Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
- Атауы (қаз.)
- Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 09.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2017 60797_194831.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11MC000125
- ЭКБ идентификаторы
- 60797
- Редакция идентификаторы
- 60797_194831
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:39
0 Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес селолар, селолық округтерде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгіленсін.
2
2. Селолар, селолық округ әкімдеріне селолар, селолық округтерде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды қажетті мөлшерде стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.
3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Бейнеу аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
К.Аймағамбет
09 қыркүйек 2011 жыл
5 Бейнеу ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 111 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Бейнеу селосы - Гимназия, халықтық банк филиалы, орталық
аудандық аурухана ғимараттарының жанында
Боранқұл селосы - орталық базар, емхана ғимаратының жанында
Есет селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Ақжігіт селосы - селолық округ әкімі аппараты ғимаратының
жанында
Сарға селосы - селолық мәдениет үйінің ғимаратының жанында
Тұрыш селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Сыңғырлау селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Сам селосы - селолық почта бөлімшесінің ғимаратының
жанында
Төлеп селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Ноғайты селосы - селолық медициналық пункт ғимаратының
жанында
Тәжен селосы - селолық медициналық пункт ғимаратының
жанында