Об утверждении форм заявки и анкеты для регистрации в качестве участника специальной экономической зоны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении форм заявки и анкеты для регистрации в качестве участника специальной экономической зоны
- Атауы (қаз.)
- Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 335
- Қабылданған күні
- 21.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI60772_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007214
- ЭКБ идентификаторы
- 60772
- Редакция идентификаторы
- AI60772_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:35
0 Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатусышысы ретінде тіркеуге арналған өтінім нысаны;
2 2) осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатусышысы ретінде тіркеуге арналған сауалнама нысаны бекітілсін.
2
2. «Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асырауға жiберу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2007 жылғы 15 қазандағы № 302 бұйрықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4986 болып тіркелді, 2007 жылғы 28 желтоқсанда № 197 (1226) «Заң газеті» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж.Серіков) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П.Рауға жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
8 Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім ________________________________ ______________________________ (заңды тұлғаның атауы) (арнайы экономикалық аймақтың атауы)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің 2011 жылғы
21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына
1 қосымша
Нысан
Кімге:____________________________
(АЭА басқару органының атауы)
Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім ________________________________ ______________________________ (заңды тұлғаның атауы) (арнайы экономикалық аймақтың атауы)
арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде тіркеуді сұраймыз.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асыруға жоспарланған инвестициялық жоба туралы ақпарат:
қызмет түрі: ______________________________________________;
шығарылған өнім және/немесе көрсетілетін қызмет атауы: ______;
жобаның жалпы құны, теңге: __________________________________;
меншікті капитал көлемі, теңге: ______________________________;
несиелік қаражат көлемі, теңге: ______________________________;
тұрақты жұмыс орын саны, адам: _________________________;
қосымша ақпарат: _____________________________________
Бірінші басшының аты-жөні: _______________________
Қолы: _______________________
М.О.
20__ жылғы «___»__________
9 Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркеуге арналған сауалнама
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің 2011 жылғы
21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына
2 қосымша
Нысан
Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркеуге арналған сауалнама
1. Жалпы мәлiметтер:
Заңды тұлғаның толық атауы
Құрылтайшылар туралы мәліметтер (атау, тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қатысу бөлігі)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні
Бизнес теңестірілген нөмірі
2. Мекенжайы:
Өңір (ел, облыс, аудан)
Елді мекен
Көше
Үй №
Индекс
e-mail
Телефон
Факс
3. Банктiк деректемелерi:
Қызмет көрсетуші банк
Есеп шот №
Бірінші басшы (Тегі Аты Әкесінің аты)
Байланушы тұлға (Тегі Аты Әкесінің аты), телефоны
4. Арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жоба туралы ақпарат:
Сала
Кіші сала
Өнім түрі
Қызмет түрi
Жылдық айналым, теңге
Тұрақты жұмыс орын саны, адам
Қосымша ақпарат
5. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабының 2-тармақшасының талаптарына сәйкес өтініш беруші туралы ақпарат:
Жер қойнауын пайдаланушылар
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар
арнайы салық режимдерін қолданатын ұйымдар
инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар
ойын бизнесін ұйымдастырушылар
Бірінші басшының тегі, аты-жөні әкесінің аты: _______________________
Қолы: _______________________
М.О.
20__ жылғы «___»________