Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Қаулы · № 1017 · қабылданған 23.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60625/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 1017 ·23.08.2011
25.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 1017 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Атауы (қаз.)
Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1017
Қабылданған күні
23.08.2011
Көрсетілген редакция
25.06.2012 AI60625_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VD000152
ЭКБ идентификаторы
60625
Редакция идентификаторы
AI60625_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:44

0 Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, 29 бабының 6, 7 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 11 бабы 1 тармағына, 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар ата-аналарға көмек көрсету мақсатында Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеудің қоса берілген Нұсқаулығы бекітілсін (әрі қарай – Нұсқаулық).

2 2. Нұсқаулыққа сәйкес «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (О.И. Ильинская) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.

3

3. Әкімдіктің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 1985 «Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылдың 23 ақпанында № 5-4-24 тіркелген, 2006 жылдың 5 мамырындағы № 18 «Вечерка» газетінде жарияланған).

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары С.В. Кагармановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу нұсқаулығы

Риддер қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 1017 қаулысымен бекітілді
Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға
материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу
нұсқаулығы
Бұл нұсқаулық «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16 бабына, 29 бабының 6, 7 тармақтарына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 11 бабы 1 тармағына, 13 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1 1. Материалдық қамтамасыз етуді тағайындау

1

1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау, ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің өтінішімен мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органымен («Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) жүргізіледі.

2 2. Өтінішке Шығыс Қазақстан облысы білім Басқармасының Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясымен берілетін, мүгедек баланы үйде оқыту немесе тәрбиелеу қажеттілігі туралы анықтама қоса ұсынылады.

3 3. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету Ведомствоаралық психологиялық-медициналық -педагогикалық комиссияның анықтамасында көрсетілген мерзімге және осы көмекті тағайындау туралы өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.

4

4. Материалдық көмекті тағайындау мен төлеуді қайта жаңартуға немесе тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар болғанда (баланың қайтыс болуы, интернат үйіне жіберу, басқа тұрғылықты жерге көшу) көмекті тағайындау және төлеу тоқтатылады немесе тиісті жағдай болған айдан кейінгі айдан бастап қайта жаңартылады.

5 5. Материалдық қамтамасыз етуді алушылар, көмек алу құқығына әсер ететін барлық өзгерістер туралы уәкілетті органдарға хабарлайды.

Материалдық көмек алушылар болған өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, артық алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қайтарылады.

6 6. Материалдық көмек тағайындау туралы барлық қажетті құжаттармен өтініш, оның түскен күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде тиісті уәкілетті органмен қарастырылады.

7 7. Материалдық көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, шағымдану тәртібі және бас тарту себебі көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін, тиісті уәкілетті орган өтініш берушіге барлық құжаттарды қайтарады.

8 8. Уәкілетті органның шешіміне қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымдануға болады.

9 9. Материалдық көмек тағайындау туралы барлық қажетті құжаттармен өтініш, сонымен қатар уәкілетті органның мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау туралы шешімі алушының жеке ісінде сақталады.

10 10. Материалдық қамтамасыз ету мөлшері 10000 (он мың) теңгені құрайды.

2 2. Материалдық қамтамасыз етуді төлеу және қаржыландыру

11 11. Мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу, алушылардың шотына аудару жолымен, екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асырылады.

12 12. Материалдық көмекті төлеу ағымдағы айға жүргізіледі.

Қолданыстағы