Құжат мәтініне өту

О делении территории Жанибекского района на зоны

Қаулы · № 162 · қабылданған 13.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60579/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О делении территории Жанибекского района на зоны Күшін жойған Қаулы ·№ 162 ·13.09.2011
31.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О делении территории Жанибекского района на зоны

Күшін жойған Қаулы ·№ 162 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О делении территории Жанибекского района на зоны
Атауы (қаз.)
Жәнібек ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
162
Қабылданған күні
13.09.2011
Көрсетілген редакция
31.10.2011 60579_160513.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11Z0003072
ЭКБ идентификаторы
60579
Редакция идентификаторы
60579_160513
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:38

0 Жәнібек ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 162 "Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің Комсомол қызтағы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" қаулысын және Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 10 тамыздағы № 1-12-1493 ұсынбасын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жәнібек ауданының аумағын келесі аймақтарға бөлу жүргізілсін:

1 1) Талов селолық округінің Комсомол қыстағы аумағын қамтитын 8 шақырымдық радиустағы сібір жарасы эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймағына;

2 2) Талов селолық округінің Талов, Аманат, Майтүбек, Бірлік ауылдары, Бассейн, Қарабүгет қыстақтарын, Жақсыбай селолық округінің Ақадыр ауылы аумағын қамтитын 25 шақырымдық радиустағы буферлік аймағына;

3 3) Жақсыбай селолық округінің Жақсыбай ауылы аумағын қамтитын 50 шақырымдық радиустағы бақылау аймағына;

4 4) белгіленген аймақтар шегінен тыс орналасқан Жәнібек ауданының аумақтары қолайлы аймақтарға жатқызылсын.

2 2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), Жәнібек ауданының аудан және селолық округтерінің әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 9 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік ветеринариялық-
санитарлық инспекторы
_____________Б. Е. Айтуғанов
12.09.2011 ж.

Қолданыстағы