Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Күшін жойған
Қаулы
·№ 125
·
18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 08.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2016 60621_226527.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NI000136
- ЭКБ идентификаторы
- 60621
- Редакция идентификаторы
- 60621_226527
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:39
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жангелдин ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдансын;
2) мүгедектерді квота есебінен жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
_____________________ Л. Зейнекина