Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области охраны, воспроизводства и использования животного мира (кроме рыбы и других водных животных)

Бұйрық · № 25-03-02/459 · қабылданған 05.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60450/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области охраны, воспроизводства и использования животного мира (кроме рыбы и других водных животных) Күшін жойған Бұйрық ·№ 25-03-02/459 ·05.08.2011
13.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области охраны, воспроизводства и использования животного мира (кроме рыбы и других водных животных)

Күшін жойған Бұйрық ·№ 25-03-02/459 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области охраны, воспроизводства и использования животного мира (кроме рыбы и других водных животных)
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25-03-02/459
Қабылданған күні
05.08.2011
Көрсетілген редакция
13.07.2015 AI60450_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007150
ЭКБ идентификаторы
60450
Редакция идентификаторы
AI60450_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:49

0 Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парағының нысанын бекіту туралы

2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына және 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағының және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтың Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3

3. "Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері мен тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 133 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 111 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6127 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде № 61 (1683) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасы                 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы.                      Экономикалық даму және
министрінің м.а.                       сауда министрінің м.а
_______________Е. Аман                 __________ Д. Шаженова

11 Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 25-03-02/459 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің м.а.
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 238 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекел деңгейін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тексеру мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді және тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық дамудың ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығын айқындайды.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады.

1 1) тәуекел – тексерілетін субъекті қызметінің салдарынан адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіру зардаптарының ауырлығы дәрежесін ескере отырып, оны келтірудің ықтималдылығы;

2 2) тексеру субъекті - жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында қызмет атқаратын субъект.

3 3. Критерийлер тексеру субъектілерінің маңыздылығы бойынша – объективті және Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын бұзушылықтар бойынша – субъективті критерийлер болып бөлінеді.

4 4. Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру субъектілерін бастапқы жатқызу объективті критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады.

5 5. Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру субъектілерін әртүрлі тәуекел деңгейлеріне содан кейінгі жатқызу субъективті критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады.

6 6. Тексеру субъектілері пайдаланатын жануарлар дүниесі объектілерінің құндылығы мен саны жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел деңгейін бағалаудың объективті критерийлері болып табылады.

7 7. Тексеру субъектілері жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел деңгейін бағалаудың объективті критерийлері ескеріле отырып, мынадай тәуекел топтарына жатады:

1 1) жоспарлы тексерулерді жүргізу кезеңділігі жылына бір рет қана жоғары дәрежедегі тәуекел тобы – аңшылық ісін пайдаланушылар;

2 2) жоспарлы тексерулерді жүргізу кезеңділігі үш жылда бір рет қана орташа дәрежедегі тәуекел тобы– жануарлар дүниесі объектілерін қоршауда және жартылай еркін ұстаумен, өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, азаматтарды аңшылық минимумына оқытумен айналысатын ұйымдар;

3 3) жоспарлы тексерулерді жүргізу кезеңділігі бес жылда бір рет қана болымсыз дәрежедегі тәуекел тобы – зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бақтары, биологиялық орталықтар.

8 8. Өрескел, елеулі түрде және болымсыз бұзу деп жіктелетін Қазақстан Республикасының заңдары мен Үкіметінің қаулыларын бұзу субъективті критерийлер болып танылады.

9 9. Өрескел тәртіп бұзуларға мыналар жатады:

1

1) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану;

2 2) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық ережелердi бұзу;

3 3) қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ аң аулау ережелерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу;

4 4) жарылғыш құрылғыларды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған аң аулау ережелерін бұзу;

5

5) мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк тексеру және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру;

6 6) мемлекеттiк тексеру мен қадағалау органдары (лауазымды тұлғалар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, ұсынымдарын, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау.

10 10. Елеулі түрде тәртіп бұзуларға мыналар жатады:

1

1) сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейтетiн дәрiлермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау;

2

2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өсімдік қорғау құралдарын, олардың өсуiн жылдамдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге соқтырған немесе соқтыруы мүмкiн басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу;

3

3) өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру;

4

4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн бұзу.

11 11. Болымсыз тәртіп бұзуға мыналар жатады:

1 1) аңшылық алқаптарды бекітіп беру, пайдалану және қорғау тәртібін бұзу.

12 12. Тәуекелдерді анықтау үшін мәліметтер ретінде тексеру субъектілері туралы бір жылға жинақталған деректер, оның ішінде жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша алынған деректер де пайдаланылады.

13 13. Тексеру субъектісі жол берген өрескел бұзу 20 балға, елеулі түрде бұзу 10 балға және болымсыз бұзу 5 балға бағаланады.

14 14. Тәртіп бұзудың ауырлығын ескере отырып тексеру субъектісі мынадай тәртіппен белгілі бір тәуекел дәрежесіне айқындалады:

1 1) 20 және одан да көп балл жинаған тексеру субъектілері жоғары дәрежедегі тәуекел тобына ауыстырылады;

2 2) 10 балдан 15 балға дейін жинаған тексеру субъектілері орташа дәрежедегі топқа ауыстырылады;

3 3) 5 балл жинаған тексеру субъектілері болымсыз дәрежедегі топқа ауыстырылады.

Бастапқыда жоғары дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған тексеру субъектілері белгіленген талаптарға жол бермеген бұзұлған жағдайда тәуекел деңгейі орташа топқа ауыстырылады.

15 15. Бір тәуекел дәрежесі ішіндегі тексеру субъектілерін тексеруді жоспарлаудың бірінші кезектілігі үшін:

1 1) тексерілмеген кезеңнің барынша ұзақ болуы;

2 2) жануарлар дүниесі объектілері санының қысқаруы;

3 3) осы аумақта браконьерлік фактілерінің көбеюі негіз болып табылады.

49 Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 25-03-02/459 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің м.а.
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 238 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
нысан
Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағы
__________                                      __________________
(күні)                                         (толтырылған жер)
____________________________________________________________________
(тексеруді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаның Т.А.Ж.)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе тексеру субъектісінің субъектінің                                  Т.А.Ж.)
____________________________________________________________________
(заңды мекен-жайы)
р/с

Та­лап­тар
Мә­се­ле­нің
құ­зы­ре­ті
Иә/Жок/
Қа­жет емес
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
1
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі ор­ман өрт­терiнiң ал­дын алу, олар­ды дер кезiн­де бай­қау және жою жөнiн­де iс-ша­ра­лар ұй­ым­да­стыр­ған және жүр­гiз­ген
АП
2
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­ман заң­да­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жа­ну­ар­лар дү­ни­есiн қор­ғау, мо­лай­ту мен пай­да­ла­ну және ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар ту­ра­лы заң­дар­ды бұ­зу фак­тiлерi жөнiн­де­гi ақ­па­рат­ты, та­лап-ары­здар­ды және өзге де ма­те­ри­ал­дар­ды мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар­ға және құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­на, сот­қа жi­бе­ре­ді
АП
3
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі био­тех­ни­ка­лық iс-ша­ра­лар жүр­гi­зе­ді
АП
4
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі мем­ле­кет­тiк ор­ман қopы ау­ма­ғын­да аң және ба­лық аулау ере­же­лерiнiң сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ет­кен
АП
5
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі мем­ле­кет­тiк ор­ман қо­ры­ның өздерiне ор­ман пай­да­ла­ну үшiн бөлiнiп берiл­ген учас­ке­лерiн­де өрт қа­уiп­сiздi­гi ере­же­лерiн сақ­тай­ды, өрт­ке қар­сы iс-ша­ра­лар­ды жүр­гi­зе­ді, ал ор­ман өр­тi пай­да болған жағ­дай­да оны сөн­дiрудi қам­та­ма­сыз ете­ді
АП
6
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі ұзақ мерзiм­дi ор­ман пай­да­ла­ну кезiн­де мем­ле­кет­тiк ор­ман ие­ле­ну­шiлер­мен келi­се оты­рып өрт­ке қар­сы iс-ша­ра­лар жос­па­рын әзiр­лей­ді және бекi­те­ді
АП
7
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де мем­ле­кет­тiк ор­ман қо­ры ау­ма­ғын­да өздерi мә­де­ни-са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық, ту­ри­стiк, спорт­тық және бас­қа да iс-ша­ра­лар мен жұ­мыстар­ды өт­кi­зетiн жер­лер­де өрт сөн­дiретiн құ­рал­дар бар
ВС
8
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі мем­ле­кет­тiк ор­ман қо­ры­ның ор­ман пай­да­ла­ну үшiн бөлiн­ген учас­ке­лерiн­де заң­сыз ағаш ке­су­ге және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­ман заң­да­рын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жа­ну­ар­лар дү­ни­есiн қор­ғау, мо­лай­ту мен пай­да­ла­ну ту­ра­лы және ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар ту­ра­лы заң­да­рын өзге де бұ­зу­шы­лық­тар­ға жол бер­мей­ді
АП, ЖТ
9
Тек­се­ру мем­ле­кет­тiк ор­ман қо­ры учас­ке­лерiн­де жа­байы же­мiстер, жаң­ғақ­тар, са­ңы­ра­у­құ­лақ­тар, жи­дек­тер, дәрiлiк өсiм­дiк­тер және тех­ни­ка­лық ши­кi­зат дай­ын­дау мен жи­на­уды, ма­рал ша­ру­а­шы­лы­ғын, аң ша­ру­а­шы­лы­ғын, ара ұя­ла­ры мен омар­та­лар ор­на­ла­сты­ру­ды, бау-бақ­ша және өзге де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­рын өсiру­ді ор­ман­ға зи­ян кел­тiрiл­мей жү­зе­ге асы­ра­ды.
ЖТ, АП
10
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі мем­ле­кет­тiк ор­ман қо­ры учас­ке­лерiн аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның қа­жетiне пай­да­ла­ну­ды ор­ман­ға нұқ­сан кел­тір­мей және жа­байы жа­ну­ар­лар үшін жай­лы ме­кен­деу ор­та­сын сақ­тай оты­рып жү­зе­ге асы­ра­ды.
АП
11
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де аң аулай­тын ал­қап­тар­ды бе­кі­тіп бе­ру ту­ра­лы құ­жат­тар бар (об­лы­стық ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ше­ші­мі, аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зу шар­ты)
АП
12
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі ша­ру­а­шы­лы­қi­шiлiк аң­шы­лық iсiн ұй­ым­да­сты­ру­ды жүр­гіз­ген
АП
13
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де аумақ­тық уәкiлет­тi ор­ган­мен келi­сі­л­ген Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зу жос­па­ры бар
АП
14
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғын жүр­гi­зу жос­па­рын 100 % орын­да­ған
АП
15
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі жа­ну­ар­лар объ­ек­тiлерiн есеп­ке алу­ды ұй­ым­да­сты­ра­ды және өт­кі­зе­ді
АП
16
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­есi объ­ек­тiлерiнiң өн­дiрiстiк мо­ни­то­рин­гi бой­ын­ша тал­да­ма­лық анық­та­ма бар
АП
17
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де Уәкiлет­тi ор­ган­ның аумақ­тық ор­га­ны­на бер­ген жыл­дық есеп бар
АП
18
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі жа­ну­ар­лар­дың ме­кен­деу ор­та­сын қор­ғау, кө­бею жағ­дай­ла­рын, қо­ныс ауда­ру жол­да­ры мен шо­ғыр­ла­ну орын­да­рын ұй­ым­да­стыр­ған
АП
19
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де да­мыл­дау ай­мақ­та­ры мен күн­де­рі бар
АП
20
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі жер­гiлiк­тi ха­лық ара­сын­да жа­ну­ар­лар мен өсім­дік­тер дү­ни­есiне жа­ңа­шыр­лық­пен қа­рау иде­я­ла­рын на­си­хат­тай­ды
АП
21
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі та­би­ғи апат­тар кезiн­де және бас­қа да се­беп­тер сал­да­ры­нан ау­ру­ға, өлiм-жiтiм қа­уiп­терi жағ­дай­ын­да жа­ну­ар­лар­ға кө­мек көр­се­те­ді.
АП
22
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де мін­дет­ті іс-ша­ра­лар­ды қам­ти­тын Iш­кi тәр­тiп ере­же­сi бар
АП
23
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі қо­рық­шы­лық қыз­мет­ті аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның са­на­ты­на сәй­кес жа­сақ­та­ған
АП
24
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі жа­байы жа­ну­ар­лар­ды қо­сым­ша қо­рек­тен­дiріп оты­ра­ды
АП
25
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі жа­сан­ды су­ат­тар құ­ру жұ­мыста­рын жүр­гі­зе­ді
АП
26
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі қор­ға­ны­штық өсiм­дiк­тер отыр­ғы­за­ды және жа­сан­ды ұя­лар са­ла­ды.
АП
27
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі жырт­қыш жа­ну­ар­лар­дың са­нын рет­теу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар жүр­гі­зе­ді.
АП
28
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі шар­тқа сәй­кес iл­ме тақ­та­лар, тра­фа­рет­тер, пла­кат­тар, ан­шлаг­тар­ды ор­на­та­ды.
АП
29
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі аң аулай­тын ал­қап­тар­ды бе­кі­тіп бе­ру жө­нін­де­гі кон­кур­сқа қа­ты­су ке­зін­де пай­да­ла­ну­шы мә­лім­де­ген мін­дет­те­ме­лер­ді орын­дай­ды.
АП
30
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі­нің кә­сіп­ші­лік аң аула­уды жү­зе­ге асы­ру­да аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ұй­ы­мы­м­ен жа­сал­ған шар­ты бар.
АП
31
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі­нің кәс­iп­шiлiк жур­на­лы бар (кә­сіп­ші­лік аң аулау үшін).
АП
32
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі­нің кәс­iп­шiлiк жур­на­лы күн сай­ын аң аулау аяқ­тал­ған­нан кей­ін тол­ты­ры­ла­ды.
АП
33
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі­нің кә­сіп­ші­лік аң аулау ке­зін­де аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ұй­ы­мы бер­ген жол­да­ма­сы бар.
АП
34
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі­нің ит­тер­мен және қы­ран құ­стар­мен аң аулау ке­зін­де (кә­сіп­ші­лік аң аулау) - олар­ды тiр­кеу ту­ра­лы құ­жат­та­ры бар.
АП, ЖТ
35
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі­нің уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық ор­га­нын­да жыл сай­ын тір­кел­ген аң­шы­лық ми­ни­му­мы бой­ын­ша ем­ти­хан тап­сыр­ға­ны және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық заң­на­ма­сы бел­гі­ле­ген аң аулау құқы­ғы­на рұқ­сат берiл­генi үшiн мем­ле­кет­тiк баж­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы бел­гi қой­ы­л­ған аң­шы­лық ку­ә­лі­гі бар (кә­сіп­ші­лік аң аулау ке­зін­де).
АП
36
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де кә­сіп­ші­лік ке­зін­де аң­шы­лық атыс қа­руын қол­да­нып аң аула­ған­да - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы iш­кi iстер ор­ган­да­ры­ның аң­шы­лық атыс қа­руын сақ­тау және алып жү­ру құқы­ғы­на бер­ген рұқ­са­ты бар.
АП
37
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де жа­ну­ар­лар­ды ин­тро­дук­ци­я­ла­у­ға және бу­дан­да­сты­ру­ға био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме және мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындысы бар.
ЗОО, ЖТ, АП
38
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сін­де жа­ну­ар­лар­дың са­тып алы­ну олар­ды ием­де­ну заң­ды­лы­ғын рас­тай­тын шы­найы фак­ті­лер, құ­жат­тар бар (зоо­ло­ги­я­лық кол­лек­ци­я­ның маз­мұ­ны)
ЗОО, ЖТ, АП
39
Тек­се­ру субъ­ек­ті­сі бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тір­кел­ген зоо­ло­ги­я­лық кол­лек­ци­я­лар­ды және оның же­ке­ле­ген экс­по­нат­та­рын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс­қа­ры жер­лер­ге әке­ту­ді және оның ау­ма­ғы­на әке­лу­ді ти­іс­ті уәкі­лет­ті ор­ган­ның рұқ­са­ты негі­зін­де жү­зе­ге асы­ра­ды.
ЗОО, ЖТ, АП
Ескерту:
АП – аңшылық ісін пайдаланушылар
ЖТ – жануарлар дүниесі объектілерін қоршауда және жартылай
ерікті жағдайда бағып-күтумен, өсірумен айналысатын жеке
және заңды тұлғалар
ЗОО – зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бақтары,
биологиялық орталықтар

Қолданыстағы