О наименовании и переименовании улиц и составных частей города Жанаозен
Қолданыста
Қаулы
№ 523
19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наименовании и переименовании улиц и составных частей города Жанаозен
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қаласының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 523
- Қабылданған күні
- 26.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2016 60724_Some(105064).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11MB000174
- ЭКБ идентификаторы
- 60724
- Редакция идентификаторы
- 60724_Some(105064)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:42
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Жаңаөзен қаласының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 5)- тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қоса берілген схемалық картаға сәйкес орналасқан Жаңаөзен қаласының көшелері мен құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
1) шағынаудан – «Рауан»;
2) Бұрғышылар Аллеясы;
3) Бітім Қыдырбаев;
4) Ноқат Дербісов;
5) Жайлаубай Тлеуов.
2. «Қазақстанның 50 жылдығы» көшесі «Рахмет Өтесінов» көшесі болып атауы өзгертілсін.
3. Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне (Б.Бәлиұлы) қаланың жаңадан ашылған көшелері мен құрамдас бөліктерінің атауларын орнатып қою тапсырылсын.
4. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Е.Өтеев) және Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасарына (С.Сейдалиев) жүктелсін.