Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 244
- Қабылданған күні
- 08.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2011 60557_194063.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11DL000178
- ЭКБ идентификаторы
- 60557
- Редакция идентификаторы
- 60557_194063
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:39
0 Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2011 жылғы 15 маусымдағы N 444 және 2011 жылғы 22 маусымдағы N 545 сараптамалары, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2011 жылғы 23 маусымдағы N 404 ұсынысы негіздерінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Балпық ауылдық округінің "Жаңаталап" ауылында ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Каратал аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Нұрәділ Нұрқасымұлы Бекбосынов
08 қыркүйек 2011 жыл
Қаратал ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы Владимир Петрович Маркевич
08 қыркүйек 2011 жыл