О применении процедур государственных закупок государственными коммунальными предприятиями
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О применении процедур государственных закупок государственными коммунальными предприятиями
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алулар жосығын қолдануы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 115
- Қабылданған күні
- 23.05.2000
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2000 6082_258043.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00N000279_
- ЭКБ идентификаторы
- 6082
- Редакция идентификаторы
- 6082_258043
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:28
0 Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алулар жосығын қолдануы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі № 966 "Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындауда және бюджет қаражатын жұмсауды оңтайландыру және мемлекеттік кәсіпорындар қызметтеріне бақылау жасауды жақсарту мақсатында ШЕШТIМ:
1. Мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатынаста жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдары (өкілетті органдар) жергілікті бюджеттен ақша қаражатын алатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізгені үшін, 2000 жылғы 1 шілдеден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді меншікті сатып алуларын жүзеге асырғанда, мемлекеттік сатып алулар жосығын қолдануын қамтамасыз етсін.
2. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері 2000 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшін жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат алатын кәсіпорындардың тізімін уақытында жасасын, оларды толықтырып отырсын және Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне (М.Е. Толыбаев) түсірсін.