Об утверждении требований к оформлению концепции создания специальной экономической зоны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении требований к оформлению концепции создания специальной экономической зоны
- Атауы (қаз.)
- Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1190
- Қабылданған күні
- 18.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2015 AI60865_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001190
- ЭКБ идентификаторы
- 60865
- Редакция идентификаторы
- AI60865_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:27
0 Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 13 қазандағы
№ 1190 қаулысымен
бекітілген
Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақты (бұдан әрі - АЭА) құру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде АЭА құруға мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар пайдаланылады.
2
2. АЭА құру тұжырымдамасын ресімдеу мына талаптарға сәйкес болуы тиіс: құру мақсатының мазмұны, орналасқан жері, қызметінің басым түрлері, АЭА-ның әлеуетті қатысушылары туралы ақпарат, тиісті өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және АЭА құрудың экономикаға болжамды әсерін талдау сияқты мәліметтерді қамтиды.
2 2. Тұжырымдаманың құрылымы
3 3. Тұжырымдаманың құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
1 1) кіріспе;
2 2) АЭА-ның географиялық орналасуы;
3 3) АЭА құру мақсаттары мен міндеттері;
4 4) өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және әлемдік экономиканы талдау;
5 5) АЭА қызметінің басым түрлері;
6 6) АЭА-ға әлеуетті қатысушылар;
7 7) АЭА құрудың өңір экономикасына позитивті әсері.
4 4. «Кіріспе» деген бөлімде АЭА-ның атауы мен АЭА құру негіздемесі сипатталады.
5 5. «АЭА-ның географиялық орналасуы» деген бөлімде орналасқан жердің алаңы және 1:20000 және 1:100000 ауқымда АЭА құру жоспарланатын жер учаскелерінің жағдайын сипаттайтын картографиялық схемалар көрініс табады.
6
6. «АЭА құру мақсаттары мен міндеттері» деген бөлімде АЭА-ның географиялық жағдайымен, қолда бар табиғи және еңбек ресурстарымен, шетелдік инвесторлардың ықтимал мүдделерімен және АЭА-ны дамыту үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және географиялық факторлармен байланыстырылған, құрылатын АЭА-ның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.
7 7. «Өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және әлемдік экономиканы талдау» деген бөлімде мыналар көрсетіледі:
АЭА құру болжанған өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері;
инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгендігі, инвестициялық құрамдас бөліктері және АЭА-ның болжамды орналасатын жерін сипаттайтын өзге де көрсеткіштері;
басым қызмет түрлері бойынша өңір саласының ағымдағы жай-күйін талдау;
құрылатын АЭА қызметінің басым түрлерімен байланыстыра отырып, әлемдік экономиканың ағымдағы жай-күйін талдау;
АЭА-ны орналастырудың негізгі алғышарттары мен өңірдің бәсекелестік географиялық және экономикалық артықшылықтары.
8 8. «АЭА қызметінің басым түрлері» деген бөлімде АЭА аумағында жүзеге асырылатын АЭА-ны құру мақсаттарына сай келетін қызметтің негізгі түрлері көрсетіледі.
Бұл бөлімде АЭА аумағындағы осы немесе өзге де қызметті жүзеге асыру орындылығының нақты негіздемелері келтіріледі.
9 9. «АЭА-ның әлеуетті қатысушылары» деген бөлімде АЭА аумағында қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысаны, сондай-ақ меншікті өндірісінің, қызметтің басым түрлері бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы көрсетіледі.
10 10. «АЭА құрудың өңір экономикасына позитивті әсері» деген бөлімде АЭА-ның жұмыс істеуінің болжамды нәтижелері жазылады.
Бұл нәтижелер АЭА құру мақсатына қол жеткізу нәтижелері және АЭА құру болжанған аумақтағы өңірдің ерекшелігі негізге алына отырып, жазылады.