Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны

Қаулы · № 09-309 · қабылданған 15.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60793/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны Күшін жойған Қаулы ·№ 09-309 ·15.09.2011
10.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны

Күшін жойған Қаулы ·№ 09-309 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
09-309
Қабылданған күні
15.09.2011
Көрсетілген редакция
10.06.2014 AI60793_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11DS000122
ЭКБ идентификаторы
60793
Редакция идентификаторы
AI60793_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:37

0 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөнінде тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне айына бір рет 45 киловатт электр қуатының, сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ балонның құнын, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде нарықтық баға бойынша жылына бір рет 1 тонна көмірдің құнын материалдық көмек ретінде қосымша шаралар белгіленсін.

2 2. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

3

3. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Турсунжан Турдыбакиевке көмек алушының тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелердегі ашылған есеп шотына төлемдерді аудару арқылы төленуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Ұйғыр ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы            Турдыбакиев Турсунжан
15 қыркүйек 2011 жыл
"Ұйғыр аудандық экономика,
бюджеттік жоспарлау және
кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы                                    Исмаилов Мырзалим Муталимович
15 қыркүйек 2011 жыл

Қолданыстағы