Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления в органы юстиции перечней принятых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, их ведомств, постановлений центральных государственных органов, Центральной избирательной комиссии, решений маслихатов, а также постановлений акиматов и решений акимов за прошедший квартал и их изучения

Бұйрық · № 321 · қабылданған 26.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-60886/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления в органы юстиции перечней принятых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, их ведомств, постановлений центральных государственных органов, Центральной избирательной комиссии, решений маслихатов, а также постановлений акиматов и решений акимов за прошедший квартал и их изучения Күшін жойған Бұйрық ·№ 321 ·26.09.2011
28.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления в органы юстиции перечней принятых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, их ведомств, постановлений центральных государственных органов, Центральной избирательной комиссии, решений маслихатов, а также постановлений акиматов и решений акимов за прошедший квартал и их изучения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 321 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления в органы юстиции перечней принятых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, их ведомств, постановлений центральных государственных органов, Центральной избирательной комиссии, решений маслихатов, а также постановлений акиматов и решений акимов за прошедший квартал и их изучения
Атауы (қаз.)
Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
321
Қабылданған күні
26.09.2011
Көрсетілген редакция
28.09.2016 AI60886_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007231
ЭКБ идентификаторы
60886
Редакция идентификаторы
AI60886_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:34

0

Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы
«Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысының 16-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 321 бұйрығымен
бекітілген
Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесі

1 1. Жалпы ереже

1

1. Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсынудың осы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг жүргізу ережесіне сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже уәкілетті органдардың олар қабылдаған актілерді ұсыну және оларды зерделеу тәртібін белгілейді.

3 3. Осы Ереже мемлекеттік құпияны қамтитын актілерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.

4

4. Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік органдар) тізбесін әділет органдарының зерделеуі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеусіз қолдануға жол бермеу мақсатында жүргізіледі.

2 2. Тізбелерді ұсыну тәртібі

5 5. Уәкілетті органдар Тізбелерді осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай мынадай тәртіппен ұсынады:

орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
жергілікті мемлекеттік органдар – аумақтық әділет органдарына.

3 3. Тізбелерді зерделеу тәртібі

6 6. Әділет органдары Тізбелерді зерделеуді салыстыру нысанында (бұдан әрі – салыстыру) жүргізеді және мынадай кезеңдерді қамтиды:

1 1) уәкілетті органдардан алынған ақпараттарды жинақтау,

қорытындылау және талдау;

2 2) тоқсан сайынғы талдау анықтамаларын жасау.

7 7. Салыстыру кезінде:

1 1) уәкілетті органның негізгі қызметі жөніндегі Бұйрықтарды тіркеу Журналының көшірмесі;

2 2) тоқсан сайын ұсынылған Тізбелерге сәйкес уәкілетті орган қабылдаған актілердің көшірмелері пайдаланылады.

8 8. Уәкілетті органдардың толық және шынайы ақпаратын қамтамасыз ету үшін салыстыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы және аумақтық әділет органының басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

Салыстыру аяқталған соң акті жасалады.
Салыстыру актісінде мынадай мәселелер көрсетілуге жатады:

1 1) уәкілетті органның актілерінің зерделеу үшін уақтылы ұсынылуы;

2 2) уәкілетті органның өткен тоқсанда қабылдаған актілерінің саны;

3 3) уәкілетті органның өткен тоқсанда әділет органында тіркелген нормативтік-құқықтық актілерінің саны;

4 4) уәкілетті орган негізгі қызмет жөніндегі Журналдан енгізілген мәліметтерге сәйкес ұсынылған ақпарат есебінің толықтығы.

Салыстыру актісіне әділет органдарының және уәкілетті органның қызметкерлері қол қояды.
Салыстыру актісі екі данада жасалады, бір дана әділет органдарында қалады, екіншісі уәкілетті органның лауазымды адамына тапсырылады.

4 4. Қорытынды ереже

9

9. Тізбелерді зерделеу барысында әділет органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу ережесiнің 4-тармағының негізінде тиісті актілерді оларды мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу үшін сұратады.

10

10. Әділет органдары бұзушылықтар анықталған жағдайда әділет органдарына «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 457, 462 баптарымен, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 14, және 24 баптарымен ұсынылған өкілеттіктерді ескере отырып, тиісті ықпал ету шараларын қабылдайды.

11 11. Уәкілетті орган осы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін мәселелер анықталған кезде, ол тиісті ұсынысты осы мәселелер құзыретіне жататын уәкілетті органға жібереді.

12 12. Тізбелерді зерделеу нәтижелері туралы қорытынды ақпаратты әділет органдары тоқсан сайын Интернет ресурстарында орналастырады.

32 20___жылғы___тоқсанда ______________________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) қабылдаған актілер тізбесі

Қазақстан Республикасы министрлерінің
және орталық мемлекеттік органдардың,
олардың ведомстволарының өзге де
басшыларының қабылданған бұйрықтарының,
орталық мемлекеттік органдардың,
Орталық сайлау комиссиясының қаулылары,
мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ
әкімдіктердің қаулыларының және
әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет
органдарына ұсыну және оларды зерделеу
ережесіне қосымша
20___жылғы___тоқсанда ______________________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) қабылдаған актілер тізбесі

ак­ті­ні қа­был­дау кү­ні (кү­ні, айы, жы­лы)
ак­ті­нің нө­мі­рі
ак­ті­нің то­лық ата­уы
(негіз­гі ак­ті­ге өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зі­л­ген жағ­дай­да, негіз­гі ак­ті­нің то­лық ата­уы)
ес­кер­ту
мем.тір­ке­у­ге жі­бе­ріл­ме­ген
мем.тір­ке­у­ге жі­бе­рі­л­ген (іле­с­пе хат­тың кү­ні және нө­мі­рі)
тір­кел­ген (мем.тір­кеу кү­ні және нө­мі­рі)
мем.тір­ке­уден бас тар­ты­л­ған (әді­лет ор­ган­да­ры ха­ты­ның кү­ні және нө­мі­рі)
Мем.тір­ке­уден бас тар­ту ал­ған соң қа­был­дан­ған ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
7
8
9

Қолданыстағы