Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственное испытание сельскохозяйственных растений на хозяйственную полезность"

Бұйрық · № 06-2/454 · қабылданған 05.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60456/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственное испытание сельскохозяйственных растений на хозяйственную полезность" Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-2/454 ·05.08.2011
20.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственное испытание сельскохозяйственных растений на хозяйственную полезность"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-2/454 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственное испытание сельскохозяйственных растений на хозяйственную полезность"
Атауы (қаз.)
"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06-2/454
Қабылданған күні
05.08.2011
Көрсетілген редакция
20.07.2015 AI60456_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007166
ЭКБ идентификаторы
60456
Редакция идентификаторы
AI60456_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:49

0 "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік кызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (А.А. Буць) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметінің регламенті

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 06-2/454 бұйрығымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметінің регламенті» мемлекеттік қызметі регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - өсiмдiк сорттарының патент қабiлеттiлiгiн және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткiзудi және сынауды жүзеге асыратын, уәкiлеттiк органның қарауындағы ұйым;

2 2) өтініш беруші - өтінім беруші - сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға;

3 3) сорттық сынақ - селекциялық жетiстiктiң патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылықта пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн сараптамадан және сынақтан өткiзу.

3 3. Мемлекеттік қызмет Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиямен (бұдан әрі – Мемкомиссия) көрсетіледі.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет

1 1) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3 тармағы;

2 2) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 4-бабының 8-тармақшасы;

3 3) «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысы;

4 4) «Сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысы;

5

5) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.

6

6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне (бұдан әрі - Мемлекеттік тізбе) сортты енгізу туралы тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның бұйрығының көшірмесін немесе әрі қарай сорт сынақтан алынып тастау туралы қағаз тасығышта негізделген қорытындысын беру болып табылады.

7 Мемлекеттік қызметті көрсетудің талаптары

7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында басқа мекемелердің қатысуы көзделмеген.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің талаптары

8

8. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету барысы туралы ақпаратты демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 18.30-ға дейін Мемкомиссияда алуға болады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9

9. Мемлекеттік қызмет регламенті мекен-жайлары стандарттың 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Министрліктің бұйрықтары» кіші бөлімінде орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) сортсынау жөніндегі Мемкомиссия қызметтері келесі мерзімде өткізіледі:

ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын өтініш берушінің деректері бойынша сынақтан өткізу және бағалау – өтінім берген сәттен бастап бір жылға дейін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын мемлекеттік сынақтың деректері бойынша сынақтау және бағалау – өтінім берген сәттен бастап үш жылдан (екі вегетациялық кезеңі) кем емес;

2 2) өтінім беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең көп жол берілген күту уақыты - 30 минуттан көп емес;

3 3) өтінім беруші құжаттарды алу кезінде ең көп жол берілген күту уақыты - 30 минуттан көп емес.

11 11. Өтінім бланкін Мемкомиссияның кеңсесінде беріледі, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Министрліктің бұйрықтары» кіші бөлімінде орналасады.

12 Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңіндегі қатынас (қарым-қатынас) тәртібінің сипаттамасы

12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемкомиссияның бір қызметкері жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңіндегі қатынас (қарым-қатынас) тәртібінің сипаттамасы

13 13. Мемлекеттік қызмет өтінім берушінің Мемкомисияға келген кезде көрсетіледі.

Өтінім берушіге Қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметінің стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 14-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінім беруші стандарттың 11-тармағында көрсетілген ұсынылатын құжаттарды тапсырылады.

15 15. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) Мемкомиссия кеңсесінің атқарушысымен қабылданған құжаттарды қабылдауды, қарауды, бақылауға қоюды жүзеге асырады. Тіркелген, дұрыс рәсімделген құжаттар жергілікті атқарушы органның бастығына және одан кейін атқарушыға беріледі;

2 2) Мемкомиссияның атқарушысы өтінім берушінің құжаттарын алған сәттен толықтылығын және дұрыс рәсімделгенін тексереді;

3 3) Мемкомиссия өтінішті қабылдағаннан кейін келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

сорттың атын және пайдалануға жіберілетін өтінішті сараптауды;
өнім өндірісінің ең жоғарғы экономикалық тиімділігін қамтамассыз ететін кешендік белгілерін (өнімділігі, сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі және тағы басқа әр дақылдың әдістемесімен анықталған шаруашылық-құнды белгілері);
деректер жинақтамасында сорттың паспортын тіркеу;
морфологиялық белгілері бойынша, сорттың арнайы суреттемесінде көрсетілген нәтижелер бойынша сорт біркелкілігі;

4 4) сортты шаруашылық жарамдылығына өтініш берушінің деректері бойынша сынағанда, сорттың белгілерінің жиынтығы мен біркелкілігіне морфологиялық белгілері бойынша сынақ келесідей жағдайда жүргізілмейді, егер де:

өтініш беруші сынақтың топырақ-климаттық жағдайлары сәйкесінше пайдалануға жіберуді ұсынып отырған әкімшілік-аймақтың жағдайларымен ұқсас екендігін дәлелдейтін өзге елдің уәкілетті орындары берген ауылшаруашылығы дақылы сортының сынақ нәтижесінің оң қорытындысы туралы құжаттарды тапсырады;
өтініш беруші ұсынған ауылшаруашылығы дақылы сорттарының сынақ қорытындысы стандарт сорттан өнімділігі жоғары екендігін, негізгі зиянкестер мен ауруларға стандарт деңгейінде қарсы тұратындығын немес сорттың пайдалануын айқындайтын негізгі құнды белгілерін куәландырады.

5 5) сорттың шаруашылыққа пайдалылығы жөніндегі сынақтың қорытындысы бойынша:

Мемкомиссия сортты әрі қарайғы сынақтан алып тастау немесе шаруашылық-құнды белгілерінің жиынтығы бойынша пайдалануға рұқсат беру негізінде қорытынды жасалынады;
тұқым шаруашылығы саласының уәкілетті органдарымен құрылған Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия тұқымшаруашылығы саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне сәйкесінше толықтырулар мен өзгертулер енгізуге шешім қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тартуға стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

16 16. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) Мемкомиссия кеңсесінің қызметкері;

2 2) Мемкомиссияның басшылығы;

3 3) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен құрылған Мемлекеттік тізбеге өзгерістер енгізу мен талқылау жөніндегі Республикалық комиссия мүшелері;

4 4) сортсынау сұрақтарымен айналысатын уәкілеттік органның құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері

18 18. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.

19 ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі

19. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сұлба, осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.
«Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің шаруашылыққа
пайдалылығын мемлекеттік
сынау» мемлекеттік қызметінің
регламентіне 1-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің сипаттамасы мен өзара әрекеттесуі
1-ші кесте. ҚФБ-ның іс-әрекеттеріне сипаттама
Негіз­гі про­цес­стің іс-әре­ке­ті (жү­рі­сі, жұ­мыстың ағы­мы)
1
Іс-әре­кет­тің №
(жү­рі­сі, жұ­мыстың ағы­мы)
1
2
3
4
5
6
7
2
ҚФБ-ның ата­уы
Кұ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға Мем­ко­мис­си­я­ның кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Мем­ко­мис­си­я­ның бас­шы­лы­ғы (Ба­стығы неме­се оның орын­ба­са­ры)
Мем­ко­мис­си­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
Мем­ко­мис­си­я­ның жа­у­ап­ты ат­қа­ру­шы­сы
Са­рап­та­ма­лық ке­ңес
Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның сорт­та­рын сы­нау мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық ко­мис­сия
Тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны
3
Іс-әре­кет­тің ата­уы (про­цес­стің, рә­сім­нің,
опе­ра­ци­я­ның) және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын (тү­гел­ді­гін) тек­се­ру, қа­был­дау
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, құ­жат­тар­ды қа­рай­тын құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау
Хат-ха­бар­мен та­ны­су,
құ­жат­тар­ды қа­рай­тын жа­у­ап­ты ат­қа­ру­шы­ны ай­қын­дау
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын (тү­гел­ді­гін) ай­қын­дау және олар­дың тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да бе­кі­ті­л­ген заң­на­ма­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін ай­қын­дау
Та­лап­тар­ға сәй­кес өті­ніш­тер­дің ті­зі­мін бе­кі­ту, өті­ніш­ті қа­был­да­мау, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат еті­л­ген се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктер­дің мем­ле­кет­тік тіз­бе­сіне ен­гі­зу неме­се бас тар­ту ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді дай­ын­дау
Се­лек­ци­я­лық же­ті­стік тіз­бе­сіне ен­гі­зу неме­се алып та­стау ту­ра­лы хат­та­ма­лық ше­шім
Сорт­ты Тіз­бе­ге ен­гі­зу ту­ра­лы бұй­рық­тың жо­ба­сы
4
Аяқ­тау ны­са­ны
(мә­лі­мет, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы-бас­қа­ру­шы­лық
ше­шім)
Сорт­ты Тіз­бе­ге ен­гі­зу ту­ра­лы бұй­рық­қа қол қою
Хат­та­ма­лық ше­шім
Сорт­ты Тіз­бе­ге ен­гі­зу ту­ра­лы бұй­рық­ты тір­кеу
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
30 ми­нут
2 са­ғат
1 са­ғат
2-3 жыл
2 са­ғат
5 са­ғат
2 са­ғат
2-ші кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үрдіс
ҚФБ-ның 1-ші то­бы
Құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға Мем­ко­мис­си­я­ның кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
ҚФБ-ның 2-ші то­бы
Мем­ко­мис­си­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
ҚФБ-ның 3-ші то­бы
Мем­ко­мис­си­я­ның жа­у­ап­ты ат­қа­ру­шы­сы
№ 1 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, жур­нал­ға тір­кеу, Мем­ко­мис­си­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
№ 2 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рап жа­у­ап­ты ат­қа­ру­шы­ны анық­тау
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын (тү­гел­ді­гін) және олар­дың тұқым­ша­ру­а­шы­лы­ғы заң­на­ма­ла­рын­да­ғы бе­кі­ті­л­ген, се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктер­ді қор­ғау және ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы өсім­дік­те­ріне сорт­сы­нау жүр­гі­зу Әді­сте­ме­сі та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін анық­тау.
3-ші кесте. Қолдану нұсқалары. Альтернативтік үрдіс
ҚФБ-ның 1-ші то­бы
Құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға Мем­ко­мис­си­я­ның кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
ҚФБ-ның 2-ші то­бы
Мем­ко­мис­си­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
ҚФБ-ның 3-ші то­бы
Мем­ко­мис­си­я­ның жа­у­ап­ты ат­қа­ру­шы­сы
№ 1 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, жур­нал­ға тір­кеу, Мем­ко­мис­си­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
№ 2 әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рап жа­у­ап­ты ат­қа­ру­шы­ны анық­тау, қа­был­да­маудың дәлел­ді се­беп­те­рін дай­ын­дау
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын (тү­гел­ді­гін) және олар­дың тұқым­ша­ру­а­шы­лы­ғы заң­на­ма­ла­рын­да­ғы бе­кі­ті­л­ген, се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктер­ді қор­ғау және ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы өсім­дік­те­ріне сорт­сы­нау жүр­гі­зу Әді­сте­ме­сі та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін анық­тау.
№ 4 әре­кет
Қа­был­да­ма­ған дәлел­де­ме­ні тір­кеу және өті­ніш бе­ру­ші­ге қай­та­ру
№ 4 әре­кет
Қа­был­да­ма­ған дәлел­де­ме­ге қол қою
«Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің шаруашылыққа
пайдалылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің логикалық реттілігінің арасындағы байланысты көрсететін сұлба

Қолданыстағы