Құжат мәтініне өту

Об утверждении типовой системы управления рисками, которая применяется при планировании и проведении внешнего государственного финансового контроля

Қаулы · № 3-НП · қабылданған 31.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60750/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении типовой системы управления рисками, которая применяется при планировании и проведении внешнего государственного финансового контроля Күшін жойған Қаулы ·№ 3-НП ·31.08.2011
28.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении типовой системы управления рисками, которая применяется при планировании и проведении внешнего государственного финансового контроля

Күшін жойған Қаулы ·№ 3-НП · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении типовой системы управления рисками, которая применяется при планировании и проведении внешнего государственного финансового контроля
Атауы (қаз.)
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-НП
Қабылданған күні
31.08.2011
Көрсетілген редакция
28.11.2015 AI60750_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007205
ЭКБ идентификаторы
60750
Редакция идентификаторы
AI60750_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:42

0 Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 145-бабының 4-3-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесі бекiтiлсiн.

2 2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң аппарат басшысы Е.Қ.Сыздықов бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы нормативтік қаулының мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3 Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесi

3. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2011 жылғы 31 тамыздағы № 3-НП
нормативтік қаулысымен бекітілген
Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесi

1 1. Негiзгi ережелер

1 1. Осы сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесi (бұдан әрi – Үлгi жүйе) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 145-бабының 4-3-тармағына сәйкес әзiрлендi.

2 2. Үлгi ереженiң негiзгi мақсаты бақылаумен барынша қамту мақсатында тәуекелi жоғары, сондай-ақ тәуекелге неғұрлым бейiм бақылау объектiлерiн анықтау болып табылады.

2 2. Негiзгi ұғымдар

3 3. Үлгi жүйенi пайдалану кезiнде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:

1 1) бақылау объектiлері – бюджет процесiне қатысушылар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

2

2) бақылау объектiсiн таңдау – дайындық кезеңi, оның барысында бақылау объектiсiнiң қызметiнiң нәтижесi, туындайтын тәуекелдер мен кездесетін проблемалар туралы ақпаратты жинауға, талдауға және бағалауға негiзделетін бақылау iс-шараларының бүкiл процесiн жоспарлап, жүргiзу үшiн қажеттi алғышарттар жасалады;

3 3) өлшемдер – көрсеткiштер тiзбесi, солардың негiзiнде бақылау объектiсiн белгiлi бiр тәуекел тобына жатқызу туралы шешiм қабылданады;

4

4) тәуекел – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын сақтамаудың, бақылау объектiсiне оқиғаның немесе iс-қимылдың тигiзетiн жағымсыз әсерiнiң ықтималдылығы, ол қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының ұрлануына (ысырап болуына) әкелiп, мемлекетке экономикалық зиян шектiруi мүмкiн, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында қарастырылған көрсеткіштерін және нысаналы индикаторларын қол жеткізбеуі немесе тиімсіз орындауы мүмкiн;

5 5) тәуекел тобы – осы үлгі жүйемен белгiленген параметрлер мен көрсеткiштерге сәйкес алынған өлшемдер бойынша бақылау объектiлерiн шартты түрде топтастыру;

6 6) тәуекелдердi басқару – тәуекелдердi сәйкестендiру мен талдауға және тәуекел оқиғаларының туындаған оң салдарларын барынша арттырып, терiс салдарларын барынша азайтуды қамтитын шешiмдердi қабылдауға байланысты процестер;

7 7) тәуекелдердi басқару жүйесi – бақылау iс-шараларын тиiмдi жоспарлауды және жүргiзудi қамтамасыз ететiн, ресурстарды таңдап, оларды бақылау қызметiнiң ең басым бағыттарына оңтайлы бөлу принциптерiне негiзделген әкiмшiлiк ету жүйесi;

8 8) тәуекелдi талдау – тәуекел дәрежесін бағалаудың процесiн оңтайландыру мақсатында бақылау объектiсi қызметiнiң қандай да бiр саласына тәуекелдiң тигiзетiн ең үлкен әсерiн анықтау үшiн жүргiзiлетiн іс-қимыл;

9 9) тәуекелдiң дәрежесін бағалау – тәуекелдiң параметрлерiн сипаттайтын барлық тәуекел жағдайларын заттай-бұйымдық және құн бойынша талдау.

4 4. Тәуекелдердi басқару процесi:

1 1) тәуекелдерге бағалау жүргiзу үшiн деректер базасын бақылау объектiлерiнен және басқа да ресми көздерден алынған қаржылық, бюджеттiк, бухгалтерлiк есептiлiктен қажеттi ақпаратты жинау жолымен жасау;

2 2) тәуекелдердi сәйкестендiру тәуекелдердi маңыздылық дәрежесi (жоғары, орташа, ең төмен) бойынша орналастыруға негізделген;

3 3) тәуекелдiң жиынтық көрсеткiшiн есептеу;

4 4) тәуекелдi бағалау нәтижелерiн алу, яғни – бақылау объектiлерi, тәуекелдердiң маңыздылық дәрежесi мен тобы бөлiнiсiнде шығу нысандарын қалыптастыру;

5 5) тәуекелдерге мониторинг жүргiзу және оларды бақылау – бақылау объектiлерiнiң тәуекелдерiн барынша азайту жөнiндегi іс-қимылдарын кейiннен талдап, тиiмдiлiгiн бағалау үшiн серпінмен бақылау объектiлерiн тәуекел топтары бойынша есепке алу;

6 6) тәуекелдердi басқаруды жоспарлау кезеңдерін қамтиды.

5 5. Үлгi жүйе бақылау - талдау iс-шараларының жоспарын жасау, бақылау жүргiзу, бақылау объектiлерiн талдау және бағалау кезiнде пайдаланылады.

6 6. Үлгi жүйенi сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары (бұдан әрi – бақылау органдары) жүктелген функциялары мен өкiлеттiктерiне сәйкес бюджеттiң барлық деңгейiнде пайдаланады:

республикалық деңгейде – Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi (бұдан әрi – Есеп комитетi);
жергiлiктi деңгейде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрi – тексеру комиссиялары).

7 7. Осы үлгi жүйеде регламенттелмеген мәселелер Есеп комитетiмен келiсе отырып, тексеру комиссияларымен шешіледі.

3 3. Тәуекелдерді бағалау мен сәйкестендiру үшін деректер базасын жасау

8 8. Тәуекелдерге бағалау жүргiзу үшiн деректер базасын жасау көрсеткiштердi талдау барысында жүзеге асырылады, олардың негiзiнде тәуекелдердi бағалаудың өлшемдерi жасалады.

9

9. Талдау жүргiзу процесiнде бақылау объектiсiн тиiстi тәуекел тобына жатқызатын тәуекелге неғұрлым бейiм, сондай-ақ орнықты және тәуекелге бейiмі аз көрсеткiштер анықталады. Бұл ретте тәуекелдерге сәйкестендiрудi жүргiзу үшiн өлшемдер тiзбесi анықталады, сондай-ақ олардың сипаттамаларына құжаттама жүргiзiледi.

10 10. Тәуекелдердi сәйкестендiру үш кезеңде жүргiзiледi:

1 1) бастапқы кезеңде тәуекелдердi сәйкестендiру үшін қажеттi сандық және сапалық өлшемдер, үлестер, пайыздағы серпiн түрiндегi шамалар мен деректердi есептеу бойынша есептiк операциялар жүргiзiледi;

2 2) екiншi кезеңде талдау iс-шаралары және тәуекелдердiң өлшемдерi бойынша шамалар мен деректердi салыстырып тексеру жүзеге асырылады;

3 3) үшiншi кезеңде тәуекелдердi сәйкестендiру және бақылау объектiлерiн тәуекел топтары бойынша бөлу жүргiзiледi.

11 11. Тәуекелдердi сәйкестендiру кезiнде мыналар жүргiзiледi:

1 1) тәуекелдердi сапалық тұрғыдан бағалау, яғни – әрбiр өлшем үшiн оларға сапалы бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін мәндер диапазонын белгiлеу, белгiлi бiр өлшем бойынша алынған көрсеткiштерге сүйене отырып бақылау объектiсi тәуекел тобының бiрiне жатқызылады;

2 2) тәуекелдердi сандық тұрғыдан бағалау, яғни – өлшемдердi мәндерiнiң қосындысына қарай салыстыру, осының негiзiнде бақылау объектiсi қандай да бiр тәуекел тобына жатқызылады.

12 12. Бақылау объектiлерiн тәуекел тобы iшiнде саралау ол жатқызылған топтың мәндер қосындысына байланысты жүзеге асырылады. Жоғары дәрежелі тәуекел тобында сол топта ең көп мәндер қосындысын жинаған объект бiрiншi орынға қойылады.

13 13. Тәуекелдердi сәйкестендiрудiң барлық кезеңдерiндегi процесiне жалпы басшылық бақылау органының басшысымен жүзеге асырылады.

14 14. Бақылау iс-шараларын жоспарлау және жүргiзу үшiн бақылау объектiлерiн тәуекел топтарына жатқызу бойынша өлшемдер тiзбесi олардың ашықтығы, қолжетiмдiлiгi және сандық өлшемдiлiгi негiзiнде анықталады.

4 4. Тәуекелдiң жиынтық көрсеткiшiн есептеу мен тәуекелді бағалау қорытындысын алу

15 15. Әрбiр өлшем үшiн мәндер диапазоны белгiленген. Белгiлi бiр өлшем бойынша мәнге сүйене отырып, көрсеткiш үш тәуекел тобының бiрiне жатқызылады:

1 1) жоғары дәрежелі тәуекел тобы;

2 2) орта дәрежелi тәуекел тобы;

3 3) ең төмен дәрежелі тәуекел тобы.

16

16. Жеке өлшем үшiн белгiленген мәндер диапазондарына сүйене отырып, бақылау объектiсiнiң көрсеткiшi мәнiнiң қай тәуекел тобына жататындығына қарай көрсеткiшке сол тәуекел тобының мәнi берiледi. Мәндерi жоғары дәрежелі тәуекел тобына жататын көрсеткiштерге – 3 балл, орта дәрежелi тәуекел тобындағыларға – 2 балл және ең төмен дәрежелі тәуекел тобындағыларға - 1 балл берiледi.

17 17. Бақылау объектiсi бойынша тәуекелдiң жиынтық көрсеткiшiн есептеу әрбір топтың бөлінісінде әрбір бақылау объектісі бойынша әрбір өлшемнің тәуекел топтары мәндерін қосу жолымен жүргiзiледi.

18 18. Бақылау объектілерінің тәуекел дәрежесін анықтау мақсатында бақылау объектісінің пайыздық тәуекел үлесі айқындалады (тәуекелдердің алынған қосынды мәндері тәуекелдің ықтималы жоғары мәндерімен салыстырылады).

19 19. Бақылау объектiсi, егер оның тәуекел үлесі 70-тен 100%-ға дейiнгi аралықта болса, жоғары дәрежелі тәуекел тобына; тәуекел үлесі 50-ден 70%-ға дейiнгi аралықта болса, орта дәрежелi тәуекел тобына және тәуекел үлесі 50%-дан төмен болса, ең төмен дәрежелі тәуекел тобына жатқызылады.

Осы есептеулердi қолданудың қорытындысы бойынша барлық бақылау объектiлерi 3 тәуекел тобына: жоғары дәрежелі тәуекел тобына, орта дәрежелi тәуекел тобына және ең төмен дәрежелі тәуекел тобына жіктеледі.

5 5. Тәуекелдер мониторингі мен бақылауы

20

20. Өлшемдер бойынша көрсеткiштердi нақтылай отырып, бақылау объектiлерi бөлiнiсiндегi белгiлi бiр тәуекел топтарына бақылау объектiлерiн жатқызу жөнiндегi есептеулердiң нәтижелерi бақылау органының мүшелерiне және бақылау органының бақылау қызметiн жоспарлауға қатысатын құрылымдық бөлiмшелерге жоспарлау кезеңi басталғанға дейiн 1 ай бұрын тапсырылады.

21

21. Бақылау органының мүшелерi және бақылау органының қызметiн жоспарлауға қатысатын құрылымдық бөлiмшелер қолдағы ресурстарды және қосымша ақпаратты ескере отырып, тәуекелдердi бағалаудың негiзiнде бақылау объектiлерiн тәуекел топтарына жатқызу жөнiндегi деректердi алған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн ішінде бақылау органының тиісті кезеңге арналған жұмыс жоспарына енгiзу жөнiндегi ұсыныстарын бақылау органының бақылау қызметiн жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiне жiбередi.

22

22. Бақылау органының мүшелерiмен және бақылау қызметiн жоспарлауға қатысатын құрылымдық бөлiмшелермен келiсiлген бақылау органының тиісті кезеңге арналған жұмыс жоспарының жобасы бақылау органының басшысына бақылау органының жұмыс жоспарына енгiзу жөнiндегi ұсыныстар алынған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн ішінде кейiн табыс етiледi.

23

23. Бақылау iс-шараларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдердi бағалау мемлекеттiк қаржылық бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру және бақылау органының шектеулi ресурстарын оңтайлы бөлу мақсатында бақылаудың бастапқы кезеңiнде, сондай-ақ қажет болған жағдайда бақылау жүргiзудiң кез келген сатысында жүргiзiледi.

6 6. Тәуекелдердi басқаруды жоспарлау

24 24. Тәуекелдердi басқаруды жоспарлау тәуекелдердi төмендету және қаржылық тәртiптi арттыру мақсатында бақылау органының бақылау-талдау iс-шараларын жоспарлау және жүргiзу бойынша шешiмдер қабылдауы арқылы жүзеге асырылады.

25 25. Бақылау органы бақылаудың қорытындысы бойынша бақылау объектiлерi бойынша ұсынымдар дайындайды, оларды iске асыру тәуекелдi төмендетуге және қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етедi.

26

26. Осы үлгi жүйедегi барлық объектiлер алты блокқа бөлiнедi. Бiрiншi блокқа – стратегиялық жоспарын әзірлейтін мемлекеттiк органдар, екiншi блокқа – стратегиялық жоспарын әзірлемейтін мемлекеттiк органдар, үшінші және төртінші блоктарға – кіріс бөлігі бойынша (салық органдары және салық органдарын қоспағанда) мемлекеттік органдар, бесінші блокқа – бағдарламалық құжаттарды (мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламаларды) және алтыншы блоққа - квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi жатқызылған. Бағдарламалық құжаттарды (мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламаларды) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі тәуекелдерді бағалаудың өлшемдері тек қана Есеп комитетімен анықталады.

27 27. Блоктардың бақылау объектiлерiнде тәуекелдердi келесі өлшемдер негiзiнде анықтау:

Үлгі жүйесіне 1-қосымшаға сәйкес стратегиялық жоспарларды әзірлейтін мемлекеттік органдарын тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
Үлгі жүйесіне 2-қосымшаға сәйкес стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдарын тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
Үлгі жүйесіне 3-қосымшаға сәйкес республикалық/жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (салық органдары) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
Үлгі жүйесіне 4-қосымшаға сәйкес республикалық/ жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (салық органдарын қоспағанда) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
Үлгі жүйесіне 5-қосымшаға сәйкес бағдарламалық құжаттарды (мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламаларды) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
Үлгі жүйесіне 6-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiн тәуекел топтарына жатқызу жөнiндегi.

28

28. Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының қаулылары мен қорытындыларының деректері және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінен түскен ақпарат негізінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының соңғы екі жыл ішіндегі бақылау іс-шараларымен мемлекеттік органдардың қамтылу толықтығына бюджеттік бағдарламаларды талдау жүргізіледі, атап айтқанда:
Үлгі жүйесіне 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының екі жыл ішіндегі тақырыптық бақылау іс-шараларымен қамтудың толықтығын талдау (әрбір мемлекеттік орган бөлінісінде);
Үлгі жүйесіне 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының екі жыл ішіндегі тақырыптық бақылау іс-шараларымен мемлекеттік органдарды қамтуының толықтығын талдау (барлық мемлекеттік органдар бойынша жиынтық).

29 29. Бақылау органдары қажетіне қарай әлдеқайда дәл нәтижелер алу мақсатында блоктар мен өлшемдердің санын, сондай-ақ өлшемдердің мәндері диапазондарын өзгертеді.

30 Стратегиялық жоспарын әзірлейтін мемлекеттiк органдарын тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ

30. Бақылау органдары бақылау объектiлерiнiң тәуекелдерiн бағалаудың нәтижелерiн бақылау iс-шараларын жоспарлау және жүргiзу кезiнде, сондай-ақ бақылау органының қызмет бағыттары бойынша талдамалық, ақпараттық және өзге де құжаттарды дайындау барысында пайдаланады.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды
жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесіне
1-қосымша
Стратегиялық жоспарын әзірлейтін мемлекеттiк органдарын тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ
Р/с

Көр­сет­кi­ш­тер ата­уы
Тәу­е­кел топ­та­ры
жо­ға­ры дә­ре­же­лі
ор­та­ша дә­ре­желi
ең тө­мен дә­ре­желi
1
Стра­те­ги­я­лық жос­пар­дың орын­да­у­шы­сы
жо­ға­ры дә­ре­же­лі
ор­та­ша дә­ре­же­лі
ең тө­мен дә­ре­же­лі
2
Қол жет­кі­зіл­ме­ген ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар­дың олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі, %-бен
> 4
2-3
< 1
3
Нәти­же­нің қол жет­кі­зіл­ме­ген көр­сет­кіш­те­рі­нің олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі, %-бен
> 4
2-3
< 1
4
Орын­дал­ма­ған іс-ша­ра­лар­дың олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі, %-бен
> 4
2-3
< 1
5
Мем­ле­кет­тік ор­ган­мен іс­ке асы­ры­лып жа­тқан бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың са­ны
> 20
10-20
< 10
6
Жал­пы са­ны­на шақ­қан­да ба­стап­қы­да бе­кі­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық жос­пар­да көз­дел­ген бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың қол жет­кіз­бе­ген ті­ке­лей нәти­же­нің көр­сет­кіш­те­рі­нің үле­сі, %-бен
> 7
6-5
< 5
7
Жал­пы са­ны­на шақ­қан­да ба­стап­қы­да бе­кі­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық жос­пар­да көз­дел­ген бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың қол жет­кіз­бе­ген түп­кі­лік­ті нәти­же­нің көр­сет­кіш­те­рі­нің үле­сі, %-бен
> 7
6-5
< 5
8
Стра­те­ги­я­лық жос­пар­ға ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­дың жи­і­лі­гі
> 5
5
< 5
9
Мем­ле­кет­тiк ме­ке­менi қар­жы­лан­ды­ру­дың жыл­дық кө­ле­мi, млн. тен­ге*
10
Есеп­ті ке­зең­де бюд­жет­тің жал­пы кө­ле­міне шақ­қан­да да­му бюд­же­ті­нің үле­сі, %-бен
> 30
25-30
< 15
11
Соң­ғы екі жыл­да бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­міне шақ­қан­да та­қы­рып­тық ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның үле­сі, %-бен
< 30
30-60
> 60
12
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мiнiң өсуi/тө­мен­де­уi, %-бен
>/= 15
>/= 10
>/=/<0
13
Уақ­ты­лы іс­ке асы­рыл­ма­ған бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі
> 10
7-8
< 5
14
Осы мем­ле­кет­тік ор­ган­мен іс­ке асы­рып отыр­ған бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың са­ны
</= 96
</= 99
</= 100
15
Тиiстi ке­зең­нiң шы­ғы­стар кө­ле­мiне шақ­қан­да­ғы бұ­рын­ғы ба­қы­ла­у­мен анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың ауқы­мы, %-бен
> 5
2-5
< 2
16
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да де­би­тор­лық бе­ре­шек кө­ле­мiнiң өсуi/тө­мен­де­уi, %-бен
>/= 10
>/= 5
>/= 0
17
Қыз­мет­кер­лер­дiң жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы кадр­лар­дың тұ­рақ­та­мау­шы­лы­ғы, %-бен
>/= 30
>/=10
>/=/<0
18
Соң­ғы жүр­гiзiл­ген ке­шен­ді тек­се­рудiң күнi, жы­лы
>/= 10
>/= 5
>/= 0
19
Ба­қы­лау ор­га­ны­ның ұсы­ным­да­рын орын­дау, %-бен
>/= 3
>/= 2
>/=/<1
20
</= 60
</= 80
</= 100
* бұл өлшем бойынша, осы облыстың, ауданның бюджет қаражаты көлеміне сүйене отырып, тексеру комиссиялары өз бетінше екі мәнді: біреуін – облыстық деңгей үшін, екіншісін – аудандық деңгей үшін айқындайды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды
жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесіне
2-қосымша
Стратегиялық жоспарын әзірлейтін мемлекеттiк органдарын тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ
Р/с

Көр­сет­кi­ш­тер ата­уы
Тәу­е­кел топ­та­ры
жо­ға­ры дә­ре­же­лі
ор­та­ша дә­ре­же­лі
ең тө­мен дә­ре­же­лі
1
Мем­ле­кет­тiк ме­ке­менi қар­жы­лан­ды­ру­дың жыл­дық кө­ле­мi*
2
Есеп­ті ке­зең­де бюд­жет­тің жал­пы кө­ле­міне шақ­қан­да да­му бюд­же­ті­нің үле­сі, %-бен
> 30
25-30
< 15
3
Соң­ғы екі жыл­да бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­міне шақ­қан­да та­қы­рып­тық ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның үле­сі, %-бен
< 30
30-60
> 60
4
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мiнiң өсуi/тө­мен­де­уi, %-бен
>/= 15
>/= 10
>/=/<0
5
Уақ­ты­лы іс­ке асы­рыл­ма­ған бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі
> 10
7-8
< 5
6
Ке­зең­нiң со­ңын­да бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның игерiлуi, %-бен
</= 96
</= 99
</= 100
7
Осы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің іс­ке асы­рып отыр­ған бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың са­ны
> 5
2-5
< 2
8
Тиiстi ке­зең­нiң шы­ғы­стар кө­ле­мiне шақ­қан­да­ғы бұ­рын­ғы ба­қы­ла­у­мен анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың ауқы­мы, %-бен
>/= 10
>/= 5
>/= 0
9
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да де­би­тор­лық бе­ре­шек кө­ле­мiнiң өсуi/тө­мен­де­уi, %-бен
>/= 30
>/=10
>/=/<0
10
Қыз­мет­кер­лер­дiң жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы кадр­лар­дың тұ­рақ­та­мау­шы­лы­ғы, %-бен
>/= 10
>/= 5
>/= 0
11
Соң­ғы жүр­гiзiл­ген ке­шен­ді тек­се­рудiң күнi, жы­лы
>/= 3
>/= 2
>/=/<1
12
Ба­қы­лау ор­га­ны­ның ұсы­ным­да­рын орын­дау, %-бен
</= 60
</= 80
</= 100
Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне
3-қосымша
Республикалық/ жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (салық органдары) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ
Р/с

Көр­сет­кіш­тер ата­уы
Тәу­е­кел топ­та­ры
жо­ға­ры дә­ре­же­лі
ор­та­ша дә­ре­же­лі
ең тө­мен дә­ре­же­лі
1.
Жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке кі­рі­стер бой­ын­ша тү­сім­дер жос­па­ры­ның орын­дал­мауы, көз­дер са­ны
>/= 4
>=2
>/=0
2.
Тү­сім­дер­дің жал­пы са­ны­на шақ­қан­да жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке бе­ре­шек­тің үле­сі, %
> 10
5-10
<5
3.
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке бе­ре­шек­тің өсуі, %
</= 15
</= 10
</=0
4.
Бұ­рын­ғы жыл­дың осын­дай ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке кі­рі­стер бой­ын­ша тү­сім­дер­дің тө­мен­де­уі, көз­дер са­ны
>/= 2
>/= 1
>/=0
5.
Есеп­ті ке­зең­де жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке түс­кен са­лық­тық және са­лық­тық емес тү­сім­дер­дің кө­ле­мі, млн. тең­ге
>/= 500
>/= 300
>/=/<100
6.
Есеп­ті ке­зең­де жер­гі­лік­ті бюд­жет­тің орын­да­луы, %
</= 120
</=115
>/= 110
7.
Бұ­рын­ғы есеп­ті ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да тү­сім­дер өсі­мі­нің қар­қы­ны, %
</= 107
</=115
>/=125
8.
Бұ­рын­ғы есеп­ті ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да бе­ре­сі өсі­мі­нің қар­қы­ны, %
>/=100
>/=50
>/=/<0
9.
Бұ­рын­ғы есеп­ті ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да ар­тық тө­лем­дер өсі­мі­нің қар­қы­ны, %
>/=100
>/=50
>/=/<0
10.
Са­лық­тық тек­се­ру­лер­дің ак­ті­ле­рі бой­ын­ша қо­сым­ша есеп­тел­ген со­ма­лар­ды өн­ді­ріп алу­дың пай­ы­зы, %
</=90
</=95
</=100
11.
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның соң­ғы тек­се­ру­і­нің кү­ні, жы­лы
>/=2
>/=1
бір жыл­дан кем
12.
Анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы, млн. тең­ге
>/= 1,0
>/=0,5
>/= 0
13.
Ба­қы­лау ор­га­ны­ның ұсы­ным­да­рын орын­дау, %-бен
</=90
</=95
</=100
Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне
4-қосымша
Республикалық/ жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (салық органдарын қоспағанда) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ
Р/с

Көр­сет­кіш­тер ата­уы
Тәу­е­кел топ­та­ры
жо­ға­ры дә­ре­же­лі
ор­та­ша дә­ре­же­лі
ең тө­мен дә­ре­же­лі
1
Жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке бе­ре­шек,
млн. тең­ге *
2
Қыз­мет­кер­лер­дiң жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы кадр­лар­дың тұ­рақ­та­мау­шы­лы­ғы, %-бен
>/= 10
>/= 5
>/= 0
3
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның соң­ғы тек­се­ру­і­нің кү­ні, жы­лы
>/=2
>/=1
бір жыл­дан кем
4
Анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы, млн. тең­ге
>/= 1,0
>/=0,5
>/= 0
5
Ба­қы­лау ор­га­ны­ның ұсы­ным­да­рын орын­дау, %-бен
</=90
</=95
</=100
* осы өлшем бойынша тексеру комиссиялары өз бетінше екі шаманы: біреуін – облыстық деңгей үшін, екіншісін – аудандық деңгей үшін айқындайды.
Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне
5-қосымша
Бағдарламалық құжаттарды (мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламаларды) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ
Р/с

Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
Тәу­е­кел топ­та­ры
Көр­сет­кіш­тер­дің си­патта­ма­сы
жо­ға­ры дә­ре­же­лі
ор­та­ша дә­ре­же­лі
ең тө­мен дә­ре­же­лі
1
Қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі, млрд. тең­ге *
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы Ми­ни­стр­лі­гі есеп­те­рі­нің нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер­ден ақ­па­рат
2
Бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат­тың негіз­гі орын­да­у­шы­сы
жо­ға­ры дә­ре­же­лі­ден
ор­та­ша дә­ре­же­лі
ең тө­мен дә­ре­же­лі
Бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат пас­пор­ты­нан ақ­па­рат
3
Бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды орын­дау мақ­са­тын­да іс­ке асы­ры­ла­тын бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың са­ны
> 20
10-20
< 10
Қар­жы Ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты
4
Бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды орын­дау мақ­са­тын­да іс­ке асы­ры­ла­тын бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар са­ны
> 20
10-20
< 10
Қар­жы Ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты
5
Уақ­ты­лы іс­ке асы­рыл­ма­ған бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі
> 10
5-10
< 5
Қар­жы Ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты
6
Қол жет­кі­зіл­ме­ген ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар­дың олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі
> 10
5-10
< 5
Жыл қо­ры­тындысы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік және олар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша әзір­лен­ген са­ла­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың іс­ке асы­ры­луы ту­ра­лы есеп­тер­ден Эко­но­ми­ка­лық да­му және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты
7
Қол жет­кі­зіл­ме­ген көр­сет­кіш нәти­же­ле­рі­нің олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі
> 10
5-10
< 5
Жыл қо­ры­тындысы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік және олар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша әзір­лен­ген са­ла­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың іс­ке асы­ры­луы ту­ра­лы есеп­тер­ден Эко­но­ми­ка­лық да­му және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты
8
Орын­дал­ма­ған іс-ша­ра­лар­дың олар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да­ғы үле­сі
> 10
5-10
< 5
Жыл қо­ры­тындысы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік және олар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша әзір­лен­ген са­ла­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың іс­ке асы­ры­луы ту­ра­лы есеп­тер­ден Эко­но­ми­ка­лық да­му және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты
9
Бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асы­ру­ға тар­ты­л­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың са­ны
> 10
5-10
<5
Жыл қо­ры­тындысы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік және олар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша әзір­лен­ген са­ла­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың іс­ке асы­ры­луы ту­ра­лы есеп­тер­ден Эко­но­ми­ка­лық да­му және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты
10
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі (рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру үле­сі)
> 60
20-60
<20
Жыл қо­ры­тындысы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік және олар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша әзір­лен­ген са­ла­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың іс­ке асы­ры­луы ту­ра­лы есеп­тер­ден Эко­но­ми­ка­лық да­му және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты
11
Бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат шең­бе­рін­де іс­ке асы­ры­ла­тын іс-ша­ра­лар са­ны
> 30
15-30
< 15
Жыл қо­ры­тындысы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік және олар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша әзір­лен­ген са­ла­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың іс­ке асы­ры­луы ту­ра­лы есеп­тер­ден Эко­но­ми­ка­лық да­му және са­уда ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты
* осы блок теқ қана Есеп комитетімен пайданалады.
** осы өлшем бойынша Есеп комитеті өз бетінше айқындайды.
Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне
6-қосымша
Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiн тәуекел топтарына атқызу жөнiндегi ӨЛШЕМДЕР ТIЗБЕСI
Р/с

Көр­сет­кіш­тер ата­уы
Тәу­е­кел топ­та­ры
жо­ға­ры дә­ре­же­лі
ор­та­ша дә­ре­же­лі
ең тө­мен дә­ре­же­лі
1.
Мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен бө­лін­ген қа­ра­жат­тың кө­ле­мі*
2.
Жар­ғы­лық ка­пи­тал мөл­ше­рі­нің өсуі/тө­мен­де­уі, %-бен
>/= 15
</= -15
>/= 10
</= -10
>/= 0
</= 0
3.
Ен­ші­лес және қа­уым­да­сты­ры­л­ған ұй­ым­дар­дың бар-жо­ғы, бір­лік
>/=5
>/=2
>/=0
4.
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да та­быст­ың өсуі/тө­мен­де­уі, %-бен
</= 0
</=10
> 10
5.
Шы­ғы­стар­дың жал­пы кө­ле­міне шақ­қан­да әкім­ші­лік шы­ғы­стар­дың үле­сі, %-бен
>/=30
>/= 20
>/=/<10
6.
Та­быстан тө­лен­ген ди­ви­денд­тер­дің кө­ле­мі, %-бен
>/= 0
</= 10
>/= 10
>/= 50
7.
Соң­ғы тек­се­ру­дің жүр­гі­зі­л­ген кү­ні, жы­лы
>/= 3
>/= 2
>/=/<1
8.
Ба­қы­лау ор­га­ны­ның ұсы­ным­да­рын орын­дау, %-бен
</= 60
</= 80
</= 100
* осы өлшем бойынша тексеру комиссиялары өз бетінше екі шаманы: біреуін – облыстық деңгей үшін, екіншісін – аудандық деңгей үшін айқындайды.
Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне
7-қосымша
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының екі жыл ішіндегі тақырыптық бақылау іс-шараларымен қамтудың толықтығын талдау (әрбір мемлекеттік орган бөлінісінде)
мың теңге
Б/б

Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың ата­уы
20хх жы­лы
20хх жы­лы
001
002
003
004
005
006

соң­ғы екі жыл­да бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­мі
ба­қы­лау ор­га­ны­ның ба­қы­ла­у­ы­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі
Қорытындыдан бюджеттік бағдарламаның №:
Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне
8-қосымша
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының екі жыл ішіндегі тақырыптық бақылау іс-шараларымен мемлекеттік органдарды қамтуының толықтығын талдау (барлық мемлекеттік органдар бойынша жиынтық)
мың теңге
Р/с

Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Соң­ғы екі жыл­да бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­тын ба­қы­ла­у­мен қам­ту­дың %-ы
20XX-20XX жыл­да­ры бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­тын ба­қы­ла­у­мен қам­ту
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның екі жыл­да­ғы бюд­же­ті
20XX жы­л­ғы бюд­же­ті
20XX жы­л­ғы бюд­же­ті
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
..

Қолданыстағы