Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности

Бұйрық · № 02-02-18/181 · қабылданған 13.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60774/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-02-18/181 ·13.09.2011
14.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-02-18/181 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о туристской деятельности
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02-02-18/181
Қабылданған күні
13.09.2011
Көрсетілген редакция
14.09.2015 AI60774_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007220
ЭКБ идентификаторы
60774
Редакция идентификаторы
AI60774_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:38

0 Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 11-бабының 20) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтың нысаны бекітілсін.

2

2. «Туристік қызмет (туроператор, турагент) және ойын бизнесі саласындағы тексерулер бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 ақпандағы № 01-01-07/27 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 78 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6118 болып тіркелген және «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 97-98, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 147-149 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.Ғ.Кәкен):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қ.Ғ.Кәкенге жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрінің     Экономикалық даму және сауда
міндетін атқарушы                 министрінің міндетін атқарушы
_______________ Ә. Пірметов       _______________ М. Құсайынов

9 Қазақстан Республикасының Туристік қызмет (туроператор, турагент) туралы заңнамасының сақталуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 13 қыркүйек
№ 02-02-18/181,
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйек
№ 297 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
нысан
Қазақстан Республикасының Туристік қызмет (туроператор, турагент) туралы заңнамасының сақталуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
Уәкілетті орган _____________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы актінің № _________________________________
Құқықтық статистика жөніндегі органның тіркеу № _____________________
Туроператордың, турагенттің атауы ___________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________
БСН, ЖСН (СТН) ______________________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Бар/
жоқ
1
Ту­ро­пе­ра­тор­дың және ту­ра­гент­тің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның бо­луы – ту­ро­пе­ра­тор мен ту­ра­гент үшін
2
Ту­ри­стік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­сал­ған жа­з­ба­ша шар­ты­ның бо­луы – ту­ро­пе­ра­тор мен ту­ра­гент үшін
3
Мен­шік­ті кең­се­сі­нің неме­се кең­се үшін жал­ға ал­ған үй-жай­ы­ның бо­луы – ту­ро­пе­ра­тор мен ту­ра­гент үшін
4
Ту­ри­стік бі­лі­мі бар қыз­мет­кер­дің, со­ның ішін­де гид­тер­дің (гид-аудар­ма­шы­лар­дың), экс­кур­со­вод­тар­тың, ту­ризм нұс­қа­у­шы­ла­ры­ның қыз­ме­тін көр­се­ту­ге ли­цен­зи­я­сы бар ту­ризм нұс­қа­у­шы­ла­ры­ның бар бо­луы – ту­ро­пе­ра­тор үшін
5
Ту­ри­стік бі­лі­мі бар қыз­мет­кер­дің бар бо­луы – ту­ра­гент үшін
6
Ту­ро­пе­ра­тор­мен оның ту­рө­ні­мін іс­ке асы­ру­ға – ту­ра­гент­тік қыз­мет­ке ар­нал­ған шар­ты­ның бо­луы – ту­ра­гент үшін
7
Ту­ри­стік жол­да­ма­ның және ту­ри­стік жады­на­ма­ның бо­луы – ту­ро­пе­ра­тор мен ту­ра­гент үшін
8
Ту­ри­стер­ге қыз­мет көр­се­ту бағ­дар­ла­ма­сы­ның бар бо­луы – ту­ро­пе­ра­тор үшін
9
Мен­шік­ті неме­се жал­ға алын­ған ма­те­ри­ал­дық ба­за­сы­ның және (неме­се) ту­ри­стік өнім­ге кі­ре­тін, же­ке­ле­ген қыз­мет­тер­ді ұсы­на­тын тұ­лға­лар­мен шар­ттар­дың бо­луы – ту­ро­пе­ра­тор үшін
10
Ту­ри­стік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­дың ту­ри­стер­ге уа­қыт­ша бо­ла­тын ел­ге (жер­ге) ба­ру, уа­қыт­ша болған ел­ден (жер­ден) шы­ғу және сон­да бо­лу ере­же­ле­рі ту­ра­лы, заң­на­ма­сы ту­ра­лы, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың салт-дәс­түр­ле­рі ту­ра­лы, ді­ни әдет-ғұр­пы, қа­си­ет­ті орын­да­ры, та­би­ғи, мә­де­ни ес­керт­кіш­те­рі және ту­ри­стер­ге көр­се­ті­ле­тін, ерекше қор­ғауда­ғы бас­қа да объ­ек­ті­лер, қор­ша­ған ор­та­ның жай-күйі ту­ра­лы, сон­дай-ақ са­я­хат жа­са­ған уа­қыт­та тап бо­луы мүм­кін қа­уіп­тер ту­ра­лы қа­жет­ті және дұ­рыс ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­ді уақ­ты­лы бер­ге­ні ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­та­удың бо­луы және ту­ри­стер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ал­дын алу ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­руы – ту­ро­пе­ра­тор мен ту­ра­гент үшін
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:
____________________ _________________ ________________
(лауазымы)             (қолы)       (Т.А.Ә.)
Бақылау субъектісі:
_________________ _________________ ________________
(лауазымы)         (қолы)       (Т.А.Ә.)
Күні: ________________

Қолданыстағы