Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения регистрации ветеринарных специалистов, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии

Бұйрық · № 08-3/534 · қабылданған 22.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60771/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения регистрации ветеринарных специалистов, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии Күшін жойған Бұйрық ·№ 08-3/534 ·22.09.2011
17.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения регистрации ветеринарных специалистов, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии

Күшін жойған Бұйрық ·№ 08-3/534 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения регистрации ветеринарных специалистов, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии
Атауы (қаз.)
Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
08-3/534
Қабылданған күні
22.09.2011
Көрсетілген редакция
17.07.2014 AI60771_4.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007206
ЭКБ идентификаторы
60771
Редакция идентификаторы
AI60771_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:35

0 Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8 бабы 46) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қосымша берілген Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 08-3/534 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелері

1 1. Негізгі ережелер

1

1. Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы» Заңымен белгіленген қызметті қоспағанда, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 46)-тармақшасына сәйкес ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарына тіркеу жүргізу тәртібін, айқындайды.

2 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мамандар – ветеринария мамандығы бойынша жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі бар тұлғалар;

2 2) тізілім – ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мамандар туралы мәліметті және олардың тіркеу нөмірін қамтитын ЖАО бөлімшелерінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Тізілім).

3 3. Ветеринария мамандарын тіркеу республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерімен (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) ақысыз мерзімсіз негізде жүргізіледі.

2 2. Тіркеу жүргізу тәртібі

4 4. Тiркеуге ветеринария саласындағы ветеринариялық мамандармен жүзеге асырылатын келесi кәсiпкерлiк қызмет түрлерi кiредi:

1 1) ветеринариялық емдеу-профилактикалау;

2 2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы атрибуттардың бұйымдарын өткізу;

3 3) дезинфекция, дезинсекция, деразитация, дегельминтизация, жүргізу.

5 5. Тіркелген мамандар туралы мәлімет ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын мамандар Тізіліміне осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда енгізіледі.

6 6. Тізілім:

1 1) маманның тіркеу нөмірін, күнін (реттік нөмір);

2 2) маманның аты-жөнін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);

3 3) Алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2013 № 16-07/145 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4 4) ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын орнын;

5 5) көрсетілетін қызмет түрлерін;

6 6) мамандардың білімі туралы мәліметтерді қамтиды.

7 7. Тіркеу рәсімі:

осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және тексеруді;
Тізілімге жазба енгізуді;
маманды енгізілгені/енгізілмегені туралы хабардар етуді қамтиды.

8 8. Тіркеу осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маманның тікелей немесе пошта (электрондық) арқылы ұсынған өтінішінің негізінде жүргізіледі, мынадай құжаттарды қосып:

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
маманның білімі туралы дипломның көшірмелері.
Нотариалды расталмаған құжаттардың көшірмелері түпнұсқасын көрсетіп ұсынылады.

9 9. Маманға немесе оның өкіліне құжаттарды дербес ұсынғанда қабылдау және орындау күні көрсетілген осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес талон беріледі.

10 10. ЖАО бөлімшесі, өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күннен кешікпей, тіркеуді жүзеге асырады және маманға Тізілімге енгізілгені /енгізілмегені туралы хабарлама жолдайды.

Тіркелген мамандар туралы мәліметті жоғары тұрған ЖАО бөлімшесіне және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

11 11. Маман ЖАО бөлімшесін:

бес күнтізбелік күннің ішінде - осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өзгерген жағдайда;
үш күнтізбелік күннің ішінде - басқа аумақта ветеринариялық қызметпен айналысар алдында хабардар етеді.

12 12. Маманды Тізілімнен алып тастау үшін мыналар негіз болып табылады:

маманның кәсіпкер ретінде ветеринариялық қызметті тоқтату туралы өтініші;
маманның кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы соттың шешімі.

30 Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi iске асыратын мамандар тiзiлiмi

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын ветеринария мамандарын
тіркеу жүргізу қағидасына 1-қосымша
Нысан
Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi iске асыратын мамандар тiзiлiмi
Рет­тiк №, күнi (тiр­кеу нө­мiрi)
Ма­ман­ның аты-жөнi, ЖСН
Ве­те­ри­на­ри­я­лық қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ра­тын ор­ны
Көр­сетiлетiн қыз­мет түр­лерi
Ма­ман­ның бiлi­мi ту­ра­лы мәлi­мет
1
2
3
4
5

31 ӨТIНIШ

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын ветеринария мамандарын
тіркеу жүргізу қағидасына 2-қосымша
Нысан
ЖАО ___________________________________________________
______________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке басын
куәләндыратын құжаттың нөмiрi, ЖСН)
мекен-жайы: ________________
___________________________________________
ӨТIНIШ
Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын ветеринария маманы ретiнде тiркеудi өтiнемiн.
Қызмет түрлерi:________________________________________________
Келесi құжаттарды қоса берiп отырмын:
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi:___________________
бiлiм туралы дипломның көшiрмесi:______________________________
Жалған мәлiмет және дұрыс емес құжаттарды ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм. Мен ұсынған мәлiметтерi мен құжаттардың тексерiлуiне қарсы емеспiн.
Қызмет жүзеге асырылатын орын:________________________________
____________________ 20___ жыл
______________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
Қосымша: ______ парақта. Құжаттар қабылданды________ 20 __ жыл
____________________________________
(құжат қабылдаған тұлғаның қолы)
Өтiнiш берушiнiң тiркеу № _____________________
-----------------------------------------------
(жырту сызығы)
ТАЛОН
Өтiнiш берушiнiң тiркеу № ____________________________________
Азаматтың өтiнiшi және құжаттары _____________________________
Қабылдадым ____________ 20 ___ жыл ________________________
(қолы) (қолдың талдауы)
Құжаттар саны _______________ дана _________ парақ.
Орындалу мерзiмi __________________________ 20 ___ жыл

Қолданыстағы