Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов

Бұйрық · № 310-ө · қабылданған 23.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60457/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов Күшін жойған Бұйрық ·№ 310-ө ·23.08.2011
15.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 310-ө · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты инвалидов
Атауы (қаз.)
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
310-ө
Қабылданған күні
23.08.2011
Көрсетілген редакция
15.09.2015 AI60457_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007168
ЭКБ идентификаторы
60457
Редакция идентификаторы
AI60457_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:45

0 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті (Қ.А.Манабаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (С.Ғ.Бисақаев) осы бұйрық талаптарын зерттеуді және олардың орындалуын ұйымдастырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә.Ахметовке жүктелсін.

5 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 310-ө бұйрығымен
бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1

1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарын орындау үшін тексерулерді жоспарлау және жүргізу мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және қажеттілікті айқындайтын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығаратын мемлекеттік мекемелерді тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) тәуекел – субъектілердің адам өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімнің орындалмауынан, арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімінің бұзылуынан жеке тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылу ықтималдығы;

2

2) тексерілетін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бағалау жүргізетін және оған қажеттілікті айқындайтын, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығаратын мемлекеттік мекемелер.

3 3. Осы Өлшемдердің шеңберінде қызмет алушыларға қарттар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған және (немесе) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар жатады.

4

4. Тәуекел дәрежелеріне стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығару, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізу бойынша жатқызу осы Өлшемдерге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне немесе мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5 5. Бастапқыда барлық бақылау субъектілері жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылады. Кейіннен тексерулердің нәтижесі бойынша өлшемдер бойынша алған балдарын ескере отырып, тексеруден өткен бақылау субъектілері тиісті тәуекел дәрежелері топтарына бөлінеді:

1 1) тексеру жиілігі жылына бір рет болатын жоғары дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 21-ден 30-ға дейін қоса алғанда балл алған бақылау субъектілері жатады;

2 2) тексеру жиілігі үш жылда бір рет болатын орта дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 11-ден 20-ға дейін қоса алғанда балл алған бақылау субъектілері жатады;

3 3) тексеру жиілігі бес жылда бір рет болатын шамалы дәрежелі тәуекел тобына тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 10-ға дейін қоса алғанда балл алған бақылау субъектілері жатады.

6 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

6. Арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешімді орындайтын, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізудің, арнаулы әлеуметтік қызметтің және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімдерін бұзбайтын тексерілетін субъектілерге осы Өлшемдерге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген өлшемдерге сәйкес балл есептелмейді.
Арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету саласында және
мүгедектерді әлеуметтік қорғау
аясында тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдеріне
1-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
р/с

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Тәу­е­кел дә­ре­же­сін ай­қын­да­удың шек­ті көр­сет­кіш­те­рі
1.
Ста­ци­о­нар және жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін ұсы­ну, ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті­лік­ті ба­ға­лау және ай­қын­дау жүр­гі­зу, ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін ұсы­ну ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ру жө­нін­де
1.1.
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті­лік­ті ай­қын­дау және ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу­дің уақ­ты­лы­ғы
Бел­гі­лен­ген мер­зім­ге сәй­кес жүр­гіз­беу – 5 балл
1.2.
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін бе­ру ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ру­дың уақ­ты­лы­ғы
Бел­гі­лен­ген мер­зім­ге сәй­кес ше­шім шы­ғар­мау – 5 балл
1.3.
Әр­бір ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет алушы­ға әзір­лен­ген же­ке жұ­мыс жос­па­ры­ның бо­луы
Жұ­мыс жос­па­ры­ның бол­мауы – 5 балл
1.4.
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі өті­ніш бе­ру­ші­лер­дің өті­ніш­те­рін қа­рау мер­зім­де­рі­нің сақ­та­луы
Уа­қы­ты­лы қа­ра­мау – 5 балл
1.5.
Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма жүр­гізу­ге жәр­дем­де­су­ді жү­зе­ге асы­ру
Уа­қы­ты­лы жәр­дем­дес­пеу – 5 балл
1.6.
Мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бо­луы
Мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бол­мауы – 5 балл
1.7.
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген же­ңіл­дік­тер мен ар­тық­шы­лық­тар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу­ға жәр­дем­де­су
Уа­қы­ты­лы өті­ніш бер­меу және оны ал­мау – 5 балл
2.
Үй жағ­дай­ын­да ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін ұсы­ну, ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті­лік­ті ба­ға­лау және ай­қын­дау жүр­гі­зу, ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін ұсы­ну бе­ру ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ру жө­нін­де
2.1.
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті­лік­ті ай­қын­дау және ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу­дің уақ­ты­лы­ғы
Бел­гі­лен­ген мер­зім­ге сәй­кес жүр­гіз­беу – 5 балл
2.2.
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер­дің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін ұсы­ну ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ру­дың уақ­ты­лы­ғы
Бел­гі­лен­ген мер­зім­ге сәй­кес ше­шім шы­ғар­мау – 5 балл
2.3.
Әр­бір ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет алушы­ға әзір­лен­ген же­ке жұ­мыс жос­па­ры­ның бо­луы
Жұ­мыс жос­па­ры­ның бол­мауы – 5 балл
2.4.
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі өті­ніш бе­ру­ші­лер­дің өті­ніш­те­рін қа­рау мер­зім­де­рі­нің сақ­та­луы
Уа­қы­ты­лы қа­ра­мау – 5 балл
2.5.
Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма жүр­гізу­ге жәр­дем­де­су­ді жү­зе­ге асы­ру
Уа­қы­ты­лы жәр­дем­дес­пеу – 5 балл
2.6.
Мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бо­луы
Мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бол­мауы – 5 балл
2.7.
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген же­ңіл­дік­тер мен ар­тық­шы­лық­тар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу­ға жәр­дем­де­су
Уа­қы­ты­лы өті­ніш бер­меу және оны ал­мау – 5 балл
2.8.
Ма­ман­дық алу­ға жәр­дем­де­су
Қыз­мет­тің көр­се­тіл­ме­уі – 5 балл
Арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету саласында және
мүгедектерді әлеуметтік қорғау
аясында тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдеріне
2-қосымша
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
р/с

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Тәу­е­кел дә­ре­же­сін ай­қын­да­удың шек­ті көр­сет­кіш­те­рі
1.
Мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бо­луы
Оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның бол­мауы – 5 балл
2.
Оңал­ту ша­ра­ла­ры­ның мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­на сәй­кес орын­да­луы
Іші­на­ра орын­дал­ды – 5 балл
Орын­дал­мауы – 10 балл
3.
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген же­ңіл­дік­тер мен ар­тық­шы­лық­тар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу­ға жәр­дем­де­су
Уа­қы­ты­лы өті­ніш бер­меу және оны ал­мау – 5 балл
4.
Мү­ге­дек­тер­ді әле­умет­тік қор­ғау ая­сын­да өті­ніш бе­ру­ші­лер­дің өті­ніш­те­рін қа­рау мер­зім­де­рі­нің сақ­та­луы
Уа­қы­ты­лы қа­ра­мау – 5 балл

Қолданыстағы