Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по организации подготовки и формирования сборных команд Республики Казахстан

Бұйрық · № 02-02-18/169 · қабылданған 24.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60606/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по организации подготовки и формирования сборных команд Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-02-18/169 ·24.08.2011
25.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по организации подготовки и формирования сборных команд Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-02-18/169 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по организации подготовки и формирования сборных команд Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды Ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02-02-18/169
Қабылданған күні
24.08.2011
Көрсетілген редакция
25.07.2014 AI60606_6.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007193
ЭКБ идентификаторы
60606
Редакция идентификаторы
AI60606_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:44

0 Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды Ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 23-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" № 329 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Стратегиялық жоспарлау департаменті (Д. Қамзебаева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ. Әбілова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4

4. "Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 06-2-2/69 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2762 болып тіркелген. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 ж. № 25-28, 939-құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е. Омаровқа жүктелсін.

6 Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 20-20-18/169 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) аға жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының құрама командалардың жастар (резервтік) құрамасы үшін жауап беретін жаттықтырушы;

2 2) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрі бойынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуіне жауап беретін жаттықтырушы;

3 3) жылдың басты жарыстары - Қазақстан Республикасының чемпионаттары, Қазақстан Республикасының Спартакиадасы;

4

4) жаттықтырушылар кеңесі - спортшылар мен командаларды спорт жарыстарына қатысуға даярлау әдістемесіне ұсынымдар әзірлеу үшін бас жаттықтырушы, мемлекеттік жаттықтырушы, аға жаттықтырушылардан, спорт түрлері бойынша құрама командалардың дәрігерлерінен, дене шынықтыру және спорт саласындағы ғалымдардан, дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылған, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың кеңесші органы;

5

5) нысаналы кешенді бағдарлама - спорттық ұйымдардың күш-қимылын мақсатты және тиімді бөлуге, біліктілігі жоғары спортшыларды тәрбиелеудің басты бағыттарына назар аударуға мүмкіндік беретін, оқу-жаттығу, ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны, тәрбиелік және патриоттық жұмысты дамытуды қоса алғанда, олимпиядалық циклға спортшыларды даярлау жөніндегі мәселелерді кешенді шешуге арналған перспективалы жоспар;

6 6) мемлекеттік жаттықтырушы - Қазақстан Республикасында спорт түрін дамытуға және оны басқаруға жауапты жаттықтырушы;

7 7) спортшы - спортпен жүйелі шұғылданатын және спорт жарыстарына қатысатын жеке тұлға.

3

3. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің құрамдас бөлігі болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында қатысу мақсатында құрылады.

4

4. Әртүрлі спорт түрлері бойынша түрінен Қазақстан Республикасының құрама командалары, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен арнайы нормативтерді орындаған спортшылардың арасынан спорт түрлері бойынша тиісті республикалық федерациялардың, жаттықтырушылар кеңесінің, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, конкурстық негізде құрылады.

5 5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы негізгі және жастар (резервтік) құрамынан құралады.

Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері спорт түрінен Қазақстан Республикасының негізгі және жастар (резервтік) құрама командасына мүшелікке үміткерлер болып табылады.
Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі және жастар (резервтік) құрамаларына мүше спортшылар өз қатарларынан команда капитанын сайлайды. Команда капитаны оқу-жаттығу процесі мен жарыс кезінде құрама команданың мүшелері мен команда басшылығы арасында негізгі дәнекер болады.

6 6. Негізгі және жастар (резервтік) контингентінің сандық құрамына:

1 1) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша: үш құрам;

2 2) спорттың олимпиадалық емес түрлерінен: екі құрам;

3 3) спорттың ойынды (олимпиадалық, олимпиадалық емес) түрлерінен: бір жарым құрам қабылданады.

7 7. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі мақсаттары:

1 1) Қазақстан Республикасының әлемдік спорттық қоғамдастықтағы беделін одан әрі нығайту үшін әлемдік спорт ареналарында алдыңғы қатарлы ұстанымдарды жеңіп алу;

2 2) әртүрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларға қатысу, Олимпиадалық және халықаралық спорттық қозғалысты Қазақстан Республикасында және одан басқа жерлерде насихаттау;

3 3) халықаралық спорттық жарыстарға қатысу арқылы халықтар арасындағы достық пен өзара түсінісушілікті нығайту.

8 8. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі міндеттері:

1 1) Азия, Олимпиада, Параолимпияда және Сурдолимпиада ойындарында, Универсиадаларға, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен Кубоктарына және басқа халықаралық жарыстарға дайындалу мен табысты өнер көрсету;

2 2) спортшылардың спорттық шеберлігін одан әрі жетілдіру;

3 3) Қазақстан спортының халықаралық аренадағы беделін арттыру;

4 4) спортшыларды патриоттықка тәрбиелеу және дене шынықтыруды және спортты насихаттау;

5 5) команданы, спорт түрінің жақсы дәстүрлерін сақтайтын, аға ұрпақтың тәжірибесі мен жетістіктерін ескеретін ұжымды қалыптастыру;

6 6) спортшыларды даярлаудың, оқу-жаттығу процесін ғылыми және медико-биологиялық қамтамасыз етудің әдістемесін жетілдіру;

7 7) өскелең ұрпақты спортпен жүйелі шұғылдануға тарту.

2 2. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамы

9 9. Спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер (федерациялар) жылдың басты жарыстарының нәтижелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының құрама командасы мүшелігіне үміткерлер арасында конкурс өткізеді. Конкурс қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізіледі. Міндетті конкурстық талаптар:

1 1) арнайы нормативтерді орындау (жылдың басты жарыстарында көрсетілген спорттық жетістіктер);

2 2) денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсыну (спортшылар үшін спорттық медицина және оңалту орталығының медициналық қорытындысын ұсыну);

3 3) сотты болғандығы немесе болмауы туралы анықтама ұсынуы.

Осы құжаттардың көшірмелері, конкурстық комиссияның отырысының хаттамасы және үміткерлерінің тізімі Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамын бекіту кезінде уәкілетті органға жолданады. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының, құрама командасына үміткерлерді қарастыратын комиссияны құрады және бекітеді.
Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамын бекітетін комиссия бес адамнан тұрады:

1 1) уәкілетті органның екі өкілі;

2 2) спорт түрі (түрлері) бойынша мемлекеттік жаттықтырушы;

3 3) Шататтық ұлттық командалар дирекциясының екі өкілі.

10 10. Спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлері уәкілетті орган шешімімен Қазақстан Республикасы құрама командаларына мүшелігіне үміткер ретінде бекітіледі.

11 11. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамын, спорттың жазғы түрлері бойынша, әр жылдың 31-ші желтоқсанына дейін, қысқы түрлері бойынша, әр жылдың 20 мамырына дейін бекітеді.

12

12. Құрама командалардың мәртебесін және спортшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында негізгі және жастар (резервтік) құрамындағы спортшылар арасынан ұжымға құрама команданың жаңа мүшелерін салтанатты түрде қабылдау 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы құрама команда мүшесінің антын қабылдайды.

13 13. Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі спорттық нәтижелерді төмендеткені, жеке жоспарлар мен белгіленген нормативтерді жүйелі орындамағаны, тыйым салынған препараттарды қолданғаны, шарт талаптарын бұзғандығы үшін команда құрамынан шығарылады.

3 3. Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлау

14 14. Спорт түрінен Қазақстан Республикасының құрама командасын басқаруды бас жаттықтырушы жүзеге асырады және спорт түрінен жаттықтырушылар кеңесі басқарады..

15

15. Бас жаттықтырушы спорт түрлерінен құрама команда мүшелерінің даярлығы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және құрама командаға мүше спортшылардың жарыстарға қатысуының нәтижелеріне үнемі талдау жүргізеді. Даярлықтың нысаналы әрі кешенді бағдарламаларын (бұдан әрі - бағдарлама) іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізеді. Бас жаттықтырушының жұмысы оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға және халықаралық жарыстарға қатысуға, команда құрамындағы тәрбие жұмыстарына және команда құрамында психологиялық ахуал жасауға бағытталған.

16

16. Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының жеке жаттықтырушысы Қазақстан Республикасы құрама командасына орталықтандырылған даярлық үшін уақытша іссапарға жіберілуі мүмкін. Жеке жаттықтырушы Қазақстан Республикасы құрама командасынан тыс жерде спортшының жеке дайындық жоспарын орындағаны үшін жеке өзі жауап береді.

17

17. Спорт дәрігері Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының денсаулығын қадағалайды, жаттықтырушылар құрамына спортшының хал-жайы және ұсынылатын жаттығу жүктемелері жөнінде ұсыныстар береді, медико-биологиялық, қалпына келтіру шаралары мен емдеуді, сондай-ақ спортшыны теңгерімді тамақтандыруды, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өтетін орындардың санитарлық-тазалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

18 18. Қазақстан Республикасы құрама командасының массажшысы спорт дәрігерінің немесе бас дәрігердің әдістемелік басшылығымен жұмыс істейді.

19

19. Қазақстан Республикасы құрама командасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін тартылатын мамандар спортшыларды даярлау жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді, оның функционалдық және техникалық деңгейіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады. Бас жаттықтырушымен, жаттықтырушылар кеңесімен бірлесіп дайындықтың бағдарламаны және жеке жоспарларды әзірлеуге қатысады.

20 20. Қазақстан Республикасы құрама командасына тартылатын басқа да мамандар (қару және кеме шеберлері, механиктер, атбегілер және тағы басқалар) өздерінің лауазымдық нұсқаулықтары мен біліктілік мінездемелеріндегі талаптарға сәйкес жұмыстарды орындайды.

21 Қазақстан Республикасының құрама командасы мүшесінің АНТЫ

21. Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелері болып табылатын спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды ынталандыру мақсатында осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес келісімшарт жасау үшін төлемдердің көлемі бекітіледі.
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
02-02-18/169 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
құрама командаларын жасақтау
мен даярлауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының құрама командасы мүшесінің АНТЫ
Мен, (Т.А.Ә), мені________________________________(спорт түрі)
Қазақстан Республикасының құрама командасына қабылдауды мемлекеттің көрсеткен ерекше сенімі ретінде бағалай және өзімнің жауапкершілігімді сезіне отырып:
- аса жоғары нәтижелерге жету үшін өзімнің жеңіске деген бар күш-жігерімді жұмсай отырып, спорт аренасында біздің Отанымыздың намысын лайықты қорғау үшін спорттық шеберлігімді үнемі жетілдіруге;
- спорт жарыстарында адал күресуге, жарыс ережелерін қатаң сақтауға, допингке қарсы кодексті ұстануға және тыйым салынған заттарды пайдаланбауға;
- спорттағы тәлімгерлердің барлық нұсқаулары мен талаптарын орындауға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына, команда мүшелеріне, бәсекелестерге, төрешілерге, көрермендер мен жанкүйерлерге сыйластықпен қарауға;
- өзімнің барлық қарекетімде спорттық әдеп ережелерін басшылыққа алуға салтанатты түрде ант етемін.
Менің осы антты бұзуым Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі деген жоғары атақпен сыйыспайтындығын ұғынамын.
_______________________________           __________________
Тегі Аты Әкесінің аты                      (күні)
Қазақстан Республикасының
құрама командаларын жасақтау
мен даярлауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларымен келісім-шарт жасау үшін төлемдердің көлемі

Адам­дар­дың са­на­ты және жа­ры­стың ата­уы
Ал­ған орын
Ке­лі­сім-
шар­тта­ғы со­мма
(АҚШ дол­ла­ры)
Ес­керт­пе
1.
Олим­пи­а­да, ой­ын­да­рын­да ме­даль же­ңіп алу­ға дай­ын­дық­ты жү­зе­ге асы­ра­тын үміт­кер спорт­шы­лар
1 орын
7500 дей­ін
Тө­лем­дер Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры ба­стал­ған­ға дей­ін ай сай­ын атал­ған со­мма­дан 50%-ы тө­ле­не­ді, қал­ған 50%-ы Олим­пи­а­да­лық ме­даль­ды же­ңіп алу ке­лі­сім-шар­ты­ның шар­тта­рын орын­да­ған­нан кей­ін тө­ле­не­ді.
2 орын
5500 дей­ін
3 орын
3500 дей­ін
2.
Па­ра­лим­пи­а­да, Сурд­олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­ның чем­пи­он­да­ры мен жүл­де­гер­ле­рі
1 орын
3000 дей­ін
Тө­лем­дер Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры ба­стал­ған­ға дей­ін ай сай­ын атал­ған со­мма­дан 50%-ы тө­ле­не­ді, қал­ған 50%-ы Олим­пи­а­да­лық ме­даль­ды же­ңіп алу ке­лі­сім-шар­ты­ның шар­тта­рын орын­да­ған­нан кей­ін тө­ле­не­ді.
2 орын
2000 дей­ін
3 орын
1500 дей­ін
3.
Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­ның чем­пи­он­да­ры мен жүл­де­гер­ле­рі
1 орын
4000 дей­ін
Тө­лем­дер спорт­шы ке­лі­сім шар­тқа сәй­кес спорт­тық дай­ын­дық­ты жал­ға­стыр­ған жағ­дай­да ке­ле­сі Әлем чем­пи­о­на­ты­на дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­тын бо­ла­ды.
2 орын
3000 дей­ін
3 орын
2000 дей­ін
4.
Па­ра­лим­пи­а­да, Сурд­олим­пи­а­да чем­пи­он­да­ры мен жүл­де­гер­ле­рі
1 орын
3000 дей­ін
Тө­лем­дер спорт­шы ке­лі­сім шар­тқа сәй­кес спорт­тық дай­ын­дық­ты жал­ға­стыр­ған жағ­дай­да Олим­пи­а­да, Па­ра­лим­пи­а­да, Сурд­олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­нан кей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­тын бо­ла­ды.
2 орын
2000 дей­ін
3 орын
1500 дей­ін
5.
Олим­пи­а­да­лық спорт түр­ле­рі бой­ын­ша әлем чем­пи­о­на­ты­ның чем­пи­он­да­ры мен жүл­де­гер­ле­рі
1 орын
2 орын
3 орын
4000 дей­ін
3000 дей­ін
2000 дей­ін
Тө­лем­дер спорт­шы ке­лі­сім шар­тқа сәй­кес спорт­тық дай­ын­дық­ты жал­ға­стыр­ған жағ­дай­да ке­ле­сі әлем чем­пи­о­на­ты­на дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
6.
Азия ой­ын­да­ры­ның (жа­бық ғи­ма­рат­тар­да­ғы Азия ой­ын­да­рын, Жа­сө­спі­рім­дер Азия ой­ын­да­рын, Па­ра­лим­пи­а­да, Сурд­олим­пи­а­да ой­ын­да­рын, Азия ой­ын­да­рын қо­с­па­ған­да)
1 орын
2 орын
3 орын
1000 дей­ін
700 дей­ін
400 дей­ін
Тө­лем­дер спорт­шы ке­лі­сім шар­тқа сәй­кес спорт­тық дай­ын­дық­ты жал­ға­стыр­ған жағ­дай­да ке­ле­сі Азия ой­ын­да­ры­на дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Қазақстан Республикасының спорт түрінен құрама командаларының жаттықтырушыларымен және мамандарымен келісім-шарт жасау үшін төлемдердің көлемі

Адам­дар­дың са­на­ты және жа­ры­стың ата­уы
Ал­ған орын
Ке­лі­сім-
шар­тта­ғы со­мма
(АҚШ дол­ла­ры)
Ес­керт­пе
1
Олим­пи­а­да, ой­ын­да­рын­да ме­даль же­ңіп алу­ға үміт­кер спорт­шы­лар­ды да­яр­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын бас жат­тық­ты­ру­шы­лар
4000 дей­ін
2
Па­ра­лим­пи­а­да, Сурд­олим­пи­а­да ой­ын­да­рын­да ме­даль же­ңіп алу­ға үміт­кер спорт­шы­лар­ды да­яр­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын же­ке жат­тық­ты­ру­шы­лар
2000 дей­ін
3
Олим­пи­а­да, ой­ын­да­рын­да ме­даль же­ңіп алу­ға үміт­кер спорт­шы­лар­ды да­яр­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жат­тық­ты­ру­шы­лар
4000 дей­ін
Тө­лем­дер Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры ба­стал­ған­ға дей­ін ай сай­ын атал­ған со­мма­дан 50%-ы тө­ле­не­ді, қал­ған 50%-ы Олим­пи­а­да­лық ме­даль­ды же­ңіп алу ке­лі­сім-шар­ты­ның шар­тта­рын орын­да­ған­нан кей­ін тө­ле­не­ді.
4
Па­ра­лим­пи­а­да, Сурд­олим­пи­а­да ой­ын­да­рын­да ме­даль же­ңіп алу­ға үміт­кер спорт­шы­лар­ды да­яр­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жат­тық­ты­ру­шы­лар
2000 дей­ін
Тө­лем­дер Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры ба­стал­ған­ға дей­ін ай сай­ын атал­ған со­мма­дан 50%-ы тө­ле­не­ді, қал­ған 50%-ы Олим­пи­а­да­лық ме­даль­ды же­ңіп алу ке­лі­сім-шар­ты­ның шар­тта­рын орын­да­ған­нан кей­ін тө­ле­не­ді.
5
Олим­пи­а­да ой­ын­да­рын­да ме­даль же­ңіп алу­ға үміт­кер спорт­шы­лар­ды да­яр­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жат­тық­ты­ру­шы ке­ңес­ші­лер
10000 дей­ін
6
Спорт­шы­ла­ры Олим­пи­а­да, Па­ра­лим­пи­а­да, Сурд­олим­пи­а­да ой­ын­да­рын­да, олим­пи­а­да­лық спорт түр­ле­рі бой­ын­ша әлем чем­пи­о­нат­та­рын­да ме­даль же­ңіп алу­ға үміт­кер ко­ман­да­лар­дың дә­рі­гер­ле­рі, мас­са­ж­шы­ла­ры
1500 дей­ін
7
Олим­пи­а­да, Па­ра­лим­пи­а­да және Сурд­олим­пи­а­да ой­ын­да­ры­ның, оли­пи­а­да­лық спорт түр­ле­рі бой­ын­ша әлем чем­пи­о­нат­та­ры­ның чем­пи­он­да­ры мен жүл­де­гер­ле­рі бар ко­ман­да­лар­дың сер­вис­ме­ні, пси­хо­ло­гы, ме­ха­ни­гі және бас­қа да ма­ман­да­ры
2000 дей­ін
8
Ке­шен­ді ғы­лы­ми топ­тың мү­ше­ле­рі
1500 дей­ін

Қолданыстағы