Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения государством стоимости реквизированного, а также предоставленного для нужд обороны имущества физических и юридических лиц

Қаулы · № 1082 · қабылданған 21.09.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60566/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения государством стоимости реквизированного, а также предоставленного для нужд обороны имущества физических и юридических лиц Қолданыста Қаулы ·№ 1082 ·21.09.2011
30.04.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения государством стоимости реквизированного, а также предоставленного для нужд обороны имущества физических и юридических лиц

Қолданыста Қаулы ·№ 1082 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения государством стоимости реквизированного, а также предоставленного для нужд обороны имущества физических и юридических лиц
Атауы (қаз.)
Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1082
Қабылданған күні
21.09.2011
Көрсетілген редакция
30.04.2013 AI60566_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001082
ЭКБ идентификаторы
60566
Редакция идентификаторы
AI60566_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:35

0 Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу қағидасын бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 1082 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді әрі жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген (бұдан әрі – реквизицияланған) мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін айқындайды.

2 2. Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу тәртібі

2 2. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүліктің құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан төленеді. Өтемді төлеу ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

3 3. Мүліктің меншік иесі немесе оның уәкілетті адамы есеп тәртібін көрсете отырып, қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүлік құнын өтеуге өтініш береді.

4 4. Меншік иесі немесе оның уәкілетті өкілі реквизицияланған мүліктің құнын өтеу мөлшерімен келіспеген жағдайда оны сот тәртібімен даулауға құқылы.

5 5. Реквизицияланған мүлік иелерінің өтініштерін жинау үшін жергілікті әскери басқару органдарында, әскери бөлімдерде, жергілікті атқарушы органдарда жиын пункттері құрылады, олар ақшалай қаражат бөлуге өтінімді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жолдайды.

6 6. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) меншік иесінің немесе оның уәкілетті адамының өтініші;

2 2) реквизициялау туралы акт;

3 3) заңды күшіне енген сот шешімі (бар болған кезде).

7

7. Жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер командирлерінің (мекемелер бастықтарының), жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы қаржыландыру жоспарын өзгертуге арналған жиынтық өтінімді жасайды және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.

8

8. Реквизицияланған мүлік құнын өтеу жергілікті әскери басқару органдары, әскери бөлімдердің командирлері (мекемелердің бастықтары) арқылы жүргізіледі, олар реквизицияланған мүліктің меншік иесінің ақша қаражатын оның өтінішінде немесе сот шешімінде көрсетілген шотқа қаражатты аудару жолымен алуын немесе қолма-қол ақша беруді ұйымдастырады.

9 9. Реквизицияланған мүліктің меншік иесі қайтыс болған жағдайда мүлік құнын өтеуді алуға құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мирасқорлық бойынша беріледі.

Қолданыстағы