Об утверждении Инструкции об отраслевой системе поощрения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции об отраслевой системе поощрения
- Атауы (қаз.)
- Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 175-ОД
- Қабылданған күні
- 25.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2017 60754_261205.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007217
- ЭКБ идентификаторы
- 60754
- Редакция идентификаторы
- 60754_261205
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:43
0 Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 20 маусымындағы Жер кодексінің 14-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы аталған бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге бағыттасын.
3
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезия, картография және геодезиялық бақылау, Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменттері осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгенінен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары Б.Ә.Нақыпбековке жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан бір күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық
2011 жылғы 25 тамыздағы № 175-ОД
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі Төрағасының м.а.
Бұйрығымен бекітілді
Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер ресурстарын басқару бойынша орталық уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган), жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жер қатынастары саласының жұмысшыларын (бұдан әрі – жер қатынастары саласының қызметкерлері) марапаттау рәсімін реттейді.
2 2. Марапаттаулар жер қатынастары саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
3 3. Жер қатынастары саласының қызметкерлерін марапаттау мақсатында марапаттаудың келесі түрлері бекітіледі:
1 1) Осы нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісі;
2 2) Осы нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес «Құрметті геодезист» төс белгісі;
3 3) Осы нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес «Құрметті картограф» төс белгісі;
4 4) «Үздік жерге орналастырушы» Құрмет дипломы;
5 5) «Үздік геодезист» Құрмет дипломы;
6 6) «Үздік картограф» Құрмет дипломы.
2 2. Төс белгімен мараппатау шарттары
4 4. «Құрметті жерге орналастырушы:» төс белгісімен жерге орналастыру саласын дамытуға ерекше үлес қосқан жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады:
1 1) елдің жерге орналастыру саласындағы көп жылдық еңбегі және саланың дамуына қосқан жеке үлесі үшін;
2 2) жерге орналастыру қызметін жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін;
3 3) жерге орналастыру қызметінде инновациялық технологияларды енгізгені үшін.
5 5. «Құрметті геодезист» төс белгісімен геодезия саласын дамытуға ерекше үлес қосқан жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады:
1 1) елдің геодезия саласындағы көп жылдық еңбегі және саланың дамуына қосқан жеке үлесі үшін;
2 2) гоедезия қызметін жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін;
3 3) геодезия қызметінде инновациялық технологияларды енгізгені үшін.
6 6. «Құрметті картограф» төс белгісімен карторафия саласын дамытуға ерекше үлес қосқан жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады:
1 1) елдің картография саласындағы көп жылдық еңбегі және саланың дамуына қосқан жеке үлесі үшін;
2 2) картография қызметін жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін;
3 3) картография қызметінде инновациялық технологияларды енгізгені үшін.
7 7. Төс белгілерімен жер қатынастары жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады.
8 8. Төске тағатын белгі марапатталған тұлғаларға осы ережелерге 2 қосымшада көрсетілген сипаттамаға сәйкес куәлік беріледі.
9 9. Омырау белгі «Құрметті жерге орналастырушы» кеуденің оң жағында мемлекеттік наградалардан бөлек төмен тағылады.
10 10. Төске тағатын белгімен қайтадан марапатталмайды.
3 3. Құрмет дипломдарымен марапаттау шарттары
11 11. «Үздік жерге орналастырушы» құрмет дипломымен жер қатынастары саласындағы мінсіз еңбегі үшін, қызметтік міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін жерге орналастыру саласының қызметкерлері марапатталады.
12 12. «Үздік геодезист» құрмет дипломымен жер қатынастары саласындағы мінсіз еңбегі үшін, қызметтік міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін геодезия саласының қызметкерлері марапатталады.
13 13. «Үздік картограф» құрмет дипломымен жер қатынастары саласындағы мінсіз еңбегі үшін, қызметтік міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін картография саласының қызметкерлері марапатталады.
14 14. Құрмет дипломдарымен осы салада кемінде үш жыл еңбек өтілі бар жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады.
15 15. Құрмет дипломымен марапатталуға бір тұлға қайталап ұсыныла алмайды.
4 4. Наградалық материалдарды ұсыну және қарау тәртібі
16 16. Жер қатынастары саласында қызметкерлерді көтермелеу үшін уәкілетті органның төрағасына келесі құжаттар ұсынылады:
1 1) осы Нұсқаманың 3-қосымшаға сәйкес наградтау парағы;
2 2) негіздеме - жер қатынастары бойынша нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жер қатынастары саласында жетістіктері мен табыстары жазылуы тиіс.
17 17. Негіздеме уәкілетті органның Төраға орынбасарымен, кандидатураны ұсынған мемелекеттік кәсіпорынның басшысымен, жергілікті атқарушы органның басшысымен қол кою тиіс.
18 18. Осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көрсетілген құжаттар Уәкілетті органға кемінде жартыжылда бір рет ағымдағы жылдың 1 сәуіріне және 1 тамызға дейін бағытталуы тиіс.
19 19. Нұсқаудың 16-тармағында көрсетілген құжаттар құзыреті органның комиссиясының отырысында қаралады. Комиссия уәкілетті органның өкілдерінен, мемелекеттік кәсіпорынның және жергілікті атқарушы органның өкілдерінен құралады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді.
20 20. Награданы беру хаттамасы негізінде уәкілетті органның жауапты хатшымен наградтау парағына қол қояды.
21 21. Хаттама, негіздеме наградтау парағы және оған тіркелетін құжаттар құзыретті органның төрағасына қарауына беріледі.
22 22. Уәкілетті органның бірінші басшысының көтермелеу туралы шешімі бұйрық нысанда рәсімделеді. Уәкілетті орган төрағасының бұйрығы көтермелеудің, Нұсқаманың 3-тармағында көрсетілген наградтау белгісімен және құрмет дипломды алуға негіздеме болып табылады.
5 5. Қорытынды ережелер
23 23. Төс белгісін және Құрмет дипломдарын табыстау, Нұсқаманың 3-тармағында көрсетілген құзыретті орган төрағасымен немесе құзыреттігі берілген тұлғамен жүргізіледі.
24 24. Жер қатынастары саласында қызметкерлерді көтермелеу Кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.
25
25. Жер қатынастары саласындағы көтермелеуді есепке уәкілетті органның төс белгісін және құрмет дипломдарын беру туралы журналын жүргізу кадр қызметі жүзеге асырады. Төс белгісін және құрмет дипломдарын беру туралы журналында міндетті түрде марапаттаушының аты тегі, көтермелеу туралы бұйрығының реквизиттері, алғаны туралы қолы және құжаттардың алған күннің күні жазылады.
1 Төс белгісінің сипаттамасы
Көтермелеудің слалық жүйесі
бойынша Нұсқаманың
1-қосымшасы
Төс белгісінің сипаттамасы
«Жер орналыстырушы ісінің үздігі» немесе «Геодезист ісінің үздігі» немесе «Картография ісінің үздігі» төс белгісінің арасы сары түсті шығыршықпен қосылған түйреуіш пен колодка түрінде жасалған.
Планкасы көгілдір түсті муарлы лентасы бар, сары түсті металл (латунь) түрінде болады.
Алқа сары түсті металдан (латунь) жасалған диаметрі 3 см дөңгелек, фон матированный нысанда болады.
Алқаның ортасында күннің жарықтары - Қазақстан Республикасы тууының символикасының фрагменті орналасады. Фон блестящий, буквы и изображения выступающие, матированные.
Медальдің жиегінде алтын түспен: «Жер орналыстырушы ісінің үздігі» немесе «Геодезист ісінің үздігі» немесе «Картография ісінің үздігі» жазулары. Фон матированный, буквы выступающие и блестящие.
2 Төс белгісі куәлігінің сипаттамасы
Көтермелеудің слалаық жүйесі
бойынша Нұсқаманың
2-қосымшасы
Төс белгісі куәлігінің сипаттамасы
Куәлік көк түсті қатты қаптамамен қапталған екі беттен тұрады.
Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаның суреті бейнеленеді.
Сол жақ бетінің ішкі жағында төс белгінің суреті, астында мынадай мазмұндағы жазу бар:
«____________________
тегі, фамилия
________________________
аты, имя
_____________________».
әкесінің аты, отчество
Оң жақ бетінің ішкі жағында мынадай жазулар болады:
«куәлік №______,
удостоверение №_____»;
Төс белгісімен марапатталғаны туралы осы куәлік берілді.
Настоящее удостоверение выдано в том, что он (она) награжден (а)
нагрудным знаком___________________.
Төраға _____________________________
Председатель (тегі, аты-жөні, қолы)
(фамилия, инициалы, подпись)
«___»____________ ______жыл
года
Ескертпе: марапатталатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.
3 Қазақстан Республикасы
Көтермелеудің салалық жүйесі
бойынша Нұсқаманың
3-қосымшасы
нысан
Қазақстан Республикасы
_______________________
Берілген жері
МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
1 1. Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________
2 2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны __________________________________
(Ұйымның нақты атауын көрсету керек)
3 3. Жынысы___________ 4. Туған жылы мен туған жері_________________
5 5. Білімі ________________________________________________________
6 6. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі__________________________________
7 7. Үйінің мекенжайы_______________________________________________
8 8. Жалпы жұмыс стажы _____________________________________________
9 9. Саладағы жұмыс стажы __________________________________________
10 10. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс стажы _____________________________
11 11. Марапатталушының айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген мінездеме ________________________________________________________
12 12. Кандидатура талқыланды және ұсынылды _________________________
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы, талқыланған күні, хаттаманың №)
Представляется к присвоению ___________________________________
(наименование вида поощрения)
____________________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
_______ жылғы «___» ___________
(толтырылған күн)
Мөрдің орны