Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков субъектов в области охраны окружающей среды, воспроизводства и использования природных ресурсов (за исключением субъектов частного предпринимательства)

Бұйрық · № 228-ө · қабылданған 25.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60769/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков субъектов в области охраны окружающей среды, воспроизводства и использования природных ресурсов (за исключением субъектов частного предпринимательства) Күшін жойған Бұйрық ·№ 228-ө ·25.08.2011
25.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков субъектов в области охраны окружающей среды, воспроизводства и использования природных ресурсов (за исключением субъектов частного предпринимательства)

Күшін жойған Бұйрық ·№ 228-ө · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков субъектов в области охраны окружающей среды, воспроизводства и использования природных ресурсов (за исключением субъектов частного предпринимательства)
Атауы (қаз.)
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
228-ө
Қабылданған күні
25.08.2011
Көрсетілген редакция
25.12.2015 AI60769_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007202
ЭКБ идентификаторы
60769
Редакция идентификаторы
AI60769_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:43

0 Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13 бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 38) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Д.К.Мұқанова):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң оны ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары осы бұйрық талаптарын зерделеуді және орындауды ұйымдастырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің м.а. 2011 жылғы
26 қыркүйектегі № 7212
бұйрығымен бекітілді
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1

1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау үшін әзірленді және табиғат пайдаланушының тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, табиғат пайдаланушыларды әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.

2 2. Осы өлшемдерде қолданылатын ұғым, яғни экологиялық тәуекел - қоршаған ортаға зардаптың ауыртпалығы есебінен шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде қоршаған орта және (немесе) табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгерістерге ұшырау ықтималдығы;

3 3. Табиғат пайдаланушылардың өлшемі объективті және субъективті болып бөлінеді:

1 1) объективті - табиғат пайдаланушы қызметін жүзеге асыру кезінде мүмкін болатын тәуекел маңыздылығына негізделген;

2 2) субъективті - табиғат пайдаланушымен белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілуіне тәуелді анықталады.

4 4. Табиғат пайдаланушыларды тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне бастапқы жатқызуы тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемі негізінде жүзеге асырылады.

Объективті өлшем «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-ІII кодексіне сәйкес белгіленген табиғат пайдаланушының санаты болып табылады:
І-ІІ санаттар - тәуекел дәрежесі жоғары объектілер
ІІІ санат - тәуекел дәрежесі орташа объектілер
ІV санат - тәуекел дәрежесі төмен объектілер.

5 5. Табиғат пайдаланушыларды тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне кейінгі жатқызуы субъективті өлшемдер бойынша жүзеге асырылады. Бұл үшін табиғат пайдаланушыны тексеру қорытындылары бойынша өлшемдерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемдер бойынша бағалау жүзеге асырылады.

6 6. Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша, жиналған-баллды ескере отырып, табиғат пайдаланушылар тиісті тәуекел тобына жатқызылады.

7 7. Тәуекел дәрежесін бағалау жалпы балы бойынша I—III санаттардағы табиғат пайдаланушылар 20 баллға дейін - тәуекел дәрежесі төмен топқа, 20-дан 50 баллға дейін - тәуекел дәрежесі орташа топқа, 50 және одан да көп балл - тәуекел дәрежесі жоғары топқа жатқызылады.

8 8. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) жоғары залал келтірілсе немесе экологиялық заңнаманың бұзылуына 5 және одан да көп жол берсе, тәуекел дәрежесі орташа топқа енгізіледі.

9 9. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 АЕК кем залал келтірілсе не (немесе) экологиялық заңнаманың бұзылуына 5-тен аз жол берсе, тәуекел дәрежесі төмен топқа енгізіледі.

10

10. Бір топ ішіндегі табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау ең көп рұқсат етілген эмиссия көлеміне сүйене отырып жүзеге асырылады. Рұқсат етілген эмиссия көлемі ретінде экологиялық рұқсаттармен белгіленген жылына/тонна өлшем бірлігіндегі шығарындының, төгіндінің, қалдықтың рұқсат етілген мөлшерлерінің сомасы қабылданады.

11 11. Тексеру жоспарына енгізу өндірістік циклдің мынадай ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады:

1 1) жыл бойы өндірістік қызметті жүзеге асыратын, бірақ жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортаға барынша әсер ететін табиғат пайдаланушылар олардың барынша әсер ету кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.

2 І-ІІІ санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемдері

2) өндірістік қызметті белгіленген жыл маусымдарында жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар олардың өндірістік қызмет кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи
ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласында
субъектілердің (жеке кәсіпкерлік
субъектілерінен басқа) тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша
І-ІІІ санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемдері

Өл­шем­дер
балл
1
Қа­ра­жат­ты иге­ру жө­нін­де­гі та­би­ғат қор­ғау іс-ша­ра­ла­ры­ның жос­пар­ла­рын орын­дау
50% дей­ін
20
50-75%
15
75-99%
5
2
Зи­ян­ды заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры мен тө­гін­ді­ле­рі­нің өн­ді­рі­стік эко­ло­ги­я­лық ба­қы­ла­у­ын жүр­гі­зу
жыл сай­ын
20
тоқ­сан сай­ын
15
ай сай­ын
10
ап­та сай­ын
5
күн сай­ын
0
3
Ин­спек­ци­я­мен негіз­сіз деп та­ны­л­ған өті­ніш­тер­ді қо­с­па­ған­да өті­ніш бе­ру­ге се­беп болған оқи­ға
1 оқи­ға үшін 10 балл
4
Эко­ло­ги­я­лық заң­на­ма­ның бұ­зу­шы­лық­та­ры­на жол бе­ру
1 бұ­зу­шы­лық үшін 5 балл
5
Қор­ша­ған ор­та­ға за­лал кел­ті­ру
за­лал 300 АЕК* жо­ға­ры
30
за­лал құ­ны 300 АЕК* тө­мен
15
6
Қор­ша­ған ор­та­ға ла­ста­у­шы заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры мен тө­гін­ді­ле­рі­нің және өн­ді­ріс және тұ­ты­ну қал­дық­та­рын ор­на­ла­сты­ру кө­лем­де­рін асы­ру
3 % жо­ға­ры
30
3 % дей­ін
15
7
Бір эко­ло­ги­я­лық заң­на­ма­ның бұ­зы­луы­на жол бе­ру
соң­ғы 3 жыл­да 3 рет қай­та­лан­ған бұ­зу­шы­лық­та­ры
30
соң­ғы 3 жыл­да 2 рет қай­та­лан­ған бұ­зу­шы­лық­та­ры
15
8
Эко­ло­ги­я­лық рұқ­сат­тың жоқ бо­луы
30
* АЕК - айлық есептік көрсеткіш.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи
ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласында
субъектілердің (жеке кәсіпкерлік
субъектілерінен басқа) тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
2-қосымша
IV санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемдері
Өл­шем­дер
Эко­ло­ги­я­лық заң­на­ма­ның бұ­зы­луы­на жол бе­ру
Қор­ша­ған ор­та­ға за­лал кел­ті­ру 300 АЕК* жо­ға­ры неме­се 5 және одан көп бұ­зу­шы­лық жа­са­са
5-тен аз бұ­зу­шы­лық жа­са­са неме­се қор­ша­ған ор­та­ға за­лал кел­ті­ру 300 АЕК* тө­мен
*АЕК - айлық есептік көрсеткіш.

Қолданыстағы