О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 314
- Қабылданған күні
- 19.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2012 AI60604_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007191
- ЭКБ идентификаторы
- 60604
- Редакция идентификаторы
- AI60604_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:36
0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6797 тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде:
5-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдамау:";
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесімен белгіленген (осы Критерийлердің 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарды қоспағанда) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесімен белгіленген талаптарды бұзу:";
2) "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6798 тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органы қызметін тексеру парағында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдамау.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесімен белгіленген жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесімен белгіленген талаптарды бұзу.".