Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг в области карантина растений

Бұйрық · № 06-3/471 · қабылданған 12.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60459/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг в области карантина растений Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-3/471 ·12.08.2011
06.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг в области карантина растений

Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-3/471 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг в области карантина растений
Атауы (қаз.)
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06-3/471
Қабылданған күні
12.08.2011
Көрсетілген редакция
06.05.2014 AI60459_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007170
ЭКБ идентификаторы
60459
Редакция идентификаторы
AI60459_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:47

0 Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру»;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін.

2 2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 06-3/471 бұйрығына
1-қосымша
«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ұғымдар

1 1. Осы «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызметі регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4) тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) Астана және Алматы қалаларының аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңы 13-бабының 4-1) тармағы;

2 2) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөнiндегi ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысы (бұдан әрі – Ереже);

3

3) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде көрсетіледі.

5 5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

6 6. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификатты (бұдан әрі – карантиндік сертификат) қағаз тасығышта беру немесе жазбаша түрде оны беруден дәлелдi бас тартуды беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негізі Қаулымен бекітілген «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартының 16-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа мемлекеттік органдардың қатысуы көзделмейді.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекен-жайлары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген тиісті аумақтық инспекцияларда демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 18.30-ға дейін алуға болады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9

9. Мекен-жайлары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Регламент аумақтық инспекциялардың стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің, «Министрліктің бұйрықтары» кіші бөлімінде орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) тұтынушы тиісті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – үш жұмыс күн ішінде;

2 2) карантиндік сертификатты алуға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3 3) тұтынушыға күтудің рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсетудің уақыты – 40 минуттан аспайды.

11 11. Оған сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылатын карантиндік сертификат нысаны Ереженің 9-қосымшасында көзделген.

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдауды аумақтық инспекцияның бір маманы жүзеге асырады.

Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген өтінішті және фитосанитариялық сертификатты алуға ұсынылатын құжаттарды тапсырады;

2 2) қабылданған құжаттарды аумақтық инспекцияның кеңсесі қарастырып, бақылауға қояды;

3 3) тіркелген, дұрыс ресімделген құжаттар аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына және одан кейін карантиндік сертификатты рәсімдеуге уәкілетті өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға (бұдан әрі – уәкілетті инспектор) беріледі;

4

4) уәкілетті инспектор өтініштің дұрыс ресімделгенін қарастырады, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін анықтау үшін тексеруге барады (қажет болса үлгілер мемлекеттік өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жүйесіне енгізілген ұйымдарға сараптамаға жіберіледі), арнайы әзірленген бланкіде карантиндік сертификатты ресімдейді немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды әзірлейді;

5 5) ресімделген карантиндік сертификатқа уәкілетті инспектор қол қояды және мөрмен (мөртабанмен) растайды, жазбаша түрде дәлелді бас тартуға аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы қол қояды;

6 6) карантиндік сертификат немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту тұтынушыға беріледі.

15 15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері;

2 2) аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы;

3 3) жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор).

17 17. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдері) реттілік сипаттамасы мен өзара байланысы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.

18 ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (ресімдері) реттілігі сипаттамасы мен өзара байланысы

18. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.
«Карантинге жатқызылған
өнімді Қазақстан Республикасы
аумағында алып өтуге
карантинді сертификаттар
беру» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (ресімдері) реттілігі сипаттамасы мен өзара байланысы
1-кесте. ҚФБ әрекеттірінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­мы­ның) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Құ­жат­тар қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті аумақ­тық ин­спек­ция кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы (уәкі­лет­ті ин­спек­тор)
Аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
Құ­жат­тар бе­ру­ге уәкі­лет­ті аумақ­тық ин­спек­ция кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
3
Әре­кет (үр­діс, рә­сім, опе­ра­ция) ата­уы және си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, то­лық­тығ­ын тек­се­ру
Құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
Құ­жат­тар­ды өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру, ка­ран­тин­ге жат­қы­зы­л­ған өнім­нің ка­ран­т­ин­дік жай-күй­ін ай­қын­дау
Дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
Ка­ран­т­ин­дік сер­ти­фи­кат­ты неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кеу
4
Аяқ­тау ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­дық-рет­те­улік ше­шім)
Жур­нал­ға тір­кеу және қол­хат бе­ру, құ­жат­тар­ды аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою
Ка­ран­т­ин­дік сер­ти­фи­кат­ты ре­сім­деу неме­се жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту­ды әзір­леу
Дәлел­ді бас тар­ту
Тұ­ты­ну­шы­ның қол қою­мен ка­ран­т­ин­дік сер­ти­фи­кат­ты неме­се жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 ми­нут
2 са­ғат
1-2 жұ­мыс кү­ні
2 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі әре­кет №
2
3
4
5
6
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
ҚФБ 1-то­бы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау мен бе­ру­ге уәкі­лет­ті Аумақ­тық ин­спек­ция кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
ҚФБ 2-то­бы
Аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
ҚФБ 3-то­бы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы (уәкі­лет­ті ин­спек­тор)
№ 1-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, жур­нал­ға тір­кеу, құ­жат­тар­ды аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі ба­стығ­ы­на жол­дау
№ 2-әре­кет Құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
№ 3-әре­кет
Құ­жат­тар­ды өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру, ка­ран­тин­ге жат­қы­зы­л­ған өнім­нің ка­ран­т­ин­дік жай-күй­ін ай­қын­дау, ка­ран­т­ин­дік сер­ти­фи­кат­ты ар­найы әзір­лен­ген блан­кі­де ре­сім­деу
№ 4-әре­кет Ка­ран­т­ин­дік сер­ти­фи­кат­ты бе­рі­л­ген сер­ти­фи­кат­тар жур­на­лы­на тір­кеу. Тұ­ты­ну­шы­ға ка­ран­т­ин­дік сер­ти­фи­кат бе­ру
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс
ҚФБ 1-то­бы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау мен бе­ру­ге уәкі­лет­ті аумақ­тық ин­спек­ция кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
ҚФБ 2-то­бы
Аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
ҚФБ 3-то­бы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы (уәкі­лет­ті ин­спек­тор)
№ 1-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, жур­нал­ға тір­кеу, құ­жат­тар­ды аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі ба­стығ­ы­на жол­дау
№ 2-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
№ 3-әре­кет
Құ­жат­тар­ды өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру, ка­ран­тин­ге жат­қы­зы­л­ған өнім­нің ка­ран­т­ин­дік жай-күй­ін ай­қын­дау, жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту­ды әзір­леу
№ 4-әре­кет
Дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
№ 5-әре­кет
Дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кеу, тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру
«Карантинге жатқызылған өнімді
Қазақстан Республикасы аумағында
алып өтуге карантиндік
сертификаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 06-3/471 бұйрығына
2-қосымша
«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ұғымдар

1

1. Осы «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызметі регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4) тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) Астана және Алматы қалаларының аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңы 13-бабының 4) тармағы;

2 2) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөнiндегi ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысы (бұдан әрі – Ереже);

3

3) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде көрсетіледі.

5 5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

6 6. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты қағаз тасығышта немесе жазбаша түрде оны беруден дәлелдi бас тартуды беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту Қаулымен бекітілген «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 16-тармағында көрсетілген.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа мемлекеттік органдардың қатысуы көзделмейді.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекен-жайлары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген тиісті аумақтық инспекцияларда демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 18.30-ға дейін алуға болады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9

9. Мекен-жайлары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Регламент аумақтық инспекциялардың стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің, «Министрліктің бұйрықтары» кіші бөлімінде орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) тұтынушы тиісті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – бес жұмыс күн ішінде;

2 2) фитосанитариялық сертификатты алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3 3) тұтынушыға күтудің рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсетудің уақыты – 40 минуттан аспайды.

11 11. Оған сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылатын  фитосанитариялық сертификат нысаны Ереженің 7-қосымшасында көзделген.

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттар қабылдауды аумақтық инспекцияның бір маманы жүзеге асырады.

Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген өтінішті және фитосанитариялық сертификатты алуға ұсынылатын құжаттарды тапсырады;

2 2) қабылданған құжаттарды аумақтық инспекцияның кеңсесі қарастырып, бақылауға қояды;

3 3) тіркелген, дұрыс ресімделген құжаттар аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесі бастығына және одан кейін фитосанитариялық сертификатты рәсімдеуге уәкілетті өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға (бұдан әрі – уәкілетті инспектор) беріледі;

4

4) уәкілетті инспектор өтініштің дұрыс ресімделгенін қарастырады, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін анықтау үшін тексеруге барады (қажет болса үлгілер мемлекеттік өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жүйесіне енгізілген ұйымдарға сараптамаға жіберіледі), арнайы әзірленген бланкіде фитосанитариялық сертификатты ресімдейді немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды әзірлейді;

5 5) ресімделген фитосанитариялық сертификатқа уәкілетті инспектор қол қояды және мөрмен (мөртабанмен) растайды, жазбаша түрде дәлелді бас тартуға аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы қол қояды;

6 6) фитосанитариялық сертификат немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту тұтынушыға беріледі.

15 15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) аумақтық инспекция кеңсесінің қызметкері;

2 2) аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшесінің бастығы;

3 3) жауапты орындаушы (уәкілетті инспектор).

17 17. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдері) реттілік сипаттамасы мен өзара байланысы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.

18 ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (ресімдері) реттілік сипаттамасы мен өзара байланысы

18. ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.
«Карантинге жатқызылған өнімді
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге әкетуге фитосанитариялық
сертификаттар беру» мемлекеттік
қызметі регламентіне 1-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (ресімдері) реттілік сипаттамасы мен өзара байланысы
1-кесте. ҚФБ әрекеттірінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­мы­ның) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Құ­жат­тар қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті аумақ­тық ин­спек­ция кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы (уәкі­лет­ті ин­спек­тор)
Аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
Құ­жат­тар бе­ру­ге уәкі­лет­ті аумақ­тық ин­спек­ция кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
3
Әре­кет (үр­діс, рә­сім, опе­ра­ция) ата­уы және си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, то­лық­тығ­ын тек­се­ру
Құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
Құ­жат­тар­ды өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру, ка­ран­тин­ге жат­қы­зы­л­ған өнім­нің ка­ран­т­ин­дік жай-күй­ін ай­қын­дау
Дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
Фи­то­са­ни­та­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­ты неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кеу
4
Аяқ­тау ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­дық-рет­те­улік ше­шім)
Жур­нал­ға тір­кеу және қол­хат бе­ру, құ­жат­тар­ды аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою
Фи­то­са­ни­та­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­ты ре­сім­деу неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды әзір­леу
Дәлел­ді бас тар­ту
Тұ­ты­ну­шы­ның қол қою­мен фи­то­са­ни­та­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­ты неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 ми­нут
2 са­ғат
3-4 жұ­мыс кү­ні
2 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі әре­кет №
2
3
4
5
6
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
ҚФБ 1-то­бы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау мен бе­ру­ге уәкі­лет­ті аумақ­тық ин­спек­ция кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
ҚФБ 2-то­бы
Аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
ҚФБ 3-то­бы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы (уәкі­лет­ті ин­спек­тор)
№ 1-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, жур­нал­ға тір­кеу, құ­жат­тар­ды аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі ба­стығ­ы­на жол­дау
№ 2-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
№ 3-әре­кет
Құ­жат­тар­ды өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру, ка­ран­тин­ге жат­қы­зы­л­ған өнім­нің ка­ран­т­ин­дік жай-күй­ін ай­қын­дау, фи­то­са­ни­та­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­ты ар­найы әзір­лен­ген блан­кі­де ре­сім­деу
№ 4-әре­кет
Фи­то­са­ни­та­ри­я­лық сер­ти­фи­кат­ты бе­рі­л­ген сер­ти­фи­кат­тар жур­на­лы­на тір­кеу. Тұ­ты­ну­шы­ға фи­то­са­ни­та­ри­я­лық сер­ти­фи­кат бе­ру
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс
ҚФБ 1-то­бы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау мен бе­ру­ге уәкі­лет­ті аумақ­тық ин­спек­ция кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
ҚФБ 2-то­бы
Аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы
ҚФБ 3-то­бы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы (уәкі­лет­ті ин­спек­тор)
№ 1-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, жур­нал­ға тір­кеу, құ­жат­тар­ды аумақ­тық ин­спек­ци­я­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі ба­стығ­ы­на жол­дау
№ 2-әре­кет
Құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
№ 3-әре­кет
Құ­жат­тар­ды өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру, ка­ран­тин­ге жат­қы­зы­л­ған өнім­нің ка­ран­т­ин­дік жай-күй­ін ай­қын­дау, дәлел­ді бас тар­ту­ды әзір­леу

Қолданыстағы