

17 17) жеке сәйкестендіру нөмірі - коды (бұдан әрі - ЖСН-коды) (Бағдарламаның ЖСН-кодтарының анықтамалығынан таңдалады);

18 18) ыдыстың сыйымдылығы (тоннада);

19 19) ыдыстың саны (данада);

20 20) биоотынның мөлшерінің жиыны (тоннада);

21 21) өнімнің құны (теңгеде);

22 22) биоотын қайтарылған кезде тиісті бағанда өткізу кезінде өнім беруші берген ІЖҚ нөмірі толтырылады (биоотын қайратылған жағдайда ғана толтырылады);

«Жүргізуші» бағаны тек қағаз жеткізгіште толтырылады.

6

6. ІЖҚ уәкілетті органнын, серверіне жіберілгеннен кейін кағаз жеткізгіште екі данада басып шығарылады, болған кезде басшы, бухгалтер кол қояды, сондай-ақ өнім берушінің мөрімен куәландырылады (болған жағдайда жеке кәсіпкерлер үшін). ІЖҚ бір данасы биоотынды берушіде калады, екінші данасы көлік құралы арқылы алушыға беріледі.

7

7. Биоотын алушылар ІЖҚ-да көрсетілген деректерге сәйкес оны алғанын электронды түрде растайды не биоотынды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алушының мөрімен куәландырылған ІЖҚ көшірмесін тапсырады. Биоотынның экспорты кезінде Бағдарламада алушылардың ІЖҚ-ға сәйкес биоотынды алғанын растауы талап етілмейді, алушының деректерін өнім беруші енгізеді.

8 8. Биоотынның импорты кезінде алушы ІЖҚ-ны ресімдемейді.

9 9. Осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген қате және (немесе) дұрыс емес деректер көрсетіле отырып, ресімделген ІЖҚ-ны осындай ІЖҚ ресімделген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өнім беруші жоюы тиіс.

10 10. Осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген мерзім еткеннен кейін ІЖҚ-нің жойылуын Бағдарлама автоматты түрде жауып тастайды.

11 11. ІЖҚ есебі Бағдарламаның ІЖҚ тізілімінде жүргізіледі.

12 12. Қағаз жеткізгіштегі ІЖҚ өнім берушілер мен алушыларда бес жыл бойы сақталады.

13 13. Өнім беруші (алушы) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін ІЖҚ-ны сақтау міндеттемесі оның құқықтық мирасқорына (мирасқорларына) жүктеледі.

39 Ілеспе жүкқұжаттарды

ресімдеу кағидасына
қосымша
Нысан
№ іле­с­пе жүк­құ­жат
Ре­сім­дел­ген кү­ні: ___________________
__________________________________
Жет­кі­зу­ші­нің СТН-і ___________________________
Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН-і*___________
Жет­кі­зу­ші­нің ата­уы, заң­ды ме­кен-жайы және ти­еп-жө­нел­ту ме­кен
жай­ы­_________________________
__________________________________
Өнім бе­ру­ші­нің са­лық ор­га­ны­ның ко­ды: ________
Өнім бе­ру­ші­нің тү­рі ______________
Опе­ра­ция ко­ды ________________________
__________________________________
Алушы­ның СТН-і____________________
Алушы­ның ЖСН/БСН-і*_______________
Алушы­ның ата­уы, заң­ды ме­кен жайы және ти­еп-жө­нел­ту ме­кен жай­ы­__________
__________________________________
Алушы­ның са­лық ор­га­ны­ның ко­ды:____
Шар­ттың (шар­тқа қо­сым­ша­ның) нө­мі­рі _________    Шар­ттың кү­ні  2011 ж.«__» ______
_______________________________________________________________­_­_­_­__
Кө­лік тү­рі: Ав­то ТЖ Әуе Те­ңіз неме­се іш­кі су
Та­сы­мал­да­у­шы ту­ра­лы мә­лі­мет_________________________________________
Кө­лік құ­ра­лы ту­ра­лы мә­лі­мет_________________________________________
Экс­пе­ди­тор ту­ра­лы мә­лі­мет___________________________________________
_______________________________________________________________­_­_­_­__
Өт­кі­зі­ле­тін(ти­еп-жө­нел­те­тін) био­отын­ның мөл­ше­рі. Бар­лы­ғы: _______
(тон­на)

Мар­ка
ЖСН-ко­ды
Ыдыс­тың
сый­ым­ды­лы­ғы
(тон­на­да)
Ыдыс­тың
са­ны
Бар­лы­ғы
тон­на са­ны
Өнім­нің
құ­ны
(тең­ге)
Жет­кі­зу­ші жа­зып
бер­ген ІЖҚ нө­мі­рі
(био­отын қай­та­ры­л­ған
жағ­дай­да)
Бар­лы­ғы: _____ жол
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Бас­шы­ның Т.А.Ә:  __________________________    ___________________
қо­лы
М.О.
Бух­гал­тер­дің Т.А.Ә.: ______________________     __________________
қо­лы
Та­сы­мал­да­у­шы: ________________________________  _______________
(Т.А.Ә., же­ке ку­ә­лі­гі­нің неме­се пас­пор­ты­ның         қо­лы
се­ри­я­сы, нө­мі­рі мен кү­ні)
- 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап толтырылады

Қолданыстағы