О некоторых вопросах акционерного общества "Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина"
- Атауы (қаз.)
- "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1109
- Қабылданған күні
- 29.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 60654_592365.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001109
- ЭКБ идентификаторы
- 60654
- Редакция идентификаторы
- 60654_592365
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:32
0 "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берсін;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 1109 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 205-16-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-9-жолмен толықтырылсын:
«222-33-9. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті».
2
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Акционерлік қоғамдар» деген 2-бөлімдегі 66-3-жол алынып тасталсын.